Олег Николаевич Щербаков


Slide 1 Slide 2

Олег Николаевич Щербаков

Slide 3

Олег Николаевич Щербаков 1925 жылы Украин ССР-інің Винница облысында село мұғалімінің отбасында туды.

Ұлы Отан соғысы алдында Одесса қаласында тұрып, оқу оқыды. Мектеп оқушысы Олег 1941 жылы Балқаш қаласына эвакуацияланып, М. Горький атындағы мектептің 9-10 сыныптарында оқыды. Олег жазғы демалыс кездерінде Балқаш мыс заводының байыту цехында слесарь болып істеді. Ол фашистік басқыншыларға қарсы күреске өз үлесін қосқысы келіп, өзін майданға жөнелту жөнінде Балқаш қалалық әскери комиссариатына бірнеше рет өтініш жасады. Бұл мақсаты да орындалды. Олег 10 сыныпта оқып жүргенде 1943 жылы наурызда Армия қатарына шақырылып, Ташкент қаласындағы танк мектебіне жіберілді. Танк мектебін үздік бітірген соң Ленинград қаласына жіберіліп, мұнда жаңа құрылып жатқан 152-ші Ленинград танк бригадасы құрамына кіріп, Карель мойнағында алғаш рет соғысқа араласты.

Олег Николаевич, әсіресе Кеңестік Эстонияны азат етуде ерекше көзге түсті. «Т-34» танкісінің командирі, кіші лейтенат Щербаков Эстонияда болған бүкіл жорық кезінде өзінің бригадасымен әрдайым барлауда болды. Тарту қаласының солтүстігіндегі жаудың бекінісін бұзғаннан кейін Щербаков өзінің танкісімен 1944 жылы 19 қыркүйекте Каривере елді пунктіне келіп, біздің танкілеріміздің жүруіне кедергі келтіріп тұрған екі зеңбіректі жойды. Мұнан кейін Рействере жолының қиылысына шыққанда «Фердинандты» талқан етті.

Slide 4

Расику станциясы ауданында жаудың қалқанын бұзып, шегіне бастаған обозын баса көктеп басып, Кеңестік Эстонияның астанасы - Таллинге қарай екпіндете жүрді. Таллиннің шетіндегі жаудың екі орудиесін жойып, қалаға бірінші болып кірді. Мұнан соң ол Таллин портына барып, жаудың кеткелі жатқан екі транспортын суға батырды. 1944 жылғы 24 қыркүйектегі Ристи станциясы үшін болған ұрыста жаудың екі орудиесін және эшелонды әкетпек болған паровозды талқандады. Сондай-ақ Олег Хапсалу қаласы мен портына бірінші болып кірді.

Эстониядағы соғыс жорығы кезінде кіші лейтенант Щербаков жаудың «Фердинанд» типті екі өздігінен жүретін орудиесін, екі брочстранспортерін, түрлі калиберлі 8 зеңбірегін, 150 солдаты мен офицерін жойып, әскер мен жүк тиелген екі транспортты суға батырды және бір өзі 50 солдат пен офицерді тұтқынға алды.

Эстония территориясында неміс фашистеріне қарсы ұрыстарда үздік соғыс қимылы үшін, көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін кіші лейтенант Олег Николаевич Щербаковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Указы бойынша Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді.

Олегтің өмірі Жеңіс күніне дейін жетпеді, ол 1945 жылы наурызда Германия жерінде қаза тапты. Батыр аз өмір сүрсе де Отанымыздың жоғары наградасын алып үлгеріп, өзінің есімін мәңгі есте қалдырды.

Оның есімі Кеңестік Эстонияның астанасы - Таллинде мәңгі сақталған. Мұнда батырдың ерлігіне арналған мемориалдық тақта қойылған. Қалалық мәслихаттың 2000 жылғы 19-қаңтардағы № 3/31 шешімімен Куйбышев тұйық көшесі - Олег Щербаков атымен аталды.

Slide 5

Асфандьяров

Закир Лутфрахманович

Slide 6

Асфандьяров Закир Лутфрахманович 1918 жылы Башқұрт АССР-інің Красноуюль ауданындағы Утяк селосында туған. Ұлты - татар, КПСС мүшесі. 1939 жылы ол Омбы әскери училищесінің курсанты болды. Одан кейін Қиыр Шығыста әскери қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде артиллерия орудиесінің командирі ретінде алғы шепте болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 1 шілдесіндегі Указы бойынша Закир Лутфрахмановичқа Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.

Орудие расчетының командирі 3. А. Асфандьяров өзінің жаумен алғаш шайқасуын Мәскеу үшін шайқаста Тихвин қаласы түбінде бастады. Жауға Курск түбінде Днепрде соққы беріп, Винница мен Львов қалаларын жаудан босатты және Висла мен Одерден өтіп, соғысты Берлинде аяқтады.

Сержант Закир Лутфрахманович командир болған танкке қарсы орудиенің расчеты соғыс кезінде фашистердің ондаған танкісін, машиналарын, зеңбіректерін, пулеметтерін және көптеген солдаттары мен офицерлерін жойды. Төрт күнге, яғни, 1943 жылғы 5-9 шілде аралығында оның расчеты Курск шайқасында жаудың тоғыз танкісін қиратып, көптеген жауынгерлерін қырды. Осы ұрыстағы ерлігі мен жауынгерлік шеберлігі үшін ол Қызыл Ту орденімен марапатталды. Закир Лутфрахманович, әсіресе Корсунь-Шевченко операциясында батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетті.

Жау 1944 жылы 25 қаңтарда Винница облысының «1 Мая» совхозы жерінде қарсы шабуылға шықты. Жаудың жаяу әскерін көптеген самолеттер мен танктер сүйемелдеді. Асфандьяровтың расчеты жаудың танктеріне қорықпастан қарсы соғысты. Расчет жаудың 10 танкісін және көптеген солдаттарын жойып, олардың шабуылын тойтарды.

Slide 7

Міне, осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 1 шілдедегі Жарлығы бойынша Закир Лутфрахмановичке Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Батыр мұнан кейін де фашистік басқыншыларға қарсы ерлікпен күресті. Львовты азат ету ұрысында шеберлік пен ержүректік көрсеткені үшін ол 1 дәрежелі Отан соғысы орденімен, Берлинді алуда Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Асфандьяров Польша үшін болған ұрыста да көзге түсіп, «Варшаваны азат еткендігі үшін» медалімен, польшалық «Польшаның азаттығы және тәуелсіздігі үшін» медалімен марапатталды.

Кеңес Армиясы қатарынан батарея старшинасы болып оралды. Соғыстан кейін көп уақыт Балқашта тұрып, Шығыс Қоңырат руднигінің № 6 шахтасында тіреуші, смена мастері, смена бастығы болып істеді. 1977 жылы 4 қаңтарында қайтыс болды. 1975 жылы оған "Балқаш қаласының құрметті азаматы" атағы берілді. Қалалық мәслихаттың 2000 жылғы 19-қаңтардағы № 3/31 шешімімен Жданов тұйық көшесіне Зәкір Асфандяров аты берілді.

Slide 8

Миллер Петр Климентьевич

Slide 9

Петр Климентьевич Миллер 1910 жылы Украинада туды.

Ол 1933 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Кавалерист Петр Миллер 1936 жылы мерзімді әскери қызметін аяқтағаннан кейін Балқаш қаласына келіп, алғашқыда мыс қорыту комбинатын салуға қатысты, одан кейін отражатель пешінде тиеуші болып істеді.

Балқаш қалалық әскери комиссариаты 1942 жылы оны Армия қатарына шақырды. Майданға аттанып, фашистік басқыншыларға соққы беруге оның да кезегі келді.

1943 жылдың күзін Петр Миллер көпті көрген солдат ретінде қарсы алды. Қиындығы мол майдан өмірінің біржарым жылында ол жеңілістің өкінішін де, жеңістің шаттығын да көрді. Ол екі рет жараланды. Жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Аға сержант Петр Миллер емханадан емделіп шыққаннан соң 167-ші гвардиялық дивизия полктарының біріне барды. 167-ші гвардиялық дивизия соғыса отырып, 1943 жылдың күзінде Днепрге шықты.

Днепрден өтуге бұйрық та алынып, 1943 жылдың 26 қазанындағы түнде аға сержант Миллердің взводы дивизияның басқа да бөлімшелерімен бірге өзеннен өте бастады. Фашистер Миллер қызмет ететін бөлімше қайықтарына пулемет пен минометтардан бората оқ жаудырды. Днепрдің оң жағалауына бес қайықтың біреуі ғана жетті, екі адам ғана - Петр Миллер мен жараланған пулеметші Федор Паршин тірі қалды. Батырлар окоп жасап алып, ұрысқа кірісті. Олар өжет те жедел қимылдап, жаудың екі атыс орнын расчеттерімен бірге жойып жіберді және немістердің назарын алаңдатып, өздерінің батальонын өзеннен өтуін қамтамасыз етті.

Slide 10

Келесі күні гвардиялық полк плацдармды кеңейтіп, шабуылға шықты. Гитлершілер де контр атакаға шығып отырды. Соғыс алаңында немістің екі танкісі түтіндеп жатты, үшіншісі орнынан қозғала алмай тұрып гвардеецтердің позициясын атқылады. Петр Миллер темір жолдың үйіндісін тасалап, танкке еңбектеп келіп, гранатпен дәл ұрып экипажды кұртып, полктың контр атакаға шығуына мүмкіндік берді.

Көп кешікпей немістерге көмек келіп, күштің ара салмағы тең болмады. Гвардеецтер Днепрге қарай шегіне бастады. Петр Миллер келе жатып қираған неміс танкісіне кезікті. Ол ойланып жатпай-ақ машинаға шығып, люкке түсіп, фашистерге өз пулеметтарынан оқ жаудырды.

Бұл танктің жанында сұлаған фашистер аз болған жоқ, бірақ оқ бітіп қалды. Бронды тағалы етектерімен тепкілеген немістер: «Орыс, беріл!» - дейді. Петр Миллер люкті ашқысы келген немістерді пистолетпен екі рет атты. Үшінші патронды өзіне қалдырды, бұл соңғы патрон. . .

Бір мезгілде орысша «Ура» деген дауыс жаңғырықты. Бұл Днепрден өтіп, шабуылға шыққан көрші дивизия еді. Немістер сасып шегіне бастады.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Указы бойынша Днепрден өтудегі бұл ерлігі үшін Петр Климентьевич Миллерге Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Петр Миллер мұнан кейін Карпатта соғысып, Жеңіс күнін Чехословакияда қарсы алды.

Соғыстан кейін Петр Климентьевич металлургтік мамандығына оралып, Өскемен қаласындағы Ленин орденді қорғасын-мырыш комбинатында жұмыс істейді.

Жеңістің 20 жылдығын тойлау күндерінде Октябрь Революциясының 50 жылдығы атындағы Балқаш кен-металлургия комбинатының металлургия цехына мемориалдық тақта ілініп, оған: «Кеңес Одағының батыры Миллер П. К. металлургия цехында 1937 жылдан 1942 жылға дейін тиеуші болып істеді» - деген сөздер мыспен жазылған. Қалалық мәслихаттың 2000 жылғы 19-қаңтардағы № 3/31 шешімімен Южный тұйық көшесі Петр Миллер атымен атала бастады.

Slide 11

Хоружая

Вера

Захаровна

Slide 12

Хоружая Вера Захаровна 1903 жылы 27 қыркүйекте Белоруссияның Бобруйск қаласында туды. Он жеті жасынан комсомол мүшесі болып, 1921 жылы Коммунистік партияның қатарына өтті. Ол 1924-32 жылдары жасырын істеген Батыс Белоруссия Коммунистік Жастар Одағы Орталық Комитетінің секретары және Польша Коммунистік Жастар Одағы Орталық Комитетінің мүшесі болды. 1941 жылдан Витебщинадағы жасырын партия ұйымы басшыларының бірі болып істеді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1960 жылғы 17 мамырдағы Указы бойынша революциялық қызметке белсене қатысқаны үшін және Ұлы Отан соғысы-жылдарында неміс-фашистері басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсеткені үшін Хоружая Вера Захаровна (қаза тапқаннан кейін) Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.


Ұқсас жұмыстар
Агата Кристидің кітаптары екі миллиардтан астам дана болып
Наурыз мейрамы
Лев Николаевич Гумилев
Владимир Ким
Тіс протездерін дайындау технологиясы бойынша дәріс
Өмірдің мәні
Жеңілдетілген артикуляторлар
Жер бетінде алғаш рет термоядролық реакциялар 1950 жылдардың басында
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
Островский театры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz