Баяндауыш туралы
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
Баяндауыш.
Сыныбы: 8 “а”
Пән мұғалімі: Асилова А.Т.
Сабақтың мақсаты:
1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш
туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі баяндауыш
түрлерін ажырата білуге үйрету.
2. дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау
қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, топпен жұмыс
істеуге үйрету.
3. тәрбиелік: дүниетанымдық көзқарастарын, рухани-адамгершілік,
еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыру, отанды сүюге, қазақ
тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, тест т.б.
Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, плакаттар
т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу
ә) оқушылардың зейінін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Сабақты бекіту (Деңгейлік тапсырмалар)
V. Қорытынды. (Венн диаграммасы.)
VI. Үйге тапсырма беру.
VІІ. Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасын тексеру
1 9 2
7 5 3
8 6 4
Баяндауыш.
1.Б
2.А
3.Я
4.Н
5.Д
6.А
7.У
8.Ы
9.Ш
Сөйлем мүшесі
Тұрлаулы мүшелер Тұрлаусыз мүшелер
Бастауыш Баяндауыш Анықтауыш Толықтауыш Пысықтауыш
Баяндауыш
Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-
күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін
сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш
деп аталады.
Сұрақтары: Не істеді? Қайтеді? Қайтті?
Не істемек т.б.
Баяндауыштардың жасалуы.
Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Көбіне
баяндауыш болатын сөз табы – етістіктер. Мысалы:
Амантайдың жүрегі аттай тулады.(С.Мұқанов.)
Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім,сын есім, сан есім,
есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш
қызметінде жұмсала береді.
Зат есімдерден болған баяндауыштар: Түнергенде
түнмін, күлгенде күнмін. Сөзім- шекер, тілім-бал,
лебізімнен алған нәр. (Ғ.Мұстафин.)
Сын есімдерден болған баяндауыштар:
Ауа-райы жақсы. Қар қалың.
Сан есімдерден болған баяндауыштар: Мен он бестемін.
Білгенің –бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.(Мақал.)
Есімдіктерден болған баяндауыштар:Басқаға үлгі
болатын бізбіз. Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен
бөлмесі- осы.(М.Әуезов.)
Баяндауыш
Дара Күрделі
бір сөзден Екі, одан да көп
Олар кітапханадан Оқушылар келе
келді. жатыр.
Дара баяндауыш Күрделі баяндауыш
Нұрлан мектепте Машина баяу жүріп
оқиды. келе жатыр.
Ол бөлмені тазалады. Ол сурет өнерін жақсы
Біз Қазақстанда көретін адам еді.
тұрамыз. Келе жатқан үшеу екен.
Ертең жаңбыр жауады. Ол келуге тиіс екен.
1-тапсырма.Сөлемдегі баяндауыштың
орнын толықтырыңдар.
1. Адам баласы табиғатты .
2. Біз бұлақтардың көзін .
3. Су мол болса, астық та .
4. Көк шөпті таптауға .
5. Ата-бабаларымыз табиғатқа жанашырлықпен .
Керекті сөздер: қараған, болмайды, мол болады,
аштық, қорғауы тиіс.
2-тапсырма. Үнемі 2 сөзден тастап отырып өлең
құрастырып, ішінен баяндауыштарды табыңыздар?
Жүре, ай, мен, берсем, анам,
мәз, қасыңда, ботам, болып,
әйбәт, деген, оянам, анам,
дауысыңнан.
Жауабы:
Жүре берсем қасыңда әйбәт анам,ай анам,
Ботам деген дауысыңнан мен мәз болып оянам.
Жүре берсем- күрделі баяндауыш.
Оянам-дара баяндауыш.
3-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар.(Сөйлемдердегі
баяндауыштарды тауып, қай сөз табынан жасалғанын
айтыңдар)
Керден үндей алмады. Ол түстен кейін
командасын алаңға алып келді. Күн
ашық болатын. Жер дымқыл. Алаң
ортасы құм төселгендіктен тың.
Айналасында сары балшық шыланып
езіліп жатыр. Күннің жылы лебі сезіледі.
Қайсарлар да келген. Олар екінші торды ң
айналасына шоғырланды.(С.Сар.)
Тест тапсырмалары
1.Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын с өйлем не деп аталады?
А.құрмалас сөйлем
В. жай сөйлем
С.сабақтас құрмалас сөйлем
D.салалас құрмалас сөйлем
Е.аралас құрмалас сөйлем
2. Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай нешеге б өлінеді?
А. 5 В. 3 С. 2 D. 4 Е. 6
3. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланыс қа түсіп, белгілі
сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөздер не деп аталады?
А. Сөз таптары D.сөз тіркесі
В. сөйлем мүшелері Е. сөз формасы
С. сөз
4. Сөйлем мүшелеріне жатпайтынын к өрсетіңіз?
А.бастауыш D. толықтауыш
В. анықтауыш Е. сөз тіркесі
С. баяндауыш
5. Сөйлемде айтылған қимыл-әрекеттің иесін білдіретін с өйлемні ң тұрлаулы
мүшесі?
А. Баяндауыш D. анықтауыш
В. бастауыш Е. пысықтауыш
С. толықтауыш
6. Бастауышы дара болып тұр ған с өйлемді к өрсеті ңіз?
А.Үй іші ұзақ жым-жырт болды.
В. Еңбек еткен ер атанар.
С. Ертең құрылыс жұмысы басталады.
D. Оқушылар мектептен қайтты.
Е. Астана қаласы қазақстандықтардың ма қтанышына айналып отыр.
7. Бастауышы күрделі болып тұр ған с өйлемді көрсеті ңіз?
А. Жаңбыр құйып кетті.
В. Өтеген он төрт жаста.
С. Бәйтерек кешені- тәуелсіздіктің символы.
D. Әсел үйіне қайтты.
Е. Әкесі келгенін байқамай қалды.
8. Баяндауыш құрамына қарай нешеге б өлінеді?
А. 2 В. 3 С. 4 D. 5 Е. 6
9.Баяндауышы дара болып тұр ған с өйлемді к өрсеті ңіз?
А. Апам келе жатыр.
В. Бақыт жүгіріп бара жатыр.
С. Омар мен Ермек өзенге барып, ш өп шауып келе жатыр.
D. Мен сегізінші сыныпта о қимын.
Е . Арманбек өте жақсы кісі еді.
10.Бастауыштың қимыл-әрекетін, жай-күйін, о қи ғаны ң бол ған ша ғын білдіретін
сөйлемнің тұрлаулы мүшесі?
А. Бастауыш.
В. анықтауыш
С. толықтауыш
D. пысықтауыш
Е. баяндауыш
Қорытынды
1. Баяндауыш дегеніміз не?
2. Баяндауыш қай сөз табынан жасалады?
3. Баяндауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?
4. Дара және күрделі баяндауыштарға мысал
келтіріңдер?
Венн диаграммасы
Үй тапсырмасы:
42 бет. 3.1.4. Берілген сөздерге
морфологиялық талдау жасаңдар, осы
сөздермен мәтін мазмұнына жақын
сөйлем құрастырыңдар.
Асилова Алима Туймехановна
29.06.1983ж
Шымкент қаласы.
Түркістан к, 2/2-51п.
Білімі: жоғары.
А.С.Пушкин атындағы №1мектеп-
гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz