Есімдік


Slide 1

Есімдік

Slide 2

Есімдік- заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз табының бірі.

А. Ысқақов

Slide 3

Есімдіктер- сөз таптарының бірі. Белгілі бір заттың атын, сынын, санын атап көрсетпейтіндіктен, осы сөз табына енетін сөздердің нақтылы мағыналары, көбінесе, контексте, яғни өздерінен бұрын не соң айтылатын сөздермен байланысты айқындалады.

Ә. Төлеуов

Slide 4

Есімдік- лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы. Есімдіктер- мағынасы тым жалпы сөздер.

Қазақ тілі грамматикасы

Slide 5

Есімдіктердің шығу төркіні

Есімдіктер шығу төркіні жағынан 2 топқа бөлінеді:

Өте ерте заманнан келе жатқан байырғы түбір есімдіктер: мен, сен, ол, біз, сіз, қай? кім? не? міне, бұл, сол, т. б.

Slide 6

2. Соңғы кездерде туып қалыптасқан есімдіктер:

2. 1 Лексикалық жолмен жасалған: бар, біреу, бүкіл, түгел, әр, күллі, пәлен.

2. 2 Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған: мына-у, ана-у, сона-у; барлық, барша, қанша, неше, қандай, нешінші.

2. 3 Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған: бірдеңе, бірнеше, кейбіреу, әлдекім, ешкім, кімде-кім, қай-қайсы, т. б.

Slide 7

Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты

Slide 8

Есімдіктердің мағыналары қашан да дәл нақтылы болып келмей, өте жалпылама қалыпта кездесіп отырады. Мысалы: мен, сен, кім?, біреу, өзі, т. б.

Есімдіктердің жалпылама мағыналары белгілі бір сөйлемдерде, контексте қолдану ретіне қарай және сөз тіркестері мен сөйлемдерде берілген ойдың жүйесіне қарай әр қилы нақтылы мағыналарға ие болып отырады. Мысалы: Арман бес жаста. Ол оқи да, жаза да біледі.

Slide 9

Есімдіктер әрқашан субъектімен байланысты болады. Олар сөйлеуші немесе сөйлемдегі субъектінің субстанцияларға, құбылыстарға және олардың сапалары мен қасиеттеріне қатынасын көрсетуші сөздер болып саналады. Мысалы: Кідірмей-ақ, Қартқожа, сен құнаныңа мініп, бұ кісіге ер-дағы, Балдекең аулына дұрыстап апарып сал.

Slide 10

Морфологиялық ерекшеліктері

Slide 11 Slide 12

Субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданылады. Мысалы: сендер, менің, кімге?

Атрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында қолданылып тұрғанда, түрлену формаларының ешқайсысын қабылдамайды. Мысалы: бұл, сол, қай? Түрлену формалары атрибутивтік есімдіктерге тек субстантивтенген жағдайда ғана қосыла алады.

Slide 13

Есімдіктердің бәріне бірдей, бәріне тең ортақ заңдылық деп қарауға болатын белгілі формалары немесе өзгеру тәсілі жоқ.

Көптік мағынаны білдіретін з морфемасы. Мысалы: Сіз, біз.

Н дыбысы жіктеу, сілтеу есімдіктерінің септелу жүйесінде түсіп қалып, барыс септігінде пайда болады.

Есімдіктерден жаңа сөз жасалмайды.

Slide 14

Синтаксистік қызметі

Slide 15

Біз ауылға бірге бардық. - бастауыш

Мен үшін сондай достың бірі сенсің. - баяндауыш

Кіммен күрес деп отырсыңдар?- толықтауыш

Ертең менің әжемнің туған күні. - анықтауыш

Кітап дүкендерінен қарап көр, бәлкім, сонда болар. - пысықтауыш

Slide 16

Есімдіктің түрлері

Slide 17 Slide 18

Жіктеу есімдіктері

Әрқашан белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер.

Ол сөзі адамды көрсететін болса, жіктеу есімдігі болады: Ол оқудың жайын сұрады. Ал егер заттар мен құбылыс, іс-әрекет, сан-сапа, т. б. көрсететін болса, сілтеу есімдігі болады: Ол жарыста бәйгеге түсе алатын білімділер, зейінділер.

Slide 19

Жекеше түрінде

Мен- сөйлеушіні көрсетуші

Сен, сіз- тыңдаушыны көрсетуші

Ол- бөгде кісіні көрсетуші сөздер

Көпше түрде

Біз, біздер- сөйлеушіге тән топты көрсетуші

Сендер, сіздер- сөйлеушінің сөзі арналған топты көрсетуші

Олар- бөгде топты көрсетуші сөздер

Slide 20

Жіктеу есімдіктері әрқилы морфологиялық түрлендіруші формаларды қабылдай алады.

Атау мен

Ілік менің

Барыс маған

Табыс мені

Жатыс менде

Шығыс менен

Көмектес менімен

Slide 21

Сілтеу есімдіктері

Аралық қатынастарды көрсетеді.

Сілтеу есімдіктері аралық қатынастарды білдіру жағынан ішінара жақын-алысырақ, алыс-жақынырақ сияқты қарама-қарсы мағыналарда қолданылатын сөздер болып бірнеше жікке бөлінеді.

Slide 22

Жақын

Алысырақ // жақынырақ

Алыс

Бұл

-

Ол

Міне

Әні

-

Мына

Ана

Сона

Мынау

Анау

Сонау

(Осы)

Осынау

(Сонау)

Осы

-

Сол

-

-

Түу (түнеу), тонау

Slide 23

Сөз таптарының орнына қолданыла алады:

Зат есім: 80-жылдарда жер аударылып барған Михаэлис деген бір білімді кісімен, қазақ ғұрпындағы қағидаларды жиюға елге шыққан Гросс деген екеуімен Абай таныс болған. Бұлар Абайдікіне қонаққа келіп кетіп жүрген.

Сын есім: Кіші үйдің бозінгені бүгін тағы өлді. Мойнақтан ол үй енді таза болды.

Slide 24

Сан есім: Жұмыс басталуына он екі күн қалған екен. Бұл күндердің ішінде талай іс бітіруге болады.

Есімдік сөздер: Әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады.

Етістік: Жармұхамет кешіккен соң, оның үйінде күтіп отырған болыс пәтеріне қайтты. Мұны көріп тұрған Берікбол мен Малтабар сарттың дүкенінен шықты.

Slide 25

Өзге сөздер орнына қолданылатын есімдіктер

Өзге сөздердің орнына қолданылмайтын есімдіктер

Бұл, ол, мына, ана, мынау, анау, осы, сол

Міне, әне, сона, сонау, түу

Slide 26

Сілтеу есімдіктері субстантивтенгенде ғана тәуелдік, септік, көптік жалғауларын қабылдай алады.

Міне

Әне

Осынау + Тәуелдік жалғауы

Сонау

Түу

Slide 27

Міне

Мынау

Әне

Анау Септелмейді

Осынау

Сонау

Түу

Slide 28

Көптік жалғауын қабылдайды:

Бұл- бұлар

Ол- олар

Мына- мыналар

Ана- аналар

Осы- осылар

Сол- солар

Slide 29

Сұрау есімдіктері

Заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын, т. б. білдіретін сөздер.

Кім? Не? Қай? Қайсы? Қандай? Қалай? Қайда? Қайдан? Қашан? Қанша? Неше? Нешінші? Қаншасы?

Бірыңғай морфологиялық түрленуі не синтаксистік қызметі жоқ.

Slide 30

Кім? Не? Қайсы? Нешеу? есімдіктері ғана тәуелденеді.

Жіктік жалғаулары тек кім? қандай? қалай? қайсы? есімдіктеріне ғана жалғанады.

Кім? Не? Қайсы? Нешеу? есімдіктері септеледі.

Көптік жалғауы кім? не? қайсы? неше? есімдіктеріне жалғанады.

Slide 31

Өздік есімдіктері

Сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер.

Өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері.

Тәуелдік жалғауының -нікі, -дікі формасы жалғанып қолданылады.

Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі. Мысалы: өзіммін, өзімсің, өзімсіздер

Slide 32

Септік жалғаулары тәуелденген зат есімдердің септелу ізімен жалғанады.

Атау өзім

Ілік өзімнің

Барыс өзіме

Табыс өзімді

Жатыс өзімде

Шығыс өзімнен

Көмектес өзіммен

Slide 33

Жалпылау есімдіктері

Белгілі бір заттар мен құбылыстардың жиынтығына немесе толық қамтылуына нұсқай айтылатын жинақты-жалпылау мағынадағы сөздер.

Бәрі есімдігі атау формада субстанциялық ұғымды білдіреді. Басқалары өзінің негізгі формасында қолданылғанда атрибуттық ұғымды білдіреді.

Slide 34

Тәуелдік жалғаулары бар, барлық, барша, бәрі сөздеріне ортақ тәуелдеу түрінде ғана жалғанады. Мысалы: баршамызға, бәрің.

Атрибуттық мәндегі күллі, бүкіл, тамам есімдіктері тәуелденбейді.

Жіктік жалғауы жалпылау есімдіктеріне жалғанбайды.

Субстантивтенген түрлері ғана тәуелденіп барып септеледі.

Slide 35

Белгісіздік есімдіктері

Заттар мен құбылыстарды және олардың сан, сапа белгілерін, мекен, амал тағы басқаларын анық етіп ашып айтпай, тұспалдап қана көрсететін, яғни мағыналары нақтылы түрде берілмей, белгісіз мәнде айтылатын есімдік түрі.

Slide 36

Белгісіздік есімдіктері шығу төркіні, жасалу жолы жағынан күрделі 2 салаға бөлінеді:

Лексикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер: бір, біреу, кей, әр, әлде.

Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған сөздер: бірдеңе, бірнеше, бірнәрсе, кейбіреу, әлдекім, әлдеқайда, әркім, әрқайсы.

Slide 37

Өзге сөз таптарының қызметін атқарулары

Сын есім: бір, кей, әр, пәлен, әлдеқайда. Әр ауылдың, әр үйдің бір қазанбұзары, бір биі болады.


Ұқсас жұмыстар
Болымсыздық есімдігін тап
Болымсыздық есімдігі. Белгісіздік есімдігі
Есімдіктен өткенді қайталау туралы ақпарат
Есімдіктен өткенді қайталау
Етікші аспабының бірімен аттас есімдік
Сөз таптары
Сілтеу есімдігі
Сөз таптарына саяхат туралы ақпарат
Қазақшаныз қалай? сайыс
Сөз таптары туралы мәселенің тіл білімінде қойылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz