Қазақ әдебиеті: бес турлы сұрақ-жауап және талдау сайысы


Slide 1

Әдебиет әлемінде

Slide 2

І тур. Ой анықтау. ІІ тур. Ой зерделеу. ІІІ тур. Ой жалғау. ІV тур. Ой іздену. V тур. Ой толғау.

Slide 3

І тур. Ой анықтау.

Сұрақ-жауап.

Әр ойыншыға 1 10 сұрақ

Әр жауапқа 1 1 балл

Slide 4

1. І. Жансүгіров өлеңі.

2. Абай өмірі туралы жазған жазушы.

3. Абайдың сүйген жары.

4. “Автобиографиялық әңгіме” авторы.

5. Ә. Сәрсенбаев өлеңі.

6. “Жауынгер тұлғасы” әңгімесінің авторы.

7. Еламан - қай шығарма кейіпкері?

8. Ана көрген не істейді?

9. Жерұйықты іздеген аңыз кейіпкері.

10. Мүсінші бала Мысық кімнің досы?

Slide 5

1. Суырып салма ақын.

2. Абайдың әні.

3. Тайбурыл - қай батырдың тұлпары?

4. Кейқуат - қай жырдың кейіпкері?

5. “О, Ақтан жас” өлеңінің авторы.

6. Қорыққанға қалай көрінеді?

7. “Қара бұлт” кімнің өлеңі?

8. Қобыландының сүйген жары.

9. “Өтеген батыр” дастанының авторы.

10. Ел немен көгереді?

Slide 6

1. А. Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары.

2. Абайдың табиғат лирикасы.

3. “Өзен” өлеңі кімдікі?

4. Абайдың неше қара сөзі бар?

5. Мадан хан қай ертегінің кейіпкері?

6. Ашу не? Ақыл не?

7. Сартай - қай шығарманың кейіпкері?

8. Қазақтың тұңғыш педагогы.

9. Өнер алды не?

10. “Толағай” - қандай ертегі?

Slide 7

1. Мұқағали өлеңі.

2. Кибер - қай шығарма кейіпкері?

3. Қазақтың шешен биі.

4. Абайдың өнер-ғылым туралы өлеңі.

5. Адамның арқауы не?

6. Жігіттің неше жұрты бар?

7. Рабиға - қай шығарма кейіпкері.

8. А. С. Пушкиннің “Балықшы мен балық” ертегісін кім аударған?

9. Адам Атаның шын аты кім?

10. Құранда неше сүре бар?

Slide 8

1. Жамбылдың пір тұтқан ұстазы.

2. “Құлақтан кіріп, бойды алар” өлеңінің авторы.

3. Шәкәрім өлеңі.

4. “Шығамын тірі болсам адам болып” өлеңінің авторы.

5. А. Байтұрсынұлы өлеңі.

6. “Мен жастарға сенемін” өлеңінің авторы.

7. “Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры” әңгімесінің авторы.

8. “Аяз би” - қандай ертегі?

9. Өлімнен күшті не?

10. Қар қайтсе жанады?

Slide 9

1. “Жапон балладасын” жазған кім?

2. “Сен құрметте оны, қарағым” өлеңінің авторы

3. “Қан мен тер” романының авторы.

4. Мөңке - қай шығарма кейіпкері.

5. Ш. Мұртазаның “Қызыл жебе” романының басты кейіпкері кім?

6. Жер немен көгереді?

7. “Ер Төстік” - қандай ертегі?

8. “Отырар” - кімнің шығармасы?

9. Сөздің патшасы не?

10. Балықтың жаны қайда?

Slide 10

ІІ тур. Ой зерделеу. Бұл - қай шығармадан?

2

1

4

3

5

Slide 11

- Балапан! Қанаты қатаймаған балапаным, қара дауылға қарсы ұша алармысың, сен? Ығы жоқ, селдір бұтаның басында жалғыз қалдың-ау сен! Атасына нәлет! Күңей-күйрек болма бірақ. Өлмейсің! Сұп-суық сұрғылт күлдің арасында сөнбей жатқан бір түйір шоқтай болып, қалың қара бұлттың арасынан жылт етіп, анда-санда күн де көрінер. Жүдеме! Жаралының жан серігі - жасымау. Жасыма!

Slide 12

“Мен ескіше жыл басы деп есептелетін “Наурыз күні” киіз үйде туыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің елдердің бірсыпырасы ХХ ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде өткізеді екен.

Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық боан да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қара үйде тағы бір бала туа салған да, басқа балаларының атына ұйқастыра ат берілген.

Slide 13

“Бұл соғыс - біздің жігіттердің жалпы батырлық, батылдық көрсеткенінің бірі.

Бұл соғыс - дұшпанның араны ашылған басқыншылық мінез-құлқын, өзіне таяқ етіп жұмсаған ұрыстың бірі.

Бұл соғыс, ата-бабамыздың айтып кеткен “білекті бірді, ақыл-айлалы мыңды жеңеді” дегеніндей, халық тәжірибесінен шыққандығына дәлел.

Slide 14

“ . . . Басында айыр қалпағы бар, үстіне ала жібек шапан киіп, жалпылдақ жүнді айыр өркешті атанға мінген біреу шықты. Бұл көрініс Европа еліне Шыңғысхан тіріліп қайта келгендей болды. Балалар шуылдап, үлкендердің ұрған шапалағы оның аты-жөнін атауға да мұрша бермеді. Орындарынан тұрып, бірінің иығына бірі асылып қарап, цирктің іші дауыл соққандай болды”.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар пәндік сайысы: турлар, сұрақ-жауап және тапқырлық кезеңдері
Нығмет Райгүл Сағидоллақызы құрастырған қазақ тілі мен әдебиеті сұрақ-жауаптары
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім сайысы мен тапсырмалар
Шешеннің сөзі мерген: қазақ тілі мен әдебиеті сайысы
Тілдер апталығы: Білімді мыңды жығар қазақ тілі мен әдебиеті топтық сайысы
Суретпен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары: сөздік және сұрақ-жауап плакаттарын пайдалану әдістемесі
Химия көшбасшысы сайысының 6 турлы сабақ бағдарламасы мен сұрақ-тапсырмалары
Химия және биология пәндері бойынша ұпай жүйелі сұрақ-жауап викторинасы
8-сынып химиясы: Бейорганикалық қосылыстар бойынша сұрақ-жауап ойыны
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар: қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz