Жүзудің денсаулыққа пайдасы
Презентация қосу
Жүзе білудің маңызы. Суда жүзе білу - өмірге өте
қажет. Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен
айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде
қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен
үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға
соғады.
Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді
жеңеді, біреу-міреу суға бара жатса, оны құтқара да
біледі.
Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге
көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады,
бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам
тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем
көрінеді.
Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың
қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның
өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын
жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің
көлемін ұлғайтады.
Ерте заманнан бері халық арасында таралған су
бетінде қозғалу тәсілдері мынадай: су ішінде
тіке тұрып қимылдау, бақаша, итше қырындап
жүзу және теңізшілердей жүзу тағы басқа.
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен
белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу
қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы.
Осыған сәйкес бір-біріне ұқсас екі тәсіл болады -
ол жүзу тәсілі және сүңгу тәсілі. Бірақ
олардың бір-бірінен айқын айырмашылығы бар.
Алға қойылған мақсатқа қарай, жүзуді
негізінен мынадай үш түрге бөледі: жалпы
жұртшылықтың жүзе білуі, спорттық жүзу
және қолданбалы жүзу.
Жүзу – жүрек, қан тамырлары мен тыныс
алу жүйелерін жетілдіруге жақсы әсерін
тигізеді. Жүзумен жүйелі түрде
шұғылданып жүрге адамның жүрек соғуы
минутына 72-ден 48-50-ге дейін сирейді, ал
қанның көлемі жүрек бір соққанда 70-80
мл-ден 120-140 мл-ге дейін көбейеді.
Жүзу тыныс жүйелерін нығайтып, оның
жұмысы дағдыландырып, өкпенің
тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады.
Мысалы, жүзумен жүйелі түрде
шұғылданып жүрген спортшылардың
өкпесінің сыйымдылығы 4000-7000 см 3
дейін, кейде одан да көбірек ұлғаяды.
Жүзудің денсаулыққа пайдалы екенін
білгенімен көп адамның қыстыгүні суға
түсуге батылы бара бермейді. Бірақ
денсаулықты шынықтырып, ауырып-
сырқамас үшін бассейнде жүзіп
жаттығудың спортта да, денсаулық
мәселесінде де орны ерекше екен. Суда
жүзудің, қыста да бассейнге үзбей барып
тұрудың, әсіресе, балалардың дене бітімін
қалыптастыруда пайдасы көп көрінеді.
Қыста бассейнге түсудің
ешқандай да зияны жоқ. Көп
адам жаздың ыстығында су
жағалайды да, қыстыгүні оны
доғара қояды. Бұл дұрыс емес.
Жаздағы сол әдетті қыста да
жалғастырып тұрған адам
ағзасын шынықтырып,
денсаулығын да нықтайды
Ал омыртқаның қисаюы уақыт өте келе адам
ағзасында көптеген дерттер туындатады. Ал
жүзген кезде денедегі бұлшықеттердің бәрі
қозғалысқа түседі. Ол омыртқа сүйектерін
қалпына келтіріп, қан айналымын жақсартады,
ағзаның суыққа қарсы күресу қабілетін
шыңдайды,баланың бойын өсіреді. Қысқасы,
адамның иммунитеті де нығаяды, өзі де
шынығады. Сондықтан қыстыгүні суға түсуден
қорықпау керек. Себебі қыста судың
температурасы 26-29 градус жылы болады. Бала
бассейнге қыста шомылып үйренсе, денесі
шынығып, келешекте көп ауырмайтын болады
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz