Ұзақ мерзімді активтердің есебі



Ұзақ мерзімді активтердің есебі
Орындаған - Мұхатбек Аида
ГУ-409 тобы

Ұзақ мерзімді активтер түрлері, олардың жіктелуі
Материалдық емес активтер деп табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілерді атайды.

Өндірістік шаруашылық қызметтегі атқаратын функциясы және мақсатына байланысты активтер келесі топтарға бөлінеді
Интелектуалдық меншікке мыналар жатады:
Фирма бағасы (гудвилл) ; тауар белгілері; ноу-хау; авторлық және қатар құқықтар.
Мүліктік құқықтарға келесілер жатады:
Жер учаскелері, суда, тағы басқа табиғи ресурстарды пайдалану, есептеу техникаларын бағдарламалық қамтамасыз ету құқығы және т. б.
Басқа материалдық емес активтерге келесілер жатады: ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеу нұсқаулары, тәжірибе-конструкторлық нұсқаулар.

Халық шаруашылығының әрбір саласында негізгі құралдар бұйымдық-заттық белгілері бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
ғимараттар;
құрылыстар;
өткізгіш жабдықтар;
машиналар мен жабдықтар;
көлік құралдары;
аспаптар;
өндірістік инвентар және керек жарақтар;
шаруашылық инвентары;
биологиялық активтер;
библиотека қоры;
жерді жақсартуға жұмсалатын күрделі шығындар;
басқа да негізгі құралдар.
Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар) .

Кімге қарайтынына қарай негізгі құралдар
Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.
Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар

Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Есептеу тәжірибесінде алғашқы, ағымдағы, баланстық, жою және әділ құндары ажыратылады.
Бастапқы - негізгі құралдарды алу немесе тұрғызу бойынша іс жүзінде болған шығындардың құны, оларды жеткізу, құрастыру, орнату, іске қосу және активті мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен байланысты басқа да шығындарды, сонымен бірге төленген салықтар төлемдерді қоса.
Ағымдағы - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі іс жүзіндегі нарық бағасы бойынша құны.
Баланстық - бұл активтің есепте және есеп беруде көрсетілетін, жинақталынған амортизация сомасы шегерілген бастапқы немесе ағымдағы құны.
Жою - пайдалы қызмет мерзімінің аяғында негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын, шығу бойынша күтілген шығындары шегерілген қалдықтардың, заттардың, қосалқы бөлшектердің болжамды құны.
Әділ құны -тәуелсіз екі жақ арасында негізгі құралдарды айырбастау мүмкін болатын құн.
Негізгі құралдардың есебі ҚЕХС №16 «жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтар» стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Инвестициялар - белгілі бір табыс алу мақсатында өндіріске және бағалы қағаздарға бос ақша қаржыларын салу. Инвестициялар нақты және қаржылық болып бөлінеді. Нақты инвестициялар - өндірістік негізгі капиталға, шаруашылық қызметтің объектілеріне күрделі қаржы салу. Қаржылық инвестициялар - мемлекеттің, кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына салымдар. Нақты инвестицияларды іске асырғанда салымшы өзінің өндірістік капиталын кеңейтеді, ал, қаржылық инвестициялар салатын болса қаржылық капиталын өсіреді.
Нақты инвестициялар қозғалмайтын мүлікпен байланысты.
Қозғалмайтын мүлік - заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі жер және табиғи ресурстар, жерге бекітілген және соған байланысты мүліктер.
Бұған қоса тікелей және жанама инвестицияларды ажыратуға болады. Жер учаскелерін сатып алу, өндірістік құпиялардың құқығы, жаңа технологияларға куәліктер де инвестицияның бір формасы болып табылады.
Инвестициялар есебі
1110 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»
2000 «Ұзақ мерзімді қаржылықинвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі.

Ұзақ мерзімді активтер есебі
Материалдық емес активтердің нақты бары мен қозғалысын есепке алу 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарына жазылады. Осы шоттардың дебеті бойынша - материалдық емес активтердің айдың басы мен аяғындагы қалдықтары, олардың түсу операциялары көрсетіледі, кредит бойынша - материалдық емес активтердің шығарылымы көрсетіледі. 2700-шы бөлімшеге төмендегі шоттар кіреді:
2730 “Өзге де материалдық емес активтер”
2710 “Гудвилл”.

Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау - беру актісінде (ү. №МЕА-1) көрсетіледі. Актіде материалдық емес актавтер түрінің дәл аты, оның кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметтер көрсетіледі.
2700 «Материалдық емес активтер» бвлімшесінің шоттарына талдамалық есепке алу «Материалдық емес активтерді» есепке алудың мүліктік қарточкаларында» (ү. №МЕА-2) керсетіледі.
Карточка кәсіпорынға түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерін есепке алуда қолданылады. Материалдық емес активтердің әрбір жеке объекіісане бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. 2730 “Өзге де материалдық емес активтер” тобы бөлімшесі шоттары бойынша кредиттік айналымдары №12 журнал - ордерде бейнеледі.

Кәсіпорындар материалдық емес активтерді келесідей жолдармен алады:
Жарғылық капиталға салымдар жолымен
Кәсіпорынның қызмет процесінде сатып алу
Басқа кәсіпорынмен қосылу жолымен
Заңды және жеке тұлғалар пайдалануға бергенде.

Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғалардан алынғанда
Дебет шот 2700 «Материалдық емес активтер» (2710, 2730)
Кредит шот 1010, 1030, 3310, 4110
Құрылтайшылардың жарғылық капиталға өз үлестері есебінен енгізген материалдық емес активтерді кіріске алынғанда
Дебет шот 2730 “Өзге де материалдық емес активтер”
Кредит шот 5110 «Төленбеген капитал»
Материалдық емес активтер тегін түскенде, олардың бастапқы құны
Дебет шот 2730 “Өзге де материалдық емес активтер”
Кредит шот 6230 «Мемлекеттік субсидиялардан табыстар», 6220 «Тегін алынған активтерден табыстар».

Материалдық емес активтер кәсіпорыннан әртүрлі себептермен шығады:
сату нәтижесінде;
әрі қарай пайдаланудың тиімсіздігіне байланысты есептен шығару нәтижесінде;
ақысыз тегін беру нәтижесінде және т. б.
Материалдық емес активтердің істен шығуында материалдық емес активтерді қабылдау - тапсыру Актін 2 данада толтырады.

Материалдық емес активтердің шығуы кезінде олардың баланстық құны Дебет шот 7410 «Активтердің шығуы бойынша шығындар», Кредит шот 2730 «Басқа материалдық емес активтер» жазбасы негізінде есептен шығарылады, ал жинақталған тозу сомасы келесі жазбамен есептен шығарылады: 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздануы» тобы шотының дебеті, 2730 “Өзге де материалдық емес активтер” шотының кредиті.
Материалдық емес активтерді сатудан табыс келесідей жазба бойынша көрсетіледі:
Дебет шот 1010, 1030, 1210 және т. б.
Кредит шот 6210 «Активтерді сатудан табыс»

Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациясын есептеудің мынадай әдістері бар:
1. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бір қалыпты есептеу әдісі.
2. Амортизацияны (тозуды) орындаған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл) .
3. Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдісі. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері пайдаланудың алғашқы жылдарында тиімдірек жұмыс істейді немесе жоғарғы өнімділік қабілетін көрсетеді деген пайымдауға негізделген. Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдісі: Азайып отыратын қалдық әдісі.
Тозуды біркелкі есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет мерзімі кезінде өндіріс шығындарына біркелкі үлестіріп бөлуді қарастырады. Мысалы, объектінің құны 1 теңге, қызмет мерзімі -10 жыл. Есептік жою құны- 2000 теңге. Тозуға жыл сайынғы резерв 9800 теңгеге тең болады: (1-2000) /10. Ал ай сайынғы тозу сомасы 817 теңге (9800/12) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz