Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы

№60 жалпы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы

Орындаған :физика пәнінің мұғалімі Жалмаханова

Салтанат Ахихатқызы

Ашық сабақ

9 “А” сыныбы

Slide 2

Орындаған :физика пәнінің мұғалімі Жалмаханова Салтанат

Сабақтың тақырыбы: Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:

Тәрбиелік мақсаты:

Дамытушылық мақсаты:

Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық, серпімділік, үйкеліс күштері туралы түсіндіру. Механиканың ең іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау

Алған білімдерін тиянақтай отырып, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге, біріне -бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып,

өз ойын айта білуге, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге

бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру.

Slide 4

Сабақты өту әдісі: білімді жинақтау,

жүйелеу, сұрақ-жауап,

есептер шығару,

кестемен жұмыс

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,

таратпа кестелер,

слайдтар, анықтамалық

кітапша

Slide 5

Жоспар

"Білгір физик"

"Сен білесің бе?"

"Жүйрік болсаң жетіп көр"

"Ой толғаныс"

Slide 6

"Білгір физик"

1

2

3

4

5

6

Артқа

Slide 7

Динамика нені зерттейді?

Артқа

Slide 8

Артқа

Санақ жүйесі

дегеніміз не?

Инерциялдық санақ жүйесіне мысал келтір.

Slide 9

Артқа

Ньютонның бірінші заңын тұжырымда . Мысал келтір.

Slide 10

Артқа

Аристотельдің табиғаттағы қозғалыс туралы пікірі қандай?

Slide 11

Артқа

Галилей мен Ньютонның дене қозғалысы жөніндегі қорытындысы неге негізделген ?

Slide 12

Артқа

Үдеу дегеніміз не? Формуласы

Slide 13

Артқа

Ньютон Исаак (1643 - 1727)

Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. (жалғастыр)

Slide 14

Ньютон Исаак (1643 - 1727)

Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, 1643 ж. Вулсторпада дүниеге келген. 1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда 1669-1701 ж. ж. кафедраны басқарған.

Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген, бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың корпускулалық теориясын дамытқан, Лейбництен тәуелсiз дифференциалдық және интегралдық есептеулердi шығарған. Ол бүкiләлемдiк тартылыс заңынан Кеплердiң 3 заңының шығатынын көрсеттi, айдың қозғалыс ерекшелiгiн түсiндiрдi, жердiң фигурасының теориясын дамытты, жердiң жасанды серiктерiнiң құрылу проблемасын қарастырды және т. б.

Ньютонның оптикаға әкелген еңбегi мол. 1666 ж. үш жақты шыны призма көмегiмен ақ түстi жетi түске орналастырып, оның күрделiлiгiн дәлелдедi. 1668ж. және 1671 ж. телескоп-рефлекторды ойлап тапты. Жұқа пластиналардың түстерiн зерттеп, жарықтың дифракциясы мен интерференциясын анықтады. Өзiнiң оптикалық зерттеулерiн «Оптика» еңбегiнде жариялады.

Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi - ньютон аталған.

Артқа

Slide 15

Күш деп бір дененің екінші бір денеге механикалық әсерін сипаттайтын және осы әсердің өлшемі болатын векторлық физикалық шамасын айтады. “Күш ” деген терминнің денелерің өзара әсерлесуімен байланысты екенін және оның сандық мөлшері екенін есте ұстаған жөн. Ньютонның атымен Халықаралық бірліктер жүйесінде күштің өлшем бірлігі - ньютонмен өлшенеді.

Келесі >

Сабақтың тақырыбы: Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы

Slide 16

Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады. Бұл күш денелерді қосу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. Серпімділік күші әрашан дененің пішіні мен өлшемерінің өзгеруін тудырған күшке қарама-қарсы бағытталады.

IFсерп I= k∆l . Бұл өрнек Гук заңымен анықталады.

Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама - қарсы жаққа қарай бағытталады.

Fүйк=μN, мұндағы μ- үйкеліс коэффициенті деп аталатын пропорционалдық коэффициент.

Үйкеліс күші:

1. Сырғанау

2. Домалау

3. Тыныштық

Ауырлық күші деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. Ға=mg,

мұнадағы m- дененің массасы, ал g- дененің еркін түсу үдеуі, оның модулі шамамен

9, 8 м/с2- қа тең

Күш

Келесі >

Slide 17

Дененің массасы - оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады. Денелер жүйесінің массасы оны құрайтын денелердің массаларының қосындысына тең болады, яғни m = m 1 + m2 +……+m п. Өлшем бірлігі килограмм, грамм 1кг деп алынған. Денеге бірдей күш түсірілген жағдайда денелердің алатын үдеуі олардың массаларына кері пропорционал болатындығын байқаймыз . Яғни әрқашан а ~ 1/m болады. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса, белгілі бір күш әрекетінен ол соғұрлым аз үдеу алады. Дененің үдеуі мен оған әрекет етуші күш арасында Ғ ~ а ( m= const кезінде ) және кез келген дененің үдеуімен оның массасының арасында а ~ 1/m ( Ғ= const болғандағы ) байланыс болса, онда механиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңы былайша тұжырымдалады:

Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:

осы соңғы өрнек Ньютонның екінші заңының формуласы

а = F/m

Артқа

Slide 18

Жүйрік болсаң

жетіп көр

Келесі >

Slide 19

Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы тақырыбына есептер шығару

1) Егер m 1 = m2 = 2кг, ал Ғ = 12Н болса, онда денелер қандай үдеумен қозғалады?

2) Массасы 1 кг денеге Жер қандай күшпен әсер ететінін есептеңдер.

4) 60Н күш денеге 0, 8 м/с 2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с 2 үдеу бере алады?


Ұқсас жұмыстар
Ньютон заңдары
Инерциялық санақ жүйесі
ДИНАМИКА НЕГІЗДЕРІ
Масса тақырыбына есептер шығару
Динамика негіздері тарауын қайталау сабағы
Материалдық нүкте мен қатты дененің ілгерілемелі қозғалысының динамикасы
Тартылыс құбылысы
Физикалық құбылыстар
Дене импульсі
Еркін материялдық нүктенің динамикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz