Оригами – қағаз бүктеу өнері


Slide 1

Оригами - қағаз бүктеу өнері

Орындаған: Сағындық Жанат 9 сынып

Жетекшісі: Байдильденова К. М.

Көкшетау қаласы №19 ОМ

2011 оқу жылы

Slide 2

Гипотеза:

Оригами - қағазды құрастырудың көне өнері, замануи әлемде тұлғаның дамуы үшін пайдалы да танымал.

Slide 3

Мақсаттары:

Оригамиің шығу тарихын, дамуын зерттеп білу;

“оригами” сөзінің мағынасын ашу;

Ноталық әліппесімен танысу;

Оригамидің әр-түрлі бағыттарын зерттеу;

Slide 4

Жоспары:

Оригамидің Отаны - Жапония;

Қағаздың алғаш пайда болуы;

Оригамидің әліппесі;

Оригамидің түрлері мен техникасы;

Оригамидің оқушылар үшін маңызы;

Slide 5

Маған айт - мен естимін, маған көрсет - мен есімде сақтаймын, маған істеуге бер - мен түсінемін.

Жапон мақалы

Slide 6

Оригамидің Отаны -Жапония.

Жапонияда оригами Хэйан заманынан (794-1185ж. ж. ) бастап келеді. Бұл заманда қағаз қолдан істеу әдісімен өндірілген, құнды және әсем материал болды, негізінен діни рәсімдерде қолданылды. «Ори» - «қағаз» және «ками» - «құдай» сөздерінің дыбысталуындағы ұқсастық маңызды роль атқаруы мүмкін.

Діни рәсімдердің бірі Санбо шағын қорапшаларына балықтың бөлшектерін, көкіністерді салып, құрбаныққа шалу ретінде храмдарға әкелу болды.

Slide 7

Камакура (1185 - 1333 ж. ж. ) және Мурамати (1333 - 1573 ж. ж. ) замандарында оригами храмдар аясынан шығып, император ауласына жетеді. Ақсүйектер, аула қарамағындағылар, монахтар қағаз бүктеу өнерінің кейбір дағдыларын білу қажет етеді. Бүктей білу бұл жақсы білім мен тамаша мәндердің белгілері болды. Әртүрлі танымал отбасылар оригами фигураларын елтаңба және мөр ретінде қолданды.

Slide 8

Адзути-Момояма (1573-1603ж. ж. ) және Эдо (1603-1876ж. ж. ) замандарында оригами рәсімдік өнерден әйгілі уақыт өткізудің әдісіне айналды. Көп модельдер ойластырылып істелді, оның ішінде жапондық тырна (цуру) - бақыт пен ұзақ өмірдің дәстүрлі нышаны.

Slide 9

Қағаздың алғаш пайда болуы

Қағаздың Қытайда пайда болуы ресми түрде б. э. д. 105 жыл деп саналады., Цай Лунь шенеулігі императорға осындай технологияның бар екендігі туралы ресми мәлімдеді. Қытайлықтар жүн мен жібекті арзан және қолда бар материалмен - өсімдік талшықтары, тұт ағашының қабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Мүлде жаңа материал - қағаз пайда болды.

VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға жетіп қағаз жасау құпиясын ашады.

Бастапқы қағазды Жапонияда жібек талшықтарының пілләсінен алды. Бертін келе қымбат шикізатты арзанымен алмастырды - бамбук сабақтарымен, ағаш қабығымен, кендірмен, шүберекпен.

Ал жүз жыл өткесін жапондықтар өздерінің қағаздарын шығарады, бұл сапасы жағынан Қытай қағазынан асып түседі.

Slide 10

Жапонияда қағаз шығарудың ежелгі технологиясы осы күнге дейін сақталған. Шеберлерге, көне қолөнердің құпияларын білетіндерге “тірі қазына” атағы беріледі және біршама шәкіртақы бөлінеді.

Күн сайын километр орама қағаздар шығаратын ірі фабрикалармен қатар, қолдан жасалған қымбат “Ваши” қағаз парақтарын шығаратын шағын шеберханалар да жұмыс істейді. Бұл қағаз өте берік - бірнеше мың бүктелуге төзеді.

“Ваши” қағазына бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бейбітшілік туралы Версаль келісіміне қол қойылды.

Slide 11

Оригамидің әліппесі

Авторлық жұмыстың көпшілігі танымал жапон шебері Акира Иошизаваның есімімен байланысты. Оригамидің өзіндік «ноталық әліппесін» ойлап тапты, ол фигураларды бүктеу процесін жазуға және таратуға ықпал етті.

Оригамидің әліппесін сызықтар, бағыттауыш сызықтар және белгілерге бөледі

Slide 12

Оригамидің әлемге таралуы

Оригами өзінің әлемге шарықтаған шарлауын ХХ ғасырдың басында, өзінің туған күнінен бір ғасырдан кейін аттанды. Авторлық оригамидің дамуына әлемнің әр қиырынан осы шеберлер үлестерін қосты: Дейв Брилл (Ұлыбритания), Петер Будаи (Венгрия), Эрик Жуазел (Франция), Алфредо Джунта (Италия), Рональд Кох (Сингапур), сонымен қатар Роберт Ланг және Джон Монтролл (АҚШ) .

Slide 13

Оригамидің түрлері мен техникасы

Қарапайым оригами - оригамидің стилі, британ оригамисті Джон Смит ойлап тапқан, бұл бүктемелердің тек төбешік пен жазықтыққа жиналуымен ғана шектеледі.

Slide 14

Айналдыра бүктеу - оригами диаграммаларының бір түрі, дайын модельдің бүкіл бүктемелері бейнеленген сызба.

Slide 15

Сулы бүктеме - бүктеу техникасы, Акира Иошизава ойлап тапқан және суланған қағазды фигуралардың түзу шығу үшін, көрікті болу үшін, сонымен қатар қатты болу үшін қолданады.

Slide 16

Оригамидің танымал түрлерінің біріне модульдік оригами жатады, мұнда тұтас фигура көптеген ұсақ бөліктерден (модульдерден) жиналады, олардың әрқайсысы қағаз парағынан бүктеліп жасалады.

Slide 17

Модульдік оригами Қазақстанда көп табынушыларға ие болды және бұл себепсіз де емес:

фигуралардың негізінде қарапайым модуль бар, оны бес жасар бала да, үлкендер де, зейнеткерлер де бүктеп жасай алады;

модульге қолда бар кез келген қағаз, ескі журналдардың беттері де жарай береді;

модульдерді үйде де, көлікте де, кинотеатрда фильм көру үстінде де бүктеп жасауға болады;

модульдерден әр түрлі өлшемдегі және күрделілігі әр түрлі - ең қарапайымнан күрделісін құрастыруға болады;

Slide 18

Бір парақтан мыңдаған - мыңдаған әртүрлі фигуралар бүктелініп жасалады! Бүктеудің жеңіл әдістерімен адамдардың шексіз қиялдары оригамидің көмегімен бүкіл әлемді құрауға дайын. Бұл ерекше, қуанышты, қызықты, мейрімді және басқа ештеңеге ұқсамайтын әлем. Оригами өнері бүкіл әлемге ашық. Оны Париж модельерлері де, америка дизайнерлері де, алты жасар бала да қолдайды.

Slide 19

Әркім оригамиде өзінікін табады. Сәулеткер - жазықтықтың тамаша қиылысуын, бозбала - сүйіктісіне арналған ерекше сыйлықты, баспагер - оригами бойынша кітапқа сұраныс, педагог - өзінің оқушыларының алдында нағыз сиқыршы болу мүмкіндігін, егде адам - өзінің немерелерін таңқалдыру әдісіне, ал оқушы ерекше дәрістен қуаныш алуға ие болады.

Slide 20 Slide 21

В Германии Фридрих Фребель с помощью оригами объяснял детям правила геометрии.

Настоящее развитие оригами началось после Второй мировой войны, благодаря Акире Йошизаве. Он изобрёл сотни фигурок, условные знаки, чертежи.

Slide 22

Азбука оригами.


Ұқсас жұмыстар
Мүмкіншілігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесі жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі
Мүмкіндігі шектеулі оқушылар
Бейнелеу өнерінің міндеттері
Сәулет өнері туралы түсінік
ШЫРШАНЫ БЕЗЕНДІРУ
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанралры
Сүзгіш материалына байланысты сүзгілердің жіктелуі
Құрақ құрау технологиясы
Бейнелеу өнерінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz