Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі




Презентация қосу
Қазақ халқының
жоңғар
басқыншыларына қарсы
азаттық күресі

12.10.17
Қазақ халқының күш
біріктіре бастауы
Жоңғар шабуылының салдарынан қазақтардың басына
түскен аса ауыр жағдай оларды қалайда күш біріктіруге
мәжбүр етті. Осылай ету қажеттігін үш жүздің өкілдері
түгел түсінді.
Жауға соққы беруді ұйымдастыру жөнінде бастама
көтерген Кіші жүздің ханы Әбілқайыр болды. Ол 1723
жылы 20 мың жауынгері бар жасақты бастап,
жоңғарлардың қандас одақтасы Еділ бойындағы
қалмақтарға қарсы бірнеше жеңісті жорық жасады. Өз
тылын осылайша қауіпсіз еткен ол қалың қолын бастап,
Сырдария бойына қарай бет алды. 1724 жылдың
көктемінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан
қаласына жетіп, оны тікелей шабуылмен азат етті. Қаланы
бір жыл бойы өз қолында ұстап тұрды. Бірақ жаудың
еселенген көп күшінің тегеурінді қысымымен Түркістанды
және сол аймақтағы басқа да қалаларды тастап шықты.

12.10.17 2
1725 жылы құрамында 50 мың жауынгері бар бірлескен қазақ-карақалпақ
әскерінің қолбасшысы болды. Сөйтіп жоңғарларға қарсы бірнеше сәтті
жорық жасады. Осы кезде оның ұйымдастырушылық таланты, ірі әскери
қолбасшы ретіндегі қабілеті, жеке өз басының қаһарман ерлігі айқын
танылды. Жауға неғұрлым жылдам әрі күйрете соққы беруді ұйымдастыру
қажеттігі бүкіл қазақтың күш-жігерін біріктіруді талап етті. Осы
мақсатпен 1726 жылдың күзінде Ордабасы тауында (қазіргі Шымкент
қаласының батыс жағында) Бүкілқазақтық Құрылтай болып өтті. Оған
қазақтың хандары, үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары келді. Қазақ
халқының ең таңдаулы өкілдерінің бас қосқан бұл жиынында жау ға
күйрете соққы беруді, орталықтандырылған күшті басшылықты қалай
ұйымдастыруды шешу керек болды.
Қазақтар бір-біріне барынша берілген, адал болуға осы Ордабасыда ант
берісті. Құрылтайға қатысушылардың бірауыздан ұйғаруымен
Әбілқайыр хан бүкілқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшысы болып
сайланды. Бүкілхалықтық әскери жасақтың бас сардарбегі болып
батырлар арасынан Қанжығалы Бөгенбай бекітілді. Ордабасыдағы осы
Құрылтай жиналысының шешімдері қазақ халқының жоңғар
басқыншылығына карсы азаттық күресінде өте маңызды рөл аткарды.
Қазақ қоғамының бүкіл күш-жігерін нақты іс жүзінде біріктіру қолға
алынды. Әрбір ру өзінің жауынгерлік жасақтарын құрып, бүкілқазақтық
үлкен жасаққа алып келіп қосуды қасиетті міндетіміз деп білді.

12.10.17 3
Ұлт-азаттық қозғалысыньң
жетекшілері және оған қатысушылар

12.10.17 4
Ұлт-азаттық қозғалысыньң
жетекшілері және оған қатысушылар
Басқыншы жауға карсы күреске
бүкіл қазақ халқы көтерілді. Ірі-ірі
әскери жасақтарды Әбілмәмбет,
Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр,
Сұлтанбет сияқты хандар мен
сұлтандар , Шыңғысханның басқа
да көптеген ұрпақтары басқарды.

12.10.17 5
Жас сұлтан Абылайдың беделі тап осы кезеңде к өтерілді. Ол кейін
қазақтың аса құрметті, беделді де айбынды ханына айналды.
Азаттық күресіне идеялык басшылық жасауды қазақтың үш жүзінің аса
көрнекті үш биі өз міндеттеріне алды.
Басқыншыларға қарсы қарулы карсылықты ұйымдастыруда қаза қты ң
әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шы ққан
Қаракерей Қабанбай , Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай ,
Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген,
Түгел, Бөлек, Шақантай, Қошқарбай, Байболат сия қты бас қа да
көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес
жасақтарды басқарды және оларды қанды шай қаска, ерен ерлік к өрсете
отырып, өздері бастап кірді. Оларды ң б әрі де Әбіл қайыр хан мен
Бөгенбай батырдың жалпы басшылығымен, қата ң жауынгерлік т әртіпті
сақтай отырып, үйлесімді ұрыс қимылдарын жүргізді. Жоңғар
басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Атап
айтқанда, Олжабай батыр. Абылай с ұлтанны ң қызы Айтол қын,
Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен
қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырды ң әйелі Гау һар
батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлы қ ірі шайқастарға да
қатысты. Кейінірек балалы болып, босан ғаннан кейін со ғыс қа өзіні ң
үлкен қызы Назымды жібереді. Қаза қ ауыз әдебиетінде Гау һар батыр
айтыпты деген мынадай сөз сақталған: «Атаңның ұлы болып тума,
еліңнің ері болып ту».

12.10.17 6
Қазақ халқының жоңғар
басқыншыларына қарсы Отан
со ғысы
12.10.17 7
Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің интернационалдық сипаты
болды. Онда ортақ жауға карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жа ғынан да д әст үрлі
мәдениеті жағынан да туыс қара қалпақтар мен қыр ғыздар аянбай со ғысты.
Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңіндеп қатыгез қырғындардағы жеңіліс қазақ
халқының ұнжырғасын түсірген жо қ. Олар жеңіске жетеміз деген рухы мен ерік-
жігерін сақтай білді. Халықтың жаппай ерлік көрсетіп, қаһармандық танытуы,
өздерін ар-намыс жолында құрбан етуге дейін баруы арқасында қатыгез жауды ң
ойранды әрекеттеріне төзе біліп, төтеп беріп қана қойған жоқ, жоңғар
басқыншыларын тас-талқан етіп жеңіп шы қты. Ол кезеңнің «Қазақ
батырлығының алтын ғасыры» деп аталуы тіпті де тегін емес.
Айрықша атап айтуға тұрарлық нәрсе — қазақ батырлары басқыншыларға қарсы
кең-байтақ Қазақстан аумағының барлық жерінде бірдей шай қасты. Б ұл соғыстың
барысында қазақ халқы жүзге, тайпа ға және ру-ру ға б өліну дегенді ұмытты, жау ға
қарсы жұмылған жұдырықтай ауызбіршілік танытты. Қаза қты ң халық жырауы
Тәті-қара үш жүздің өкілдері бір кісідей ұйымшылды қпен ерлік көрсеткенін былай
деп суреттейді: «Қамыстың басы майда, түбі сайда, Ж әнібек Ша қша құлы болат
найза. Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпша қта ғы, Өзге
батыр қайтса да, бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уа қта ғы.
Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт, жігіттік ерлікті айтса ң, Б өгенбайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген Еменәлі Керейде ер Жабайды айт».
Қазақ батырларының ерен ерлігін біздің заманымызға дейін өз шы ғармалары
арқылы жеткізген жырау-ақындар Үмбетей, А қтамберді, Т әті қара, Қожаберген,
Бұқар, Көтеш және басқалары болды. Оларды ң көпшілігі с ұрапыл со ғысты өз
көздерімен көрген куәлар ғана емес, сонымен қатар ерлікпен шайқасқа түскен
жалынды жау жүрек жауынгерлер де болды.

12.10.17 8
Бұланты шайқасы
Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы
Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде
қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті. Бұл шайқасқа
қазақтар мен қырғыздар да белсене қатысты. Біріккен күштерді ң
құрамындағы жауынгерлердің жалпы саны 60 мың адамға жеткен
еді. Қанды шайқас болған жердің аты «Қалмаққырылған» деген
атаумен де қазақ халқының есінде тарихи атау ретінде м әңгі
сақталып қалды. Сол шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуы қ
жауынгері қаза тапты. Бұланты өзенінің бойында ғы же ңісті ң
баға жетпес зор маңызы болды. Ол Қазақ жауынгерлеріні ң
моральдық рухын әлдеқайда күшейтті. Жоңғарлардың жер
қайысқан қалың қолы жеңілістің не екенін білмейді деген
жалған аңыздың күлін көкке үшырды. Оның есесіне қазақ
жауынгерлерін жігерлендіре түсті. Бұланты шайқасында ғы же ңіс
жалпы халықтың жүрекжарды қуанышына ұласты, қаһарлы
жауға қарсы күресте бүкіл халықтың күш-жігерін өлі де біріктіре
түсіп, нығайта беруге деген ұмтылысына тың серпін берді.
Қазақ жауынгерлерінің Бұланты өзені бойындағы жеңісінің
стратегиялық маңызы да зор болды. Ол алдағы Аңырақай
шайқасында жауға есінен тандыра, ойсырата соққы беруді ң
сенімді кепіліне айналды.

12.10.17 9
Аңырақай шайқасы
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азатты қ к үресі барысында ғы өте елеулі
оқиға — Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жыл ғы к өктемде Бал қаш к өліні ң
оңтүстік-батыс жағындағы Итішпес Алак өл деген жерде болды. Шай қас қа Кіші
жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылы қ етті. О ған қаза қты ң үш жүзіні ң
жасақтары қатысты.
Аңырақай шайқасы дәстүрлі жекпе-жек ұрысқа шығудан басталды. О ған жо ңғар
жағынан әскербасы Шарыш, қазақ жағынан жас батыр Сабала қ (болаша қ Абылай
хан атанған Әбілмансұрдың жасырын аты) шы қты. Сабала қ қарсыласына
«Абылай! Абылай!» деген жауынгерлік ұранмен атой сала ұмтылды. Жекпе-жекте
қазақ батыры жеңіп шықты. Мұны ң өзі қазақ жауынгерлерін ар қаландырып,
олардың жігеріне жігер қосты. Жау жағыны ң берекесі қашып, қатты абыржыды.
Жоңғарлардың рухы төмен түсіп кетті. Осы жекпе-жек шай қастан кейін Сабала қ
Абылай атанып кетті. А ңырақай шайкасында қаза қтар жо ңғарлар ға естерінен
тандыра күшті соққы берді. Шайқас даласында жо ңғарларды ң есе ңгіреген,
жеңіліске ұшырап, аңырап қалған жері А ңыра қай деп аталып кеткен к әрінеді.
Үш жүздің хандары мен сұлтандары б ұрын ғы алтыба қан алауызды қты қойып,
күш біріктірудің арқасында қаһарлы жау ға жұмыла к үресіп, тамаша же ңіске жетті.
Бұл жеңіс үш жүздің күш-жігер біріктіруінің әбден қисынды әрі за ңды н әтижесі
болды. Жүз жылдан астам уа қытқа созыл ған қаза қ-жо ңғар со ғысында т үбірлі
өзгеріс жасалды, енді біржола т үбегейлі же ңіске жететін к үн де жа қын қалды.
Жоңғарлар қазақтардан тартып алған жерлерін алды-артына қарай алмай, тастай
қашты. Олар бұдан былай қаза қ жеріне шап қыншылы қ жасамау ға ант ішті.
Қазақ жасақтарының кезекті тамаша жеңіске жеткеніне қарамай, жау жа ғы әлі де
күшті, әлі де қауіпті еді. Сонды қтан да б үкіл қаза қ хал қыны ң ұза қ уа қыт бойы
жоңғарларға қарсы жанқиярлы қпен күрес жүргізе беруіне тура келді.

12.10.17 10
Билік үшін бақталас күрес және біртұтас
халық майданының ыдырай бастауы
Аңырақай шайқасынан кейін жауды түбегейлі біржола
жеңудің ауылы алыс қалған жоқ еді. Бірақ тап осы кезде
Жоғары мәртебелі Ұлы хан Болат кенеттен қайтыс болды. Ол
орыннан үміткерлер арасында тақ таласы басталды. Бүкіл
қазақтың Ұлы ханы болудан Әбілқайыр мен Сәмеке дәмелі
болатын. Бірақ қазақ ақсүйектерінің тобы бұл ең жоғары
лауазымды орынға іс жүзінде ешқандай айтулы қызметімен
көзге түспеген Әбілмәмбетті сайлауды лайық деп тапты.
Өйткені аймақтық билеушілерге билік басында күшті
тұлғаның отыруы керек емес болатын. Сондықтан
қазақтың біріккен әскери күштерінің бас қолбасшысы,
Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен Орта жүздің ықпалды
ханы Сәмеке әлгі шешімге риза болмай, өздерін
қорлағандық санады да, әлі соғыс қимылдары жүріп
жатқан аумақтан өз әскерлерін алып кетті. Сөйтіп
Қазақстанның Ресеймен шекаралас жақтарына — бірі
солтүстікке, бірі — солтүстік-батыс жаққа қарай көшті.

12.10.17 11
Өкінішке қарай, зор қиындықпен құрылған
жалпықазақтық әскери жасақ аяқ астынан ыдырап
шыға келді. Қалыптасқан қиын жағдайдан
шығудың ендігі жолын әр жүз өздерінше жеке-жеке
іздестіруге көшті. Мәселен, Ұлы жүз жоңғарларға әлі
де уақытша бағына тұруға мәжбүр болды. Оларға
аманат беріп, жыл сайын алым-салық төлеп тұрды.
Жоңғар шапқыншылығының зардабын бәрінен де
көп тартқан Орта жүздің жауға қарсы күресті одан
әрі жалғастыра беруіне тура келді. Ал Кіші жүз үшін
мүлде басқаша жағдай қалыптасты. Ол жан-
жағындағы халықтардың қатерлі тығыз
қоршауында қалып қойды. Олар хиуалықтар ,
түрікмендер, Еділ қалмақтары, Жайық Қазақтары
және башқұрттар еді. Өйткені бұл кезде олардың қай-
қайсысымен де қарым-қатынас нашарлап, шиеленісіп
тұрған болатын.

12.10.17 12
Қазақ халқының жоңғар
шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи
ма ңызы
Сонымен XVIII ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде қазақ халқы өз
азаттығы жолындағы Отан соғысын жүргізді. Жалпы-қазақтық
біріккен әскери жасақ жоңғар басқыншыларына ұйымдасқан түрде
үсті-үстіне соққы бере бастады. Мұның өзі көбінесе қазақтың үш
жүзінің, бүкіл қазақ халқының күш-жігер біріктіруінің ар қасында
мүмкін болды. Қазақ халқын түгелдей қырып жіберу қаупі ел
билеушілерін бұрын болған алтыбақан алауыз ырың-жырынды
ұмытуға, бас қоса бірігіа, жоңғар әскерлеріне үсті-үстіне со ққы беруге
мәжбүрлікпен жұмылдырды.
Қазақтың билеушілері, билері мен батырлары қаза қ мемлекеттілігін
қалай да сақтап қалуға күш-жігерін барынша аямай жұмсады.
Бұланты және Аңырақай шайқастары қазақ сарбаздарының
жауынгерлік рухын күшейтіп, аспандата биікке к өтерді. Ол
шайқастардағы жеңіс халық болып топтасқанда кез келген к үшті
жауды жеңіп шығуға болатынын айқын көрсетіп берді. Оны ң үстіне,
қазақ сарбаздары жоңғар әскерлерінің жеңіліс атаулыны білмейтіні
жөніндеп жалған аңыздың күлін көкке ұшырды.
Бұл соғыста қазақ халқының туыскан қарақалпақ және кыр ғыз
халықтарымен жауынгерлік одағын құрудың негізі қаланды. Соны-мен
қатар бұл кезде, XVIII ғасырдың 30-жылдарыны ң бас кезінде, билік
жолындағы тақ таласы қазақтардың күшін ыдырату ға та ғы да алып
барып соқты, олар ақыр аяғында елдің тәуелсіздігінен айырылып
тынды.

12.10.17 13

Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ерлігі
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі туралы
Қазақ халқының күш біріктіре бастауы
Шайқасқа Кіші жүздің ханы
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы
Екінші қолын
Абылай хан есімізде
Қазақтың атақты биі
Қазақ хандығының әскері
Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы
Пәндер