ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУ МҰЗДЫҚТАРЫ
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУ
МҰЗДЫҚТАРЫ
Қар сызығы
Мұздықтардың пайда болуы үшін, олардың орналасатын жер бедерінің болуы
және жауын-шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт. Мұздықтар құрлық
бедер пішіндерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мұздықтар
қалыптасатын алқап жер бетіндегі ерекше белдемде - хионосферада (грекше -
қар қабаты) орналасады, оның төменгі жағы қар сызығы деп аталатын
шекарамен шектеледі. Қазақстан тауларында қар сызығы ауаның
құрғақтығы мен климаттың континенттігіне байланысты бірсыпыра биікте
жатыр. Қар сызығы оңтүстікте биік болады, солтүстікке қарай ед әуір
төмендейді. Қар сызығының орташа биіктігі Тянь-Шань тауларында 3800 м-
ден, Алтай тауларында 2600 м аралығында жатыр. Бір тау жотасының оңтүстік
Тау мұздықтарының типтері
Мұздықтар тауларда әркелкі орналасқан. Ең көп
шоғырланған ауданы Жетісу Алатауындағы 1369 мұздықтың
ауданы 1000 км2. Оның 996 км2-і солтүстік беткейде жатыр.
Тянь-Шань тау жүйесінің республика жерінде 1009 мұздығы
857 км2 жерді алып жатыр. Қазақстан Алтайында мұздану
ауданы 89,6 км2-ге жететін 328 мұздық бар. Сауыр
жотасында 18 мұздық орналасқан. Таулы бөлікте мұздықтар
типтерінің үш түрлі негізгі топтары бар:
1. Тегістелген төбе мұздықтары биік таулар басында пайда
болады, олар Жетісу Алатауында жиі кездеседі, басқа
тауларда сирек, бүкіл мұздықтар ауданының 1%-ына тең.
2. Тау беткейлерінің мұздықтары тік беткейлердің ойыс
жерлеріндегі аспалы мұздықтары, беткейлерде тараған
кішігірім терең дөңгелек қар қазаншұңқырларында
орналасқан. Қар типіндегі мұздықтары республика мұздықтар
ауданының 33%-ын алып жатыр.
3. Аңғарлық мұздықтар, кәдімгі альпі типтес аңғарлық
мұздықтарға жатады. Олар бүкіл мұздықтар ауданының 66%-
ын қамтиды.
Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының
жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы,
Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда
мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан
ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте,
мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық
шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.
Алтайтауларыныңқазақстандық бөлігі геол. тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы
Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы. Олар Орал - Мон ғол геосинклинальды қ
белдеміндегі қайта көтерілген тауларға жатады. Оның оңтүстік бөлігін Сібір платформасы
құрайды. Таулы өлкенің іргетасы, негізінен, палеозой дәуірінде пайда болған терригенді,
карбонатты және жанартау текті метаморфтанған тау жыныстарынан т үзілген. Кейбір т ұсында
интрузивті жыныстар жер бетіне шығып жатыр. Алтайдан дан палеозой құрылымыны ң
іргетасы болып саналатын жоғарғы протерозойдың тақтатастары, кварциттері кейбір
антиклинорийлер мен горсттер (Қатын, Теректі жоталары) к ұрамынан табылды. Жо ғар ғы
палеозой, юра, палеоген, неоген, антропоген кезе ңдерінде пайда бол ған, құрамында қазба
көмірі бар континенттік жыныстар бірен-саран тауаралы қ ойыстар мен грабендер де
(Шыңғыстай, Голубовка а-дары маңында, Құрай даласы, Көкпекті, Кіші Б өкен, Үлбі
өзендерінің бойында) кездеседі.
Климаты
Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа
температурасы тауаралык ойыстарда 27—30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде - 13-
16°С. Ең суық орташа температура Марқакөл к-нін маңында (-27,6°С). Алтайдың ең жылы
шілде айының орташа температурасы 18-20°С, ал 1000-1500 м биіктікте ол 14—16°С-тан
аспайды. Ең жоғары температура Зайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін). Жер биіктігі
артқан сайын, температура инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп
отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста
суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-
шығыс Алтайда жауын-шашын мөлш. 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). Алтайдың
шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлш. 200-300 мм (Шуй даласында 100 мм), ал
Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында. Жауын-шашын, көбінесе, көктем мен күз
айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел
жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен
жылы Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып
келсе, "Алтай желінен" кейін онда бүлтты әрі жылы болып, қар жауады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz