«Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру»




Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
«Мәтіндік құжаттарға
графикалық кескінді кірістіру»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәтіндік құжаттарға
графикалық кескінді кірістіру жайлы
мәліметтер беру. Құжатқа суреттер енгізу
әдіс-тәсілдерін үйрету,көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін
дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа
баулу, шығармашылық қабілетін дамыту,
пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Құжаттарды безендіруге, әртүрлі
суреттерді енгізу түрлерін білу қажет.
Тәрбиелік: жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр
сабақта ҚЕ сақтауға, техникалық
құралдарды сақтауға тәрбелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру,
сұрақ-жауап, ой қозғау, өз
бетімен жұмыс, жеке жұмыс,
шығармашылық жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты
игерту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,
компьютер, суреттер, карточкалар,
электорнды оқулық.Сабақта
қолданатын MS Office
программалары.
Пәнаралық байланыс: қазақ
тілі, сурет, валеология,
математика.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі,
оқушыларды түгелдеу,
сабаққа жұмылдыру,
компьютердің
дайындығын бақылау,
техникалық
қауіпсіздігін ескерту.
ә) Үй тапсырмасын
тексеру және талдау.
б) Бүгінгі сабақтың
барысымен таныстыру.
«Мәтіндік құжаттарға
графикалық кескінді кірістіру»
• Үй тапсырмасын
тексеру:Paint
графикалық
редакторында үй
жұмысына берілген
еркін тақырып
бойынша салған
суреттерін файлдан
көрсетіп,әңгімелеп
беру арқылы үй
жұмысы тексеріледі.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Microsoft Word кұжаттарына басқа программаларда жасалған, сондай-ақ сурет салу
тақтасын қолданып салынған суреттер мен графиктік объектілерді қоюға болады.
Ол осы объектілерді көшіруге және оларды құжаттың кез-келген жеріне қоюға
мүмкіндік береді.
Сол сияқты Word –та мәтінге дайын немесе Paint графикалық редакторында өзіңіз
салған суреттеріңізді кірістіру мүмкіндігі бар.
Егер сіз Paint –та өз суретіңізді салған болсаңыз, онда оны сіздің мәтініңізге алмастыру
буферінің көмегімен көшіру командасын қолданып кірістіруге болады.

Дайын суреттер кітапханасынан суретті кірістіру мысалын қарастыруға болады:
Мәтінді енгізіп алу қажет
Вставка – Рисунок – Картины командасын орында
Microsoft Clip Gallery диалог терезесінде Картинки қосымшасын және сурет
категориясын таңда
Суреттері бар терезеде ашылады, таңдалынған суретте маусты шертіңіз
Мәтінге суретті кірістіру үшін Вставить батырмасы бойынша шертіңіз.
Егер сізді өлшемі қанағаттандырмайтын болса, онда оны үлкейтіңіз немесе
кішірейтіңіз. Ол үшін сурет бойынша маусты шертіңіз, меңзерді суреттің бұрышына
орналастырыңыз. Меңзер қос бағыттауышының формасын алуы қажет және
бағыттаушыны көлденеңінен жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Суреттің өлшемін қалауымызша таңдағаннан кейін осы бойынша маустың оң жақ
батырмасын шертіңіз.
Жанама менюден Формат рисунка командасын таңдаңыз. Формат рисунка диалог
терезесінде Положение қосымшасы бойынша шерту және Поверх текста
опциясында жалаушаны алып тастаңыз , ОК шерт.
Кірістірілген сурет мәтіннің оң не сол жағына орналасуы үшін , Обтекание
қосымшасын таңдау қажет. Вокруг рамки және По большей стороне
квадраттары бойынша шерт және ОК шерт.
Оқушылар
тапсырманы
орындамас бұрын,
қауіпсіздік ережесін
қайталап кетейік.
Оқушыларға
тапсырмалар
таратылады.
Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

Суретті қалай мәтінге кірістіруге
болады?
Суретті үлкейту, созу, кішірейту,
көшіру амалын айтып бер?
Paint редакторындағы суретті
қалай мәтінге енгізуге болады?
Мәтінді қалай безендіруге болады?
Мәтіннің қатесін қалай тексеруге
болады?
Сабақты қорытындылау:

Мұғалім сөзі:

Сендер менің байлығым –
оқушыларым,
Үміт еткен мақсатым, бар арманым
Мен жетпеген шыңдарға сендер
жетсең,
Орындалар өмірде бар арманым.
Оқушылардың білімін
бағалау.
Қателерін
тексеру
Әр оқушы қай
дәрежеде толық
жұмысты
жасағанын көру
Қателерін
айтып,өздеріне
қатесін түзету
Үйге тапсырма:

90-91 беттерді
мәнерлеп оқу,
түсіну, еркін
тақырыпқа
қысқаша әңгіме
құрастырып
келу.
Тапсырма №1
Мына суреттке
қарап, сөйлем
құрастыр.
Сөйлемің 25-10
болу қажет.
Тапсырма №2
Мына сурет мәтінге сәйкес
қойылғанба?

Итошаған (череда) – ылғалды
жерлерде өсетін жабайы
өсімдік. Шөбі емшектегі
баланы шомылдырғанда
қолданады. Өйткені итошаған
өсімдігі теріге түрлі бөртпелер
шығудан қорғайды. Өсімдікті
антисептикалық дәрі ретінде
және диатезді емдеу үшін
пайдаланады. Сондай- ақ
итошағанның су тұнбасы мен
қайнатпасының несеп
айдайтын және терлететін,
созылмалы бүйрек ауруларын
емдейтін қасиеті бар.
Тапсырма №3

• Өзіңнің
күнделікті
жасайтын
жұмысың туралы
әңгімелеп бер.
Тапсырма №4
• Мына суретті
созуға ,
кішірейтуге ,
үлкейтуге бола
ма?

Ұқсас жұмыстар
Кескінді баптау тақтасы
Графикалық редакторында сурет салу
Сілтемелер тобының батырмаларын жазыңдар
Мәтінге графикалық объекті кірістіру
Графикалық редактордан кірістіру
Суретті жұмбақ
WordPad мәтіндік редакторы. Графикалық объектілерді кірістіру
Технологиялық үрдістерді және өндірістерді компьютерлендіру
Лентаны кірістіру Суретті кірістіру
Графикалық редактордан сурет кірістіру
Пәндер