8-сынып физикасы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау


Slide 1

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

Физика 8 сынып

Физика пәнінің мұғалімі: Сабаева Б. Н.

Шымкент қаласының №79 орта мектебі

Slide 2

Сабақ мақсаты:

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды түсіндіру.

Ойлау қабілетін, танымын, өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу.

Оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру; еңбекке, ұжымшылдыққа, халық дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.

Slide 3

Сұрақ-жауап.

Ток күші деп нені айтады? Оның өлшем бірлігі.

Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Ол тізбекке қалай қосылады?

Электр кернеу деп нені айтады? Ол қандай бірлікпен беріледі?

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда.

Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді?

Ток көзіне нелер жатады?

Токтың әсерлері қандай?

Slide 4

Өткізгіш сымның бойынан электрондар ағып жатыр. Электрондардың ағысы дұрыс па?

Slide 5

Өткізгіш тізбек берілген. Тізбек неден тұрады? Қатесін анықта.

Slide 6

Ток көзіне бірнеше резисторлар жалғанған. Өткізгіштің жалпы кедергісі

Slide 7

Мына суретте амперметрлердің шкалалары көрсетілген. Амперметрдің көрсетуі 2 А. Қатесін тап.

Slide 8

Балама тесті (иә, жоқ)

Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы кедергі деп атайды.

Ток күшін өлшейтін құралды вольтметр деп атайды.

Электр тогының қуаты деп уақыт бірлігіндегі жасалған жұмысты айтады.

Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы кернеу деп аталады.

Меншікті кедергінің өлшем бірлігі .

Slide 9

Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады.

Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.

Slide 10

1- жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.

Slide 11

Бір секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірдей мөлшердегі еркін заряд тасушылар өтсе, өткізгіштерді тізбектей жалғағанда, өткізгіштердегі ток күшінің шамасы бірдей болады. Алайда өткізгіштің ұштарындағы және кернеулері әр түрлі. Тізбектің әрбір бөлігіне Ом заңын қолданамыз. Демек, .

; ; екенін ескере отырып:

аламыз.

Slide 12

Егер арқылы өткізгіштердің жалпы кедергісін белгілесек, онда .

Тізбектей жалғанған бірнеше өткізгіштен тұратын тізбектің кедергісі жеке өткізгіштер кедергілерінің қосындысына тең.

Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады: ;

;

.

Slide 13

2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.

Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды.

Slide 14

Тізбекті параллель жалғағанда, екі параллель арнаға тармақталған су ағыны тәрізді, ток өткізгіштер бойымен тармақталады.

және тармақталған ток күштерінің қосындысы тармақталмаған бөлігіндегі токтың шамасына тең, яғни .

Ом заңының негізінде бірінші өткізгіштің ұшындағы кернеу:, ал екінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: болады.

Slide 15

және бір-біріне тең, себебі, олар А және В бір ғана нүктелердің (түйіндердің) арасындағы кернеу болып табылады, осыдан екендігі шығады.

Жоғарыдағыны ескеріп және жалпы кедергіні

арқылы белгілей отырып, ,

формулаларын аламыз.

Бұл формулалардың оң және сол жақ бөліктерін қосамыз, сонда

немесе .

Slide 16

Демек,

немесе .

Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.

;

;

.

Slide 17

20-жаттығу

1. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі өткізгіштегі кернеудің төмендеуі . Кедергісі болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің кедергісін анықтаңдар.

Берілгені:

Табу керек -?

Жауабы: 16 В, 480 Ом

Slide 18

2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі өткізгіш арқылы ток өтеді.

ток өткендегі өткізгіштің кедергісін анықтаңдар.

Берілгені:

Табу керек - ?

Жауабы: 275 Ом

Slide 19

3. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?

Берілгені:

Табу керек - ? - ?

Жауабы: 0, 48 А; 2 А.

Slide 20

Шамалар

Физикалық шамалар

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Ток күші

Кернеу

Кедергі

Меншікті кедергі

Slide 21

Формулалар

Шамалардың арасындағы байланыс


Ұқсас жұмыстар
8-сынып физикасы: өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу - сабақ жоспары мен есептер
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау: ойын элементтері мен инновациялық әдістер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру
Резисторларды тізбектей және параллель жалғау: Ом заңы және тізбектерге есептеулер
Өткізгіштердің тізбектей және параллель қосылуы: заңдылықтар, есептер және бақылау тапсырмалары
Электр тогы мен электр қозғаушы күш: Ом заңы, тізбектің ішкі және сыртқы бөліктері және тізбектей мен параллель қосылу
8-сынып физикасы: Қайнау және меншікті булану жылуы
8-сынып физикасы: Электр тогы, ток көздері және Ом заңы
8-сынып физикасы: серпімділік пен деформацияға арналған сабақ жоспары
8-сынып физикасы: тарауды қорытындылау сабағы - ток күші, кернеу және кедергі
8-сынып физикасы: Электр зарядының қасиеттері, сақталу заңы және атом құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz