Расул Гамзатов “Менің Дағыстаным” әңгімесі


Slide 1

№ 2 жоғары сатылы орта мектеп

Пәні: Әдебиет

Тақырыбы: Расул Гамзатов

“Менің Дағыстаным” әңгімесі

Сыныбы: 8 “б”

Пән мұғалімі: Темірова Эльмира

2007-2008 оқу жылы

Slide 2

Мақсатым:

Білімділік:

«Менің Дағыстаным» әңгімесінің мазмұны мен идеясын ұғындыру, әңгіме арқылы білім мен тәрбиені ұштастыру.

Тәрбиелік:

Отанды сүюге, адамгершілікке, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өлең шығару арқылы тілін дамыту.

Slide 3

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сөздікпен жұмыс, концептуалдық кесте, БҮҮ стратегиясы, ойын, сауалнама.

Жұмыс түрі: Интерактивті тақтамен жұмыс

Пәнаралық байланыс: Әлем әдебиеті, география, қазақ тілі

Көрнекілігі: Слайд арқылы ақынның суреттері, бүктеме, карта, кітаптар

Slide 4

Сабақтың жүрісі:

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ

Сөздікпен жұмыс

Кітаппен жұмыс (сұрақ - жауап)

Шығармашылық жұмыс ( өлең шығару, концептуалдық кесте)

Сабақты қорытындылау (БҮҮ, тест)

Үйге тапсырма

Бағалау

Slide 5

1. Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу

Ә) Түгелдеу

Slide 6

2. Үй тапсырмасын тексеру

А) Расул Гамзатовтың өмірі мен шығармашылығы

Ә) “Ана тілі” өлеңін жаттау

Б) Өз ана тілің туралы қандай өлеңдер білесің?

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12

Расул Гамзатов «Менің Дағыстаным»

Slide 13 Slide 14

Дағыстан елі Ресей Федерациясының құрамына кіретін автономиялық мемлекет. Ол Солтүстік Кавказда орналасқан. Астанасы - Махачкала. Территориясы Ресей Федерациясының 3, 5 % алып жатыр. Дағыстанда 102 ұлт бар. Олар: лезгин, ноғай, орыс, украин, еврей, авар т. б. Ұлттардың ішінде ең көбі - аварлар. Онда 577 мың авар тұрады. Аварлар Дағыстан халқының 27 % құрайды.

Slide 15

4. Сөздікпен жұмыс

Революция - көтеріліс, төңкеріс

Авар - Дағыстанда тұратын халық

Париж - Францияның астанасы

Slide 16

5. Кітаппен жұмыс

А) Италияда қалып қойған суретші жігіттің картинасында қандай аңыз бейнеленген?

Ә) Суретші еліне неге қайтқысы келмейді?

Б) Суретшінің шешесі Расул Гамзатовтан не сұрады?

Slide 17

6. Шығармашылық жұмыс

Тіл, Отан туралы өлең шығару

сақтаймыз

ақтаймыз

мадақтап

жаттаймыз

Slide 18

Қазақ тілін құрметтеп біз сақтаймыз,

Ана сүтін өмір бойы ақтаймыз.

Туған жердің топырағын мадақтап,

Ақындардың өлеңін біз жаттаймыз.

(Кемелханова Жазгүл)

Slide 19

Туған тілім, ана тілім, бал тілім,

Ана тілін құрметтейді қазағым.

Тілімді мен сүйемін жүрегіммен,

Тіл жолында жанымды беремін мен.

(Маханова Ақбаян)

Slide 20

Менің тілім - асыл тіл сөз жетпейтін,

Қастерлеп оны әр кез құрметтеймін.

Биігіне жете алмас бұл тілімнің

Ішіндегі мықтысы бар әлемнің.

(Сисенбаева Жанаргүл)

Slide 21

Бар дәстүрін еліміздің сақтаймыз,

Анамыздың ақ сүтін біз ақтаймыз

Дүниенің әсемдігін мадақтап,

Еліміздің дәстүрлерін жаттаймыз.

(Сағынова Іңкәр)

Slide 22

7. “Кім? Қайда? Қашан?” ойыны

Шығармадан үзінділер келтіремін, қай

кейіпкердің қашан, қайда айтқанын

айтасыңдар.

Slide 23

Сен қателестің, Расул, менің ұлым баяғыда өліп қалған.

Slide 24

Бұл аварлардың көне аңызы бойынша салынған сурет.

Slide 25

“Сендер аварша сөйлестіңдер ғой? - деп сұрады менен”

Slide 26

“Кеш қой. Енді еліме тек қаудыраған сүйегімді қайтаруға хақым бар ма менің?”

Slide 27

“Геологияның болашағы деген керемет қой”

Slide 28

“- Келсейші, ей, жаман неме. Өзі қазақша білетін бе еді?”

Slide 29

“- Ештеңенің керегі жоқ, нан тауып бер”

Slide 30

“Айналайын, туған жер, сені де көретін күн болады екен - ау! -деп тұншыға күбірлейді ”

Slide 31

8. Концептуалдық кесте

Кейіпкер

Адамгершілік қасиеті

Өз бағам

Slide 32 Slide 33

9. Сауалнама

1. Расул Гамзатов қай жылы дүниеге келді?

А) 1924 ж Ә) 1925 ж Б) 1923 ж

2. Р. Гамзатов училищені бітірген соң, қандай қызмет атқарды?

А) Мұғалім Ә) Журналист Б) Публицист

3. Өмірбаяндық прозалық шығармасын көрсет.

А) “Тау қызы” Ә) “Менің Дағыстаным” Б) “Қонақ”

4. Қай кітабы үшін Лениндік сыйлық алған?

А) “Биік жұлдыздар” Ә) “Мен туған жыл” Б) “Тырналар”

5. Суретші қай ұлттың қызына үйленеді?

А) Француз Ә) Итальян Б) Неміс

6. Авар киімін киген итальян қызы бейнеленген суреттің аты.

А) “Елді аңсау” Ә) “Тұман” Б) “Елім”

Slide 34

7. Аварлардың көне аңызы бойынша салынған суреттің кейіпкері

А) Қыз Ә) Ит Б) Құс

8. Париж қай елдің астанасы?

А) Франция Ә) Италия Б) Дағыстан

9. Расул мен суретші қай тілде сөйлесті?

А) Авар Ә) Орыс Б) Тілмаш арқылы орыс және француз

10. “Менің Дағыстаным” шығармасын қазақ тіліне аударған кім?

А) Қуандық Шаңғытбаев

Ә) Кенжеболат Шалабаев

Б) Сағи Жиенбаев

Slide 35

Дұрыс жауаптары:

1 Б 6 А

2 А 7 Б

3 Ә 8 А

4 А 9 Б

5 Ә 10 Ә

Slide 36

Бағалау нормасы

“5” - 10

“4” - 8 - 9

“3” - 4 - 7

“2” - 0 - 3

Slide 37

Сауалнама қорытындысы

“5” - 6 оқушы

“4” - 11 оқушы

Slide 38

10. Қорытындылау

БҮҮ стратегиясы

Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді

Slide 39 Slide 40

11. Үйге тапсырма

“Ана тілім - айбыным” шығарма жазу.

Slide 41

Бағалау

“5” - 4 оқушы

“4” - 9 оқушы

Сапа - 76 %


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі - менің тілім
Тұманбай Молдағалиев
Қазақ тілі – менің ана тілім!
Салттын атын ата
Ана әмірі - Қысқа әңгіме
ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ (1928 – 2008)
Ислам діні
Сайыстың кезеңдері
Сәбит Мұқанов Саятшы Ораз әңгімесі
Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz