Жүре пайда болған (ЖИТС, СПИД ағылш. AIDS) иммундық дефицитiнiң синдромы




Презентация қосу
Жүре пайда болған (ЖИТС, СПИД ағылш. AIDS) иммундық
дефицитiнiң синдромы - Вич фонында дамитын күй - лимфоциттердiң
құлау сипаттайтын CD4+нiң саны, көптiк оппортунистiк инфекциялар,
инфекция емес және iсiк ауруларымен (Human immunodeficiency virus, HIV
ағылшынша) инфекция.
Инфекция көзі

Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған
адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Еш қандай ауру белгілері
байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус
көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек с үтінде болады.
Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы м үмкін

ЖИТС (СПИД) ауруына көбінесе нашақорлар шалдығады
Жұғу жолдары

— жыныстық қатынас;
— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жаса ған кезде т.
б. жағдайларда);
— анасынан нәрестеге жүғу арқылы.
ЖИТС жұғудан қалай сақтанады?

Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі — вакцина егу. Алайда
вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіліп жатса да,
ондай профилактикалық препарат алу әзірше қолдан келмей отыр. ЖИТС-пен
науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары мыналар:

— әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар;
— жеке басты қорғауға бағытталған шаралар.
Оларға мыналар жатады:
— салауатты, әдепті өмір сүру;

— кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан
сақ болу (жыныстық партнер көп болған сайын ЖИТС жұқтыру қаупі арта түседі. Г. В.
Сколубовичтін. (1989) айтуы бойынша, «Жыныстық тәртіпсіздік, нашақорлық және
жезөклелік — ЖИТС вирусын жұқтыру кепілі»);

— стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және
басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;

— әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен,
бөлінділерімен жанасудан абай болу;

— презервативті дұрыс пайдалану (ол ЖИТС-тен қорғайды);

— қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда
олардың АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін қолданылған қанның сериялык
нөмерін жазып алыңыз);

— маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;

— ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге
көріну.
Кез-келген азамат АИВ-инфекциясының жұққан-жұқпағандығын анықтау үшін Алматыда,
Астанада, еліміздің басқа да ірі қалалары мен облыс орталықтарында ашылған
лабораторияларға барып тексерілуіне болады.
ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары ДДҰ мәліметі бойынша АИВ
жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі
ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа
елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық
Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония,
Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.
Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс
жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар. Олардың жұмыс
бағыттары мынадай:
1. Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға» (группы риска) жататын
адамдарды тексеріп, вирус жүққан адамдарды дер кезінде тауып отыру;
2. Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылау ға алып, вирусты ң әрмен
қарай тарауына, яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу
жұмыстарын ұйымдастыру.
Tema-Info.Ru – қазақша рефераттар және слайдтар сайты

Ұқсас жұмыстар
Житс ауруының белгілері
Инфекция көзі
ЖИТС туралы. Жүре пайда болған (ЖИТС, СПИД ағылш. AIDS) иммундық дефицитiнiң синдромы
СПИД ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘЛІМЕТ­ТЕРІ БОЙ­
Жыныстық қатынас
Жыныстық жолмен берілетін аурулар эпидемиологиясы
ЖИТС жайлы
Жұғу жолдары - жыныстық қатынас
Жұғу жолдары
Иммундық жүйенің патофизиологиясы ЖИТС
Пәндер