Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893—1920)




Презентация қосу
Торайғыров
Сұлтанмахмұт
(1893—1920)
Өмірбаяны

• Қазақтың белгілі ақыны
Сұлтанмахмұт Торайғыров
1893 жылы 28 қазанда Омск
уезінің Шағрай болысындағы
Жантай ауылында дүниеге
келген. Әкесі Шоқпыт Семей
губерниясының Павлодар уезінен.
• Сұлтанмахмұт алты жасында әкесінен оқып, хат
таниды. Бұдан кейін де Шоқпыт бірде өзі оқытып,
енді бірде ауыл молдаларына беріп, баласының
оқуын үзбейді. Болашақ ақын 1902-1903 жылдары
– Әлі, 1904-1905 жылдары – Тортай, 1906-1907
жылдары Мұқан деген молдалардан дәріс алады.
Сұлтанмахмұт үшін әсіресе Мұқан молданың
тәрбиесі ерекше болады. Мұқан молда көп
оқыған, әдебиеттен хабары бар, өзі де аздап өлең
жазатын адам болады. Оқушыларын үнемі қазақ
ауыз әдебетінің, шығыс әдебиетінің үлгілерімен
таныстыра отырып, шәкірттерін өлең жазуға
баулады.
• Троицк, Семей, Томск сияқты ірі
қалаларда барып оқуын жалғастыруға
ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының
жоктығынан, тұрмыстың қиыншылығынан
ол мақсаты орындалмайды. Бірақ
оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп
көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан
хабардар болды, сөйтіп заманының
оқымысты жастарының біріне айналды.
Шығармашылығы

• Адасқан өмір
• Кедей
• Жарқынбай
• Кім жазықты
• Қамар сұлу
• Жақсылық көрсем өзімнен
• Реалист-ақын 20 ғ. әдебиетінде жаңа
жанрлар туғызды, роман жанрының,
реалистік поэманың қалыптасуына әсер
етті. Оның адам өмірінің мән-мағынасы
жайлы «Адасқан өмір» поэмасы, 20 ғ.
басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші
табының өскен, тәрбие алған ортасы,
ескілікке қарсы үн көтерген «Қамар
сұлу» шығармасы, жастарды асқақ қиял,
зор талапқа бастайтын лирикасы — оны
қазақ әдебиетіндегі демократтык
әдебиеттің ірі өкілі етті.
Павлодардың
көшесiнде
Султанмахмут
Торайғыровқа
арналған
ескерткiші
Сұлтанмахмұт Торайғыровтын ескеркіші
• Қазақ ұлттық мәдениетінің
көрнекті қайраткері, ХХ ғасыр
басындағы қазақ өмірінің
шежірешісі болған ақын
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1920
жылы 21 мамырда дүниеден өтеді.
Ақын бар жоғы 27 жыл ғана өмір
сүрді...
Өмірі қысқа болғанмен,
жырларының ғұмыры ұзаққа
созылды. Ақын бақыты да сонда.

Ұқсас жұмыстар
Сұлтанмахмұт Торайғыров
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ (1893 - 1920)
LOGO САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Бір адамға
XIX ғасырдағы және XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ақындары
Сұлтанмахмұт Торайғыров ӨМІРБАЯНЫ
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялылары
Айқап журналының қазақ тарихындағы орны
Еңбекші Қазақ газеті бетінде өлең
Шығамын тірі болсам, адам болып өлеңі
Пәндер