Төрт түлік



Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік
Пән аты: Биология, Информатика
Сыныбы: 7
Мұғалімнің аты, тегі: Ныгыметжанова Г. Қ
Әзімжанова Н.
Білім беретін мекеменің мекен жайы:
ШҚО, Абай ауданы, С. Бекбосынов атындағы орта меткеп
Телефон: 3-31
e-mail: gulzhan__70@mail. ru
nurpan_6363@mail. ru



І. Үй тапсырмасы.
1. Топтың атын, ұранын, төс белгісін таныстыру.
2. Тақырыпты қорғау.
3. Жарнама.
ІІ. Практикалық тур.
1. Ақпараттық сәт.
2. Ақпаратты пайдалана отырып,
компьютерде диаграмма сызу.
ІІІ. Қорытынды

1-топ. Жылқы шаруашылығы
және оның салалары.
2-топ. Түйе -төрт түліктің
төресі.
3-топ. Ірі қара шаруашылығы,
оның негізгі бағыттары.
4-топ. Қой шаруашылығы.


Ұраны:
Асау желмен жарысқан,
Арғымақпыз алысқан
Сайыстардан қалмаймыз,
Сәйгүліктей самғаймыз.

Ұраны:
Бойымызға сенеміз
Біз бәрінде жеңеміз
Жылға кірмей қалсақта
Қалыспай-ақ келеміз.

Ұраны:
Алға қойлар, алға бас,
Біз топпыз ғой жаңылмас.
Барымызды салайық,
Бас жүлдені алайық.

Ұран:
Малды бақсаң, сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан.
Біз қалмаймыз сайыстан,
Соғыңыздар алақан.


Жылқы шаруашылығы, оның негізгі салалары.
Жылқы - сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Жылқы тұқымдасына Африкада кездесетін жолат, домбай құлан, тарпан мен түзат жатады. Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар - тарпан мен түзат. Жабайы жылқылар тарихы дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті аймақтарында үйір-үйірмен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулау нәтижесінде жойылып кеткен. Жылқының алғашқы қолға үйретілген Қазақстан даласы деп саналады. Жылқы қазақ халқының ерекше қастерлеп, пір тұтатын жануары. Жылқының пірі - Қамбар ата. Дүние жүзінде жылқының 250-ден астам қолтұқымдары бар. Қазақстанның жылқы өсіретін асылтұқымды шаруашылықтарында жылқының 20-ға жуық қолтұқымдары өсіріледі. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшін де өсіреді. Қымыз халқымыздың кәделі сусыны. Қымыздың 40 жуық түрі бар, уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз т. б. Қымыздың шипалық қасиетіне шет елдерде көңіл бөле бастаған.



Түйе - төрт түліктің төресі.
Түйе сүтқоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын күйіс қайыратын жануар. Түйеде мүйізді тұяқтар болмайды. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері, ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап, шөгіп жата береді. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700 - 800 кг., мойыны йір және ұзын. Құрғақ далалы, шөлейтті аймақта тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Түйенің арғы тегі - жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің үйретілген жері - Орта Азия, сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі. Түйені қазақ халқы төрт түліктің төресі деп есептеген. Түйенің қалмақ, қазақ, маңғол деген қолтұқымдары бар. Түйе Қазақстанның Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында өсіріледі. Түйе сүтінің майлылығы сйыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті витаминдер өте көп. Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына, радиацияға қарсы әсері анықталған. Шудасы - буын, құяң, бүйрек аурыларына ем.

Нар


Қой шаруашылығы.
Қой сүтқоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады. Қой бұдан 10-11 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың арғы тегі - жабайы қой «муфлон» және арқар. Қойдың алғашқы қолға үйретілген жері - Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия, Оңтүстік Африка. Қой шаруашылығы мал шаруашылығының басты саласы. Қойдан тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі, тағамдық өнімдер сүт, ет, май алынады. Қойдың қолтұқымдары - еділбай, бағаналы, қарқаралы, биязы жүнді қой арқар-меринос. Әлемдік сұрыптау жетістіктерінің бірі - Қазақстанда шығарылған арқар-меринос қойы. Авторлары: И. С. Бутарин., Ә. Есенжолов., А. Жандеркин. Арқар-меринос қойы өзіміздің Шығыс Қазақстанда өсіріледі.



Ірі қара шаруашылығы
Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды өңірінде таралған жабайы тур. Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Көп аулағандықтан жабайы турлар 17 ғасырлардың басында жойылып кеткен. Сиыр сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық түрі бар. Ірі қара қолтұқымдары негізінен екі бағытта өсіріледі. Ірі қара қолтұқымдары: Қазақтың ақбас сиыры, Әулиекөл сиыры, Қырдың қызыл сиыры, Алатау сиыры, Қарала, Әулиеата т. б.



Қазы, қарта, жал, жая,
Сүрет, шұжық балдай, ә?!
Қақтыратын таңдайды
Бал қымызы қандайды!

Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Шөл даланың кемесі
Төрт түліктің төресі
Дертке дауа болатын
Шұбаты бар киелі.

Мал өсірсең -қой өсір
Өнімі оның көл көсір,
Кисең киім, ішсең ас,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz