Тұманбай Молдағалиев




Презентация қосу
Тұманбай
Молдағалиев
Тұманбай
Молдағалиев —
1935 жылы 20-
наурызда Алматы
облысы, Еңбекші-қазақ
ауданы, “Жарсу”
совхозында дүниеге
келді. Тұманбай
Молдағалиев — сыр-
шыл лиризмді
дамытқан ақын,
Қазақстанның халық
жазушысы.
1956 жылы Қазақ Мемлекеттік
университетінің филология факультетін
бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек
жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер»
журналынан бастайды 1959-1970 жылдар
аралығында “Пионер” журналында қызмет
атқарады. 1970-1973 жылдар аралығында
“Балдырған” журналының жауапты
хатшысы болды. 1973 жылдан “Жазушы”
баспасы жанындағы Балалар және жастар
әдебиетінің бас редакциясы мен “Жалын”-
ның бас редакторы болып істеді.
Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-
тан астам жинақ болып басылып шықты. 1954
жылы Т.Молдағалиевтін тұңғыш өлеңі “Украина
қызына” жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы
“Студент дәптері” 1957 жылы жарық көрді.
Т.Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты
жырлармен танылды. 1960 ж. ”Кәмила”, 1961 ж.
”Көктем таңы” , 1963 ж. ”Алатау қызы”, 1964 ж.
”Ферюза туралы жыр”, 1965 ж. ”Зулайды
күндер”, 1966 ”Жүрегім менің сапарда” т. б.
жинақтары шықты. 1967 жылы жарық көрген
“Жаңа дәптер” атты кітабы үшін 1968 жылы
”Қазақстан комсомолы” сыйлығының лауреаты
атанды. “Ескерткіш” (1969), “Шақырады жаз
мені” (1970), “Жүрек ояу қашанда” (1972) атты
кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді.
Оның “Қош, көктем” атты таңдамалы өлеңдер
кітабы (1971), “Хаттар” атты поэмалар жинағы
Т.Молдағалиевтің орыс тілінде “Я — сын
Семиречья” (1962), “Первая встреча” (1968), “Новая
тетрадь” (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты.
Т.Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды. Оның
“Құстар қайтып барады” (музыкасы Н.Тілендиевтікі),
“Бақыт құшағында”, “Әнім сен едің” (музыкасы Ш.
Қалдаяковтікі), “Ертіс вальсі” (музыкасы
Жамақаевтікі), “Шақырады көктем” (муз.
Ә.Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық
арасына кең тараған. Ол байрон, М.Ю.Лермонтов,
Т.Г.Шевченко, Туманян, С.Канутикян, Ғ.Ғұлам,
Х.Ғұлам, Р.Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д.Жалсараев
және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне
аударды.
Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар
жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар
жинағы жарық көрді. 1992 жылы Физули
атындағы Халықаралық түркі дүниесі
ақындары сыйлығы тапсырылды. Тұманбай
Молдағалиев шығармашылығының ең басты
ерекшелігі-оның өлеңдері сезімге толы.
Ақынның «Қош көктем», «Жаңа дәптер»,
«Жүрек ояу қашанда», «Махаббат оты
сөнбейді», «Жүрегім менің сапарда», «Мен де
жиырма жаста едім», «Жүректегі жазулар» т.б.
жыр-жинақтарын жазды.
“Кейінгі жылдары қазақ
поэзиясының аспанында жарқырай
шыққан жұлдыздардың бірі”.
Сәбит Мұқанов

Ақындық рух, өлеңдегі сезім


байлығы жағынан Мағжанға ең
жақын адам – Тұманбай”.
Серік Қирабаев
.

Ұқсас жұмыстар
Тасымалданбайтын сөздерді теріп жазу
Мұқағали Мақатаев туралы лебіздер
Мұқағали Мақатаев
Ана тілі пәнінен ашық сабақ
Ата-ананың қарызын, Өтеу-сенің парызың
Мен өмірді жырлау үшін келгенмі (поэзия кеші) Мұқағали Мақатаев
Еліміздің мемлекеттік рәміздері
Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
2011 жылдың күзінде көз жұмды
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін
Пәндер