Тұсау кесу
Презентация қосу
Тұсау кесу
Қазақ халқының өмір салтына көрік беретін
дәстүр-тұсау кесу. Бала жүре бастаған кезде
кішігірім той жасап, тұсау кеседі. Тойға
келгендер тұсау кесер тойына
сыйлықтармен, шашуларымен келеді.
Дастарқан жайылып, көрші-қолаңдар,
әйелдер, қыз-келіншектер жиналады.
Тұсауын кесетін баланың аяғына байлайтын
жіпті тұсау кесер әйел дайыңдап, алып
келеді. Көпшіліктің алдында даярлаған
сыйлықтарын беріп, ортаға қойылған
баланың аяғына байланған жібін кесіп,
жібереді.
Жіпті ақ, қара жіптен есіп, еркін байлауға
жететіндей етіп дайындайды. Ақ, қарадан
Есіп жасалған жіп біреудің ала жібін
аттамасын деген жақсы ниетті білдіреді.
Тұсау кесетін әйелді баланың әке-шешесі
таңдайды. Беделді, іске ықшам, жасы үлкен,
балалы-шағалыәйелге жүктейді. О әйел
шамасына қарай балаға сыйлық береді.
Кей жерлерде баланың басынан аяғына дейін
жаңа киімдер әкеліп, әкелген сыйлығын ел
көрсін деп, тұсауын кесіп, ортаға жібермей
тұрып, кигізіп қояды. Бұрынырақта ат пен
ер-тоқым сыйлаған. Өлеңдер айтылып,
жиналғаңдар тілектерін тілейді.
Тұсау кесер тойына арналған көпке м әлім әнні ң бірі мынау:
Қаз-қаз балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауынды кесейін.
Қаз-қаз балам, қаз, балам,
Тоқымыңды жаз балам,
Қадамыңды қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып, бәйге ала ғой,
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қдамың.
Өмірге аяқ баса ғой.
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол, ерінбе.
Ілгері бас, шегінбе.
Тұсауын кескен әйелге әке-шешесі
ризашылығын білдіріп, сыйлықтарын
тартады. Киітін береді. Кейбір жерлерде
тұсауын кесетін балаға тұсау кесетін әйел
аяқ киім немесе бастан-аяқ киімнен бір
тоғыз етіп жасап алып келеді. Шамасы келіп
жатқандар, сол жастағы балаларға арналған,
үлкен ойыншық сыйлайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz