Фенолдар: анықтамасы, алынуы, қасиеттері және қолданылуы


Slide 1

ФЕНОЛДАР

Slide 2

Фенолдар - бензол сақинасындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарының орнын гидроксотоп басқан ароматты көмірсутектердің туындылары. Ең қарапайым өкілі - фенол С6Н5ОН немесе гидроксибензол.

Slide 3

Ароматты көмірсутектердің бүйір тізбектеріндегі сутек атом-дарының орнын гидроксотоп басқан өнімдер ароматты спирттер деп аталады.

Slide 4

Алынуы. Фенолды көбіне тас көмір шайырын өңдеу арқылы алады. Сондай-ақ ароматты көмірсутектерінің галогентуындыларын сілтімен әрекеттестіріп те алады:

Өндірісте бастапқы шикізаттар ретінде бензол мен пропиленді пайдаланып, кумолъді әдіспен фенол алу іске асырылған.

Slide 5

Физикалық қасиеттері. Фенол - түссіз кристалдық зат. 43°С-та балқиды. Ауада ашық қалғанда тотығатындықтан, қызғылт түсті болады. Бөлме температурасында аздап қана ериді, ал 60°С-тан жоғары қыздырғанда, суда шексіз ериді. Фенол - улы зат, теріні күйдіреді. Ерітіндісі антисептик ретінде қолданылады.

Химиялық қасиеттері. Фенол молекуласындағы атомдар бір-біріне өзара әсер ететіндіктен, полярлы қосылыс болады.

Slide 6

Қолданылуы. Фенолдың 3-5%-тік ерітіндісін зиянды микробтарды жою үшін антисептик ретінде қолданады. Фенолдан түрлі дәрі-дәрмектік препараттарды, бояуларды, синтездік шайырлар мен пластмассаларды, қопарғыш заттарды синтездеп алады.

Фенол-улы зат, көп мөлшері теріні күйдіреді, табиғатқа зиянын тигізеді, сондықтан өндіріс қалдықтарындағы фенолды ағын суға жібермеу және зиянсыздандыру қажет.

Өндірістік қалдық сулардағы фенолды бактериялық әдіспен тазарту мүмкін емес, өйткені фенолдың залалсыздандырғыш қасиеті бар. Сондықтан фенол қоспаларын озондау әдісімен тазартады. Фенолдың буы да улы. Оны тағам өнімдеріне жақындатуға болмайды!

Бензол сақинасында гидроксил тобы бар қосылысты фенол деп атаймыз. Фенолда реакция гидроксил тобымен қатар ароматты сақинада да жүреді. Бензолмен салыстырғанда бромдау, нитрлеу реакциялары жеңіл өтеді, орын басу реакциялары 2, 4, 6-орындарда жүреді.


Ұқсас жұмыстар
Спирттер және фенолдар: құрылымы, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Фенолдар: анықтама, физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы мен медицинада қолданылуы
Фенолдар және олардың туындылары: алынуы, физика-химиялық қасиеттері, сапалық және сандық анықтау әдістері
Крахмалдың құрылымы, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Химия: негіздердің анықтамасы, жіктелуі, алынуы және қасиеттері
Титан: қасиеттері, табиғи қорлары, алынуы және қолданылуы
Қаныққан көмірсутектер (алкандар және циклоалкандар): алынуы, қасиеттері және қолданылуы
Фосфор элементінің таралуы, физика-химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Сутегі пероксиді: алынуы, қасиеттері, қолданылуы және қауіптері
Бензол: құрылымы, физика-химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы және токсикологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz