Жылқы малдарын азықтандыру және суару


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті Ветеринарлық медицина кафедрасы БӨЖ

Тақырыбы: Жылқы малдарын азықтандыру және суару.

Орындаған: Манарбекқызы Қ. Тобы: ВМ-305. Тексерген: Садуақасов М. С.

Slide 2

Жылқы малдарын суғару.

Жылқының суға деген қажеттілігі, көптеген жағдайларға байланысты болып келеді. Мәселен, жыл мерзіміне, ауаның температурасы мен ылғалдылығына, азықтағы су құрамына, орындайтын жұмыс көлемі мен және жылқының жекелеген басқа да ерекшелігіне. Сонымен спорт жылқысы - қыс мерзімінде күніне - 25 литр, ал жаз мерзімінде - 35 литрге дейін су ішеді. Жылқы күшті жұмыс істеу кездерінде тәулігіне - 50 литрге дейін суды пайдаланады.

Slide 3 Slide 4

Жылқы малдарын азықтандыру.

Жұмыс қабілеттілігін арттыру үшін жылқыны дұрыс азықтандыру, суғару және бағып күтудің маңызы зор. Жылқыны азықтандырғанда оның қондылығы мен атқаратын жұмысының ауырлығын ескереді. Жұмыс атына берілетін азықтың тәуліктік рационының құнарлылығы 10, 0-13, 7 азық өлшемін құрайды. Сонымен бірге әр азық өлшемінде болуы қажет, олар: 100-125 г қорытылған протеин, 5-6 г кальций, 5-6 г фосфор және 15-20 мг каротин. Егер жылқының азық рационының құнарлығы, оның жұмыс процесінде бөлінетін энергия мөлшерін қамтамасыз етпесе, онда бұл оның жұмыс қабілетін төмендетеді. Сонымен бірге жұмыс атының қондылығы мен күйі төмендеп кетеді.

Slide 5

Жылқыны азықтандыру.

Азықтандыру - мал тіршілігінің тірегі, арқауы. Қоректендіруді қамтамасыз ететін азықтандыру барысында желінген жемшөппен мал организімінің тіршілігіне, яғни үздіксіз зат алмасуына, қажет барлық қоректік заттар жеткізіледі. Зат алмасу барысында жылқы денесіндегі күрделі химиялық қосылыстар жаңартылып, өсу мен өнімге қажет жаңа тканьдер қосымша құралып, организмде қалыпты жылу өндіріп, механикалық жұмыс атқаруға энергия босатылады. Жылқы денесінің құрамына белоктар, майлар, углеводтар, су мен минералдық заттар (күл) кіреді. Олардың мөлшері мен ара қатынасы жылқы жасы мен физиологиялық жағдайына (қоңдылығына) байланысты өзгеріп тұрады.

Slide 6

Жылқы денесінің құрамы

Slide 7

Жылқы малдарын азықтандыру

1. Көлік атын азықтандыру.

2. Тұқымдық айғырды азықтандыру.

3. Буаз биені азықтандыру.

4. Құлынды биені азықтандыру.

Slide 8 Slide 9

Көлік атын азықтандыру.

Жұмыс аттарының төзімді болып, атқаратын жұмысын қарқынды өндіруі үшін азықтандыруын тірілей салмағы мен жұмыс қарқынына тәуелі өзгерген нормаға сәйкестендіреді.

Келтірілген нормалар жұмысқа әбден үйренген, орта қоңды аттарға есептелген. Егер дұрыс пайдаланылмай, уақытылы азықтанырылмай ат арықтаса, бұл азықтандыру нормасы қосымша әр 1 а. ө. -де 90-100 г қорытылатын протеині бар 3-4 а. ө. -не ұлғайтылады. Жұмыс аттарының осы азықтандыру нормасында келтірілген қоректік заттарға мұқтаждығын атқаратын жұмыс ерекшелігін ескере отырып құрастырылған рацион азықтарымен қамтамасыз етеді. Атқаратын жұмысы ауырлаған сайын рацион қуаттылығы мен құнарлылығы жоғарылатылады. Жылдамдықты қажет ететін, үнемі қимыл үстіндегі жұмыс аттарын тым тойындырмай, жеңіл қорытылатын аумағы шағым рационмен жиірек азықтандырып тұрған дұрыс.

Slide 10

Көлік атын азықтандыру нормасы

Slide 11

Тұқымдық айғырды азықтандыру.

Тұқымдық айғырды жыл бойында орташа қоңдылықта болатындай деңгейде азықтандырып, үйірге түсерге дайындау және үйірге түскен кезеңінде, қолдан ұрықтандырғанда - ұрық алынатын кезеңде - азықтандыру деңгейі мен құнарлылығын күшейтіп, заводтық қондылыққа (кондицияға) жеткізеді.

Желісті және салт мініс тұқымдары айғырларының азықтандыру нормасы кестеде келтірілген.

Тұқымдық айғырды семіртпеу үшін рациондағы жемді азайтып, жеңіл-желпі жұмысқа пайдаланып отыруға болады. Шағылысқа қатыспай жүрген айғырға азықты жұмысқа жегілген жылқыға тиісті норма бойынша береді. Шағылыстыру кезеңіне ұрық сапасын жетілдіріп үлгеру үшін шағылыстыру басталардан 2 ай бұрын айғырдың азықтандыру деңгейін күшейтіп, құнарлылығын арттырады. Дайындық кезеңіндегі әрбір айғырдың күйі, қоңы, мінезі, яғни шағылысуға құштарлығын белгілейтін жыныстық потенциясын, ұрығының сапасын үнемі бақылап отырады.

Slide 12

Тұқымдық айғыр азықтандыру нормасы

Slide 13

Тұқымдық айғырды азықтандыру.

Айғырларды ұстайтын алаңы жарық, еркін қозғалып жүретіндей кең болуға тиіс. Айғыр денесін тазалап, күтіп, берілетін азықтың жоғары сапалы және құнарлы болуын үнемі бақылайды. Айғыр потенциясына күн көзіндегі серуен мен жеңіл қорытылатын витаминді көк шалғын шөбі оң ықпал ететінін ескеріп жаз айларында шағылысқа түсетін желіс және мініс тұқымды айғыр басына тәулігіне 20-25 кг көк балауса жегізіп, қыста 10-12 кг жақсы сақталған, яғни каротинді жасыл бұршақ - астық тұқымдастар пішенін, қантты энергия көзі ретінде - 5-6 кг қызылша мен сәбіз береді.

Құнарлы жемнен айғыр потенциясына ықпал ететіні - сұлы дәні. Бірақ ұрық сапасын жақсарту үшін сұлыны бидай кебегі, арпа мен жүгері жармасы, күнжара мен цироттармен араластырып берген қосынды жақсартады. Айғырдың жыныстық қабілеттілігін арттыру үшін шағылыстыру кезеңінде рационына сүт, шикі жұмыртқа қосады. Тұқымдық айғыр рационыныдағы азық құрамын әр 3-4 жеті сайын өзгерткен жоқ.

Slide 14 Slide 15

Буаз биені азықтандыру.

Дұрыс азықтандырылған бие күйлі - қоңды болып, дер кезінде күйлейді, тез арада нәтижелі ұрықтанады. Нәтижелі ұрықтанған бие буаздығы 11 айға созылады. Бұл мерзімде олардың азықтандыруына жауапты қарап, дұрыс, келтірілген мұқтаждық нормасына сәйкестендіріп, бие өз организімімен қатар дамып келе жатқан ұрықты да жеткілікті көлемде қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету керек.


Ұқсас жұмыстар
Сойыс малдарын тасымалдау кезіндегі ветеринарлық талаптар
Ірі қара малының гигиенасы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы Қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Көпжылдық өсімдік
Ірі қара малдарының гигиенасы
Ірі қара мал кешенін жоспарлау
Құрамында фотосенсибилизаторлары бар азықтар
Жылқы гигиенасы
Улануды емдеудің жалпы принциптері
Ішектердің түйілуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz