Спорттық аяқ киімдерге гигиеналық талаптар



Студент: Дәкенова Н. Т. Топ: ТК-321
Тексерген: Нұрымхан Г. Н.
Спорттық аяқ киімдерге гигиеналық талаптар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өндірісі және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарфының технологиясы» кафедрасы

Жоспар
КІРІСПЕ
1. 1 Аяқ киім
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Спорттық аяқ киім
2. 2 Спорттық аяқ киімдерге гигиеналық талаптар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Мақсаты: спорттық аяқ киімді күтудің гигиеналық талаптарымен, ережелерімен таныстыру.
Міндеті: Өмірмен байланыстыру арқылы спорттық аяқ киімді күнделікті күту дағдысы қалыптастыру, ұқыптылық, жинақылық және жалпы еңбекке баулу қабілеттерін арттыру, гигиеналық талаптармен танысу.

1. 1 АЯҚ КИІМ
Адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Аяқ киім арқылы, адам денесінің айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды, аяқ киім астындағы микроклимат қалыптасады. Балалар аяқ киімі өзінің конструкциясы және материалының физикалық-гигиеналық көрсеткіші бойынша жас мөлшерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелігіне, іс-әрекеттің түріне және метеорологиялық жағдайға сәйкес болуы керек, және оңай киіліп, оңай шешілетін, бала тәрбиесінде эстетикалық таным қалыптастыруға жағдай жасауы керек.


Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» және «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» заңдарына сәйкес әзірленді.
Осы Техникалық регламенттің реттеу объектілері мыналар болып табылады:
1) тоқыма және трикотаж материалдар;
2) киімдер және тоқыма және трикотаж материалдардан жасалған іш киімдерді қоса алғанда, бұйымдар;
3) былғары мен теріден жасалған киім мен бұйымдар;
4) төсек-орын жаймалары мен көрпелер;
5) былғары және тері материалдары;
6) аяқ киім және былғары галантерея бұйымдары;
7) шұлық-ұйық бұйымдары;
8) бас киімдер.

Осы Техникалық регламенттің ережелері қолданылатын және оның талаптарына сәйкес келетін аяқ киім мен аяқ киімге арналған құрамаларды сату тиым салына немесе шектеу қойыла алмайды.
Затбелгілеу затбелгіні басу, желімдеу, мөртаңбалау немесе бекіту жолымен аяқ киім жұбының бір құрамасында жүзеге асырылуы керек.
Пиктограммаларды қоса, затбелгідегі тұтынушыға арналған ақпарат тұтынушыны алданбайтындай және адастырмайтындай анық түсінікті, толық, шынайы және жеңіл оқылатындай болуы тиіс.
Өндіруші немесе оның Қазақстан Республикасында тұратын заңды тұлға, ресми өкілі аяқ киім мен аяқ киім материалдарына арналған затбелгіні жеткізуге және берілген ақпараттың түзулігіне дұрыс берілуіне жауапты болады.
Егер өндіруші немесе оның өкілі Қазақстан Республикасы аумағында орналаспаса, жоғарыда аталған жауаптылық импорттаушыға жүктеледі.
Бөлшек сауда желісіндегі сатушы осы Техникалық регламентке сәйкес затбелгіленген аяқ киім мен аяқ киім құрамалар өткізілуіне жауапты болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 СПОРТТЫҚ АЯҚ КИІМ

Спорттық аяқ киім ыңғайлы әрі жеңіл болуға тиіс, сонымен қатар сонша жылы емес және қозғалысты қысаңдатпауы керек.
Қыста және жазда спорттық дайындық жасау үшін киім метеорологиялық жағдайға және спорт түрінің ерекшеліктеріне сай келуі керек.
Аяқ киім жүру мен спорттық жаттығуларды жасауға кедергі келтірмейтіндей етіп, жұмсақ, мықты, жеңіл, ыңғайлы әрі бос болуы керек. Ыңғайсыз, тар аяқ киім қан айналымын қиындататынын естен шығармау керек.
Ғимаратта спорттық аяқ киімде жүруге болмайды, сонымен қатар кедаларды үнемі киіп жүру майтабандыққа әкеп соқтыратынын да үнемі есте ұстап жүрген жөн.
Спорттық киім мен аяқ киімді желдетілетін орында сақтау қажет.

Арзанқол, сапасыз тауарлар аяқты түрлі жұқпалы ауруларға шалдықтырады. Аяқтың баздама қотыры, табан микозы сияқты жұқпалы тері аурулары аяқты жүргізбей ауыртып, кейін тырнаққа көшіп, терінің қабынуына әсер етеді, тіпті келешекте баланың белсіз болып қалу қауіпі де бар.

23. 11. 14
Қытай мен Қырғызстаннан жеткізілетін спорттық аяқ киімдер ұрпақ тамырына балта шауып қана қоймай, аяқты майтабан қылып, буын ауруларының пайда болуына да әсер ететіні дәлелденген. Тіпті, зиянды аяқ киімдердің әсерінен аяқта бөртпелер пайда болған бірнеше ата-ана шағымданған.
Сонымен бірге аяқ зиян көріп, жүрісі бұзылса онда жұлын мен омыртқа да зардап шегеді.

2. 2 Спорттық аяқ киімдерге гигиеналық талаптар
Спорттық аяқ киімге баға беру үшін, санитарлық-гигиеналық экспертизаға спорттық аяқ киім даярлауға арналған - киімнің сыртқы қабатына, ортаңғы қабатына және ішкі астарына арналған маталардан әрқайсысының размері 1м2 алынған бір бумасын және даяр болған өнімдерді жібереді.

- Ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек;
- Аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
- Аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;
- Адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек;
-Жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;


Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен матаның жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады.
Матаның массасы - матаның белгілі ауданына (1м2 немесе 1см2) алынған грамм көлемімен өлшенеді. Өзіне қажетті қасиеттердің бәрі сақталған және массасы төмен болып келетін маталар гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы деп саналады.

Ауа өткізгіштік - 1м2 матаның кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін көрсетеді. Спорттық аяқ киімдер жақсы желдетілетін, яғни, ауа өткізгіштігі барынша жоғары болуы керек.
Бу өткізгішітік - 1м2 матадан сағатына өтетін су буының көлемі, граммен өлшенеді және матаның киім астында тұрақты түрде пайда болып тұратын су буларын өткізу қабілетін анықтайды. Әсіресе, жылу беруі, спорттық аяқ киімдердің бу өткізгіштігі өте жоғары болғаны дұрыс.


Гигроскопиялылық - матаның су буларын сіңіру қасиеті, пайызбен алынады. Тері сыртына пайда болатын тер тамшыларын сіңіреді. Атмосфералық ылғалдылықтан, жылу жоғалту қасиетінен сақтану үшін маталардың гигроскопиялылығы төмен болғаны дұрыс.
Су сіңіргіштік - матаны суға салып қойғандағы су сіңіргіштігі, пайызбен алынады. Ылғалдық әсер еткен кезде ауа өткізгіштікті белгілі деңгейге жеткізіп, жылылық қасиетінің өзгеруін төмендететіндіктен, матаның кеуектілігінің белгілі бөлігінің бос болуының маңызы өте зор.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz