Жас ерекшеліктері физиологиясы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

Студенттің өздік жұмысы

Тақырыбы: Жас ерекшеліктері физиологиясы.

Орындаған: Ерболат Еркебулан. Қ-413 топ

Тексерген: Құнанбаева Нұргүл Серікқызы

Slide 2

Физиология - мүшелер мен жүйелердің және тұтас ағзаның тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Осы физилогия ғылымының бір саласы жас ерекшеліктер физиологиясы ағзаның бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.

Slide 3

Өсу мен даму заңдылықтары

Балалар мен жасөспірімдердің организмдері үнемі өсіп дамуда болады.

Организмдердердегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады.

Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар: 1) бойы; 2) салмағы; 3) кеуде шеңбері.

Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінң артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады.

Slide 4 Slide 5

Жас кезеңдері - бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады.

Slide 6 Slide 7

Нерв жүйесін негізгі 2 бөлімге бөліп қарастырады:

Орталық нерв жүйесі: жұлын мен бас миы

Шеткі нерв жүйесі: орталық нерв жүйесінен тараған нервтер мен орталық нерв жүйесінен тысқары орналасқан нерв жасушаларының шоғыры (ганглилер) жатады.

Нерв жүйесі қызметтік жағынан 2 бөлімге жіктеледі:

Соматикалық нерв жүйесі: тірек - қимыл аппаратын нервтендіріп, денеміздің сезімталдығын қамтамасыз ететін нерв жүйесінің бөлігі

Вегетативтік нерв жүйесі: ішкі органдарды нервтендіріп, олардың қызметін реттейтін, ондағы зат алмасуға әсер ететін нерв жүйесінің бөлігі

Slide 8

Нерв жүйесінің бөлімдері

Slide 9

НЕРВ ҰЛПАСЫ

Нерв ұлпасын 2 түрлі жасушалар құрайды: нейрон және глиалдық немесе нейроглия жасушалары.

Нерв жасушылырының құрылымдық және қызметтік бірлігі нейрон болып табылады.

Глиальдық клеткалардың саны нерв жасушаларынан 8-9 есе көп болады. Олар нерв жасушаларының қалыпты қызметтерінің іске асуында маңызды рольді атқарады. Нейрондардың барлық жағынан қоршай орналасқан нейроглия клеткалары (астроциттер, олигодендроциттер т. б. ) және оның өсінділері - олар үшін бір жағынан механикалық функция - тірек қызметін атқарады; екінші жағынан, нерв жасушаларында электрлік оќшаулауды қамтамасыз етеді.

Slide 10

Нерв ұлпасы

Slide 11

НЕЙРОННЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҰЙЫМДАСУЫ

Slide 12

Нерв жүйесі нерв ұлпаларынан тұрады

Нейрон және глиальдық немесе нейроглия жасушалары. Информацияны қабылдау, өңдеу, сақтау, одан әрі беру үрдістерін нейрондар іске асырады Нейрон денесінен өсінділер шығады аксон - ұзын, бір ғана өсінді; дендриттер - қысқа, көп тармақталған өсінділер. Аксон арқылы нерв импульсі (қозу) келесі бір нейронға өтеді, яғни аксонның ұшы басқа нейронға сигнал беруге маманданған. Қысқа өсінділер - дендриттер арќылы қозу нейрон денесіне өтеді.

Slide 13

Нейрондар қызметі жағынан 3 топқа жіктеледі:

Афференттік (сезімтал, ќозуды орталық нерв жүйесіне ќарай(ОНЖ) өткізеді) ;

Эфференттік (моторлы, қимыл-қозғалыс, ќозуды орталық нерв жүйесінен жұмыс мүшесіне ќарай өткізед) ;

Қондырма (қосымша немесе аралыќ нейрон, афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады) .

Slide 14 Slide 15

Антропометрия - адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі.

Slide 16

ЖҰЛЫН

Slide 17

Жүлын филогенездік түрғыдан ОЖЖ-нің ең ерте пайда болған көнебелімі. Ол рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады. Оның рефлексті қамтамасыз ететін қызметі жұлында көптеген түлғалық (сомалық) және вегетативтік рефлекстер доғасының түйықталуымен байланысты. Демек, жүлын көптеген рефлекстерді атқаруға қатысады. Оның мойын, кеуде, бел омыртқалық бөлімдерінде бас, мойын, дене түлғасы, аяқ еттерінің қызметгерін реттейтін орталықтар орналасады. Демек, жүлын дене қимылын реттеуге қатысады. Сонымен қатар, жұлынның 3-5 мойын омыртқалық деңгейінде көк еттің (диафрагма) әрекетін реттейтін орталық, ал қүйымшақ бөлімінде - нөжіс шығару, зәр шығару және жыныстық рефлекстер орталықтары орналасады. Жұлыннан біраз парасимпатикалық және барлық симпатикалық жүйке тамырлар басталады. Осының нәтижесінде жұлын ішкі ағзаларда жүретін процестерді, тамырлар тонусын, үлпалық зат алмасуды, тер белу процесін реттеуге қатысады.

Slide 18

Жұлын мен мидың өткізгіш жолдары

Slide 19

Адамның бас миы

Slide 20

Сопақша ми

Адам мен барлық омыртқалы жануарларда сопақша ми жұлынның жалғасы болып табылады, сондықтан онда жұлынға тән қарапайым сегментгік сипат сақталады. Сопақша миға да жұлын тәрізді рефлекстік және өткізгіштік қызмет тән.

Сопақша мида нейрондар шоғырланып, ерекше қүрылым - ядро-лар пайда болады. Ядролар әр түрлі рефлекстік қызметтердің орталығы болып табылады. Сопақша ми жұлын мен өз ядроларынан басталатын ми жүйке нервтерінің сегіз жұбы (У-ХІІ) осы сопақша мидан бастау алады. Олар уштармақ, әкеткіш, беттік, есту, тіл-жүтқыншақ, кезеген, қосымша және буғақтық (тіл асты) жүйке тамырлары. Сопақша мида тыныс алу, жүрек қызметін реттеу орталықтары, тамыр қозғағыш орталық, көмірсулар алмасуын реттеу, ему, шайнау, сілекей бөлу, жұту, қарын, үйқы безі сөлін бөлу орталықтары, жөтелу, түшкіру рефлекстерінің орталықтары, Дейтерс ядросы және басқа тіршілікке маңызы зор орталықтар орналасқан. Сонымен қатар, сопақша мида бас еттерінің, көздің, ішкі құлақ лабиринттінің афферентгік жүйкелерінің орлалықтары орналасады.

Slide 21

Ми көпірі

Көпір - негізінен өткізгіштік қызмет атқарады. Ол мидың ал-дыңғы, соңғы бөлімдері мен мишықты байланыстырады. Көпірдің сүр затында ми жүйкелерінің Ү-ҮШ-жүптарының ядролары, торлы қүрылым ядролары және копірдің өзіндік дербес ядролары орналаса-ды. Ми жүйкелерінің сезімтал талшықтарымен көпір дөм сезу ре~ цепторлары мен көз еггері және бас терісінің рецепторларынан сиг-налдар қабылдап, осы жүйкелердің бас-сүйек еггерінің қимылдарын ретгейді. Көпірдің рефлекстік қызметі сопақша мидьщ қорғаныстық және қоректік рефлекстерін толықтырып отырады.

Slide 22

Мишық

Мишық - көпір мен сопақша мидың үстіңгі жағында орналасады. Ол көлемді бүйір бөліктерден - жарты шаралардан, жоне соларды біріктіретін қүртшадан түрады.

Мишық алдыңғы жол арқылы ортаңғы мимен, ортаңғы жол арқ-ыльь көпірмен, артқы жол аркылы- сопақша мимен, ал көпір арқы-лы үлкен ми жарты шараларымен байланысады. Мишық рецептор-лармен және эффекторлармен тікелей баііланыс түзбейді, бірақ оған өте көп афферентгік импульстер жетіп отырады.

Мишық дене қимылдарының үйлесімін, дене кейпін және дененің тепе-теңцігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның әсерімен бүлшық ет тонусы өзеріп, қимыл-әрекет кезінде жеке ет топтарының жиыры-лу күші реггелініп, артық, ебетейсіз қимылдар байқалмайды. Мишықты сылып тастаса бүлшық ет тонусы бүзылады (атония), қимыл үйле-сімдігі, аткдрылатьш қимыл мен бүлшық етгіңжиырылу күшінің арасын-дағы сәйкестік бүзылады (атаксия), теңселмелі қимылдар пайда бола-ды (астазия), бүлшық етгердің жиырылуындағы үйлесімдік бүзылады (асинергия), организм тез қажиды, әлжуаздық байқалады (астения) .

Мишық организмнің вегетативтік қызметіне де әсер етеді. Ми-шықты тітіркеңціргенде көздің қарашығы үлкейіп, артерия қысымы жоғарылайды, тамырдың соғуы жиілейді, бүлшық етте биохимиялық қалыптастыру процесі күшейеді. Мишықты алып тастаса ас қорыту жолының қимылы баяулап, қарын мен ішек солінің бөлінуі азаяды, қуат шығыны артады, бүлшық етгің нәрлену процесі бүзылады. Осы-дан мишықта симпатакалық және парасимпатикалық нервтену орта-лығы орналасады деген болжам жасалған.

Slide 23

Ортаңғы ми

Сүт қоректілерде ортаңгы ми дорсавдық және базалвдық (негіздік) бөлімдерден түрады. Дорсальдық бөлімге төрт төмпешік жатады. Бұл қүрылымнъщ алдынғы қос төмпешігшде көрудің, артқы қос төмпеішк-те - естудің бағдарлық рефлекстерінің орталықтары орналасады. Осы орталықтардың қатысуымен көз, құлақ қимылдап, бас тітіркендіргіш кезі орналасқан жаққа қарай бұрылады.

Ортаңғы мидың базальдық бөлімін оның сабақтары құрайды. Әрбір сабақ үш қүрылымнан - бүркемеден, қара төсеміктен және табан негізден түрады. Бүркемеде қызыл ядро жоне шығырлық жүйке мен көз қимылдық жүйке (III, ІҮ ми жүйкелері) ядролары орналаса-ды. Бүл жүйкелер көз алмасының етгерін жүйкелендіріп, көз қимыл-дарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Қызыл ядро дене қимылын реттейтін маңызды қүрылым. Рубро-жүлындық жол арқылы ол жүлын мотонейрондарымен байланыса-ды. Қызыл ядро сопақша мидағы Дейтерс ядроларыньщ қызметін тежеп, дененің кеңістіктегі кейпіне қарай бүлшық ет тонусын езгертіл отырады. Қызыл ядро дененің қалыпты кейпі мен тепе-теңдігін қам-тамасыз ететін тонустық рефлекстердің атқарылуьш ретгеуде маңыз-ды орын алады.

Қара төсемік қызметі өлі толық зерттелмеген. Ол бүлшық ет икемділігін, қимыл үйлесімін реггеуде маңызды рөл атқарады деген болжамдар бар.

Slide 24

Аралық ми

Аралық ми - көру төмпегі - таламус, төмпек асты аймақ - гипоталамус, және төмпектің үстіңгі қосалқысы - эпиталамус атты қүрылымдардан түрады.

Көру төмпегі (таламус) - мидың ең көне бөлігі. Онда сүр заттан тузілген көптеген (40-қа жуық) ядролар шоғырланады. Бүл ядролар алдыңғы, медиальдық және латеральдық болып бөлінеді.

Таламус иістік импульстерден басқа үлкен ми жарты шарларына бағытталған барлық афференттік импульстердің қақпасы болып есептеледі. Таламус ядроларында жанасу, проприо-, термо-, ауырсы-ну, дәм сезу рецелторларынан бағьпталған импульстер тоғысады.


Ұқсас жұмыстар
Жас кезеңдері
Қабырға Төс сүйегі
Баланың өсу заңдылықтары
Өсімдік физиология - сының даму
Баяу және шапшаң мотонейрон ерекшеліктері
Спортпен және дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану әсерінен әйел ағзасындағы қызмет мүмкіншіліктердің өзгеруі
Өсімдіктер физиологиясы
Зерде және ұйқы физиологиясы
Өсімдіктің қоректенуі
Еңбек физиологиясының негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz