Бұлшықет ұлпасы туралы ақпарат


Slide 1

Бұлшықет ұлпасы

Орындаған: Иманхан С. Е

Тобы: ОЗ- 407

Тексерген: Сатиева К. Р

Slide 2

Бұлшықет үлпалары жануарлар организмдерінің қоршаған ортадағы қимыл-қозғалысын, сондай-ақ, дене мүшелері мен мүшелер жүйелерінің ерікті (қаңқа бүлшық еттері) және еріксіз (ішкі мүше- лері мен тамырлар қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттар) салыстырмалы қозғалыстарын іс жүзіне асырады. Ет үлпаларының жиырылу, ширығу, босаңсу сияқты қызметтері жүйке үлпасының қызметімен тікелей байланыста жүреді және жүйке үлпасының басшылығымен іс жүзіне асады. Ет үлпалары өкілдерінің ортақ белгілері - олардың үқсас эмбриондық торшалар - миобласттардан дамуы жөне ет торшалары (миоциттер) мен ет талшықтарында (симпласт) жиырылу процесін қамтамасыз ететін арнайы органел- лалар - миофибриллалардың (белокты жіпшелер) болуы. Актин және миозин белоктары молекулаларынан қүралған миофибрилла- лардың жиырылу процесі аталмыш белоктар молекулаларыньщ өзара әсерлесуі нәтижесінде және басқа да белоктар мен кальций ионының қатысуымен жүреді. Жиырылу - куатты (энергияны) көп мөлшерде қажет ететін процесс. Сондықтан, миоциттер мен ет талшықтары цитоплазмасында энергияның алмасуын қамтама- сыз ететін цитологиялық қүрылымдар (митохондриялар, гликоген, миоглобин) көптеп кездеседі.

Қүрылысына, қызметіне, шыгу тегіне және орналасу орнына байланысты ет үлпалары: бірыңғай салалы жолақсыз, көлденең жолақты жөне арнайы жиырылғыш ет үлпалары болып бөлінеді.

Slide 3

Бұлшықеттің құрылысы:

1 - бұлшықет талшығының қабықшасы;

2 - бұлшықет талшығының шоғыры;

3 - бұлшықеттің жуан талшықтары;

4 - бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы;

Slide 4

БҰЛШЫҚ ЕТ ҰЛПАЛАРЫ - қүрылысына, қызметіне, шыгу тегіне және орналасу орнына байланысты жіктеледі: 1) бірыңғай салалы жолақсыз 2) көлденең жолақты 3) арнайы жиырылғыш .

Slide 5

Бұлшық ет ұлпасының түрлері

Бірыңғай салалы

Көлденең жолақты

Арнайы жиырылғыш ет ұлпалары

Slide 6

Бірыңғай салалы жолақсыз ет үлпасы - пішіні үршық төріздес үзынша келген ет торшалары - миоциттер қүрайды. Бірыңғай салалы жолақсыз ет үлпасы еріксіз жиырылады. Аталмыш үлпа ішкі мүшелердің, қан және лимфа тамырларының, без өзектеріның, көкбауырдың, терінің, еріксіз жиырылатын етті қабықтары мен қабаттарын түзеді. Үлпа миоциттерінің мөлшері мүшелердің қүры- лысы мен физиологиялық жағдайларына байланысты, үзындығы - 20 мкм -ден 500 мкм -ге, ені - 6 мкм -ден 20 мкм -ге дейін өзгеріп отырады. Олардың үзынша келген ядролары торшалардың ортаңғы жуандау келген түсында, ал органеллалары мен гликоген түйір- шіктері ядро маңындағы цитоплазмада орналасады. Миоцит цитоплазмасында жиырылу процесін іс жүзіне асыратын белокты жіпшілер - миофибриллалар (арнайы органеллалар) торшаның үзын бойымен бойлай орналасады. Олар кезегімен орналасқан актин және миозин миофиламенттерінен қүралған. Миозин миофила- менттері актин миофиламенттеріне қарағанда 3-24 есе жуан. Жиы- рылу процесі кезінде аталған миофиламенттер бір-біріне жанаса еніп, қысқарады. Миоциттер сыртынан екі қабат қабықшамен: сыртқы негіздік жарғақпен және ішкі миоцит плазмолеммасымен қапталған. Бүлардың аралығында ені 15-20 нм кеңістік қалады. Миоциттер бір-бірімен тым жіңішке коллаген және эластинталшықтары аралықтарымен өзара байланысып жатады. Бұл ара- лықтар эндомизий - деп аталады. Ондаған миоциттер бір-бірімен тығыз (десмосома, нексус, тығыз байланыс) дәнекерлене байла- нысып, бірыңғай салалы ет ұлпасының қүрылымдық бірлігі - миоциттер шоғырларын жасайды. Олардың арасында ет үлпасын қоректендіретін және оның қызметін реттейтін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін, дәнекер үлпалық аралықтар қалады. Бүл аралықтар перимизий - деп аталады. Бірыңғай салалы ет үлпа- сының қабықтары мен қабаттары сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталады. Аталған сыртқы дәнекер үлпалық қап- шықты эпимизий - деп атайды. Ішкі мүшелер мен тамырлар қабыр- ғаларындағы бірыңғай салалы ет үлпасының қабықтары мен қабат- тары қүрылысы жағынан паренхималы қүрылымдарға жатады. Олардың паренхимасын миоциттер, ал стромасын борпылдақдәне- кер үлпалық аралықтар (эндомизий, перимизий, эпимизий) құрайды. Миоциттер бөлініп көбеюге бейім. Бірыңғай салалы ет ұлпасы мезенхимадан дамиды.

Slide 7

Бірыңғай салалы бұлшықет

1 - миоцит,

2 - ядро

Slide 8

Бірыңғай салалы бұлшықет құрылысы

А - жарық микроскобында

Б - электронды микроскопта.

1 - тегіс миоциттер;

2 - ядролар;

3 - цитоплазма;

4 - митохондриялар;

5 - миофиламенттер;

6 - гавеолалар;

7 - жасушааралық байланыс;

8 - базальды мембрана.

Slide 9

Көлденең жолақты ет ұлпасы екіге бөлінеді

Қаңқа бұлшықет ұлпасы

Жүрек-ет ұлпасы

Көлденең жолақты бүлшық ет үлпасы қаңқаның, тілдің, жүт- қыншақгың, өңештің алдыңғы бөлігінің, көмекейдің, көз алмасының, қүлақтың, көкеттің бүлшық еттерін қүрайды. Көлденең жолақгы бүлшық ет үлпасының ет талшықгары миосимпласттардан (бейтор- шалық күрылым) түрады. Миосимпласт сыртынан сарколеммамен қапталган.

Бүлшық ет талшықгарының арнайы органеллалары - миофибриллалар миосимпласт қараи шетке ығыстырып, цитоплазма орта- лығының көп бөлігін алып жатады. Олар ет талшығының ұзын бойын бойлай орна- ласады. Миофибриллалардың орташа диаметрі 1-2 мкм.


Ұқсас жұмыстар
Бұлшықет ұлпасы
Бұлшықет ұлпалары
СӨЖ Бұлшықет ұлпалары эволюциялық динамикасының жалпы сипаттамасы
Жүрек бұлшық етінің ерекшеліктері
Бұлшықет морфологиясы
Эпителий ұлпасы
Ағзаның құрылымдары
Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы. Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі. Жүрек ет тканінің регенерациялық қабілеті. Эпидермальды және нейралды ет ткані
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы
Көлденең жолақты жүрек бұлщықет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz