ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ ИДЕЯЛАРЫ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
Орындаған: А. Қ Орынбекова
ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ ИДЕЯЛАРЫ

Шалва Александрович Амонашвили
В. Ф. Шаталов
С. Н. Лысенкова
Архимед Мыңбайұлы Ысқақов
Қ. М. Нұрғалиев
Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева

Жаңашыл педагог
Педагогикалық еңбектері
Педагогикалық идеясы
Шалва Александрович Амонашвили
Жаңашыл педагогтің қызметі: профессор, психология ғылымдарының
докторы, академик (1931 жылы туған)
«Мектеп шыңдығы»
«Тәрбие жайлы баллада»
«Балалар, асығыңдар! Оқимыз!»
«Сәлеметсіздер ме, балалар!»
«Қалай балаларды жақсы көруге болады?»
Негізгі идеялары және педагогикалық ұрындары: ынтымақтастық педагогикасы, жеке тұлғаны демократияландыру. Ш. А. Амонашвили 6 жасар балаға тәрбиежәне білім берудің мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін ғылыми негіздеп, оны мектеп тәжірибесі арқылы дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде гуманитарландыру идеясын жүзеге асырды. Ұраны: "Тәрбиепроцесінің барлық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау". Шалва Александрович мектеп есігін жаңа ашқан, әлі буыны бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жығып, талабын қайтармас үшін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың тындырған істерінің нақты нәтижелерімен бағалайды. Оның оқушыларының дәптерден жасаған қолжазба кітаптары бар. Оған балалар өздерінің алғашқы әңгімелерін жазады, өздерінің салған суреттерін папкаларға жинайды. Балалар табыстарын ата-анасына көрсетіп, мақтанып, оны мектептегі көрмеге қойып, ұжымның рухын көтеріп, оқушыларға күнделікті оқу, білім, өздігінен іздену жолдарын түсіндіреді.

Жаңашыл педагог
Педагогикалық еңбектері
Педагогикалық идеясы
В. Ф. Шаталов (1929 жылы туған) - украин педагогы
«Педагогикалық проза»
«Ізденіс жолы»
«Физика бүкіл өмірге»
«Эксперимент жалғастырылалы»
«Үш деген баға қайда кетті?»
В. Ф. Шаталов тәжірибесінің бірінші ерекшелігі - оқу процесін оқушылардың іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге, бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. Шаталов 1-кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, 2- кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп, 3-кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп, 4-кезеңде оқушылар оқулықпен және тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді. 5-кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптертеріне жазып, 6-кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді. Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тәжірибесінің екінші ерекшелігі - бағдарлама нық бір-бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.

Жаңашыл педагог
Педагогикалық еңбектері
Педагогикалық идеясы
С. Н. Лысенкова - Ресей педагогы
«Педагогика»
«Қалай балаларды оқытамыз?»
«Қашан оқуға оңай болды?»
Әдістемесінің негізі - бастауыш сыныптардағы оқу процесінде тірек сигналдарды пайдалану, оқу материалы туралы оқушыда тұтас түсінік қалыптастырып, "оза оқытып, перспективалы жұмыс жасау". Лысенкова оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, олардың сабаққа барысында көп сөйлеуіне, өздерін-өздері оқытуына көп көңіл бөліп "кері байланыс" - деп атайды. Жалпы С. Н. Лысенкова балаларға ауызша тапсырмаларды аз орындатып, бүкіл сынып қатысатын жазбаша тапсырмаларға ерекше ден қояды. Ол оқушылардың сыныбы ілгерілеген сайын көп пікірталастар өткізгенді дұрыс деп санайды.

Жаңашыл педагог
Педагогикалық идеясы
Архимед Мыңбайұлы Ысқақов
Көпшілік Архимед мектебін "Болашақ" мектебі дейді. Оқу-тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына, азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды. Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізу де Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары. Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта-ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің пайдасына көздерін жеткізеді.
Архимед мектебінің міндеті - балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, олардың өмірдегі өз жолын табуына көмектесу. Бұл мектеп сол кезде жартылай шаруашылық негізде жұмыс істеп, оқушылар түске дейін қалалық жүзден астам өндіріс орындарында міндетті түрде 4 сағат еңбек еткен. Тапқан табыстарының 50 сомын мектеп қорына өткізіп, оны бос уақыттары мен каникулдарын мазмұнды ұйымдастыру үшін жұмсаған. Оқуға деген ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін шәкірт ақысы төленген. Бағдарламаның ерекшелігі - жалпы білім беретін пәндерден басқа әр оқушының қалауына сай бір-екі пәнді тереңдетіп оқытуында, бейнелеу өнері, кино, театр, саз, дін тарихы пәндерін енгізілуде, биология курсының "Экология негіздері" деген қосымша сабақтармен толықтырылуында. Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен дене шынықтыру сабағы аптасына 5 рет өткізіліп, бір сабағы міндетті түрде бассейінде өткізілген.

Жаңашыл педагог
Педагогикалық идеясы
Қ. М. Нұрғалиев
Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу. Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы. Еліміздің таңдаулы мектептерінің бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған ауылдық жердегі аралас мектеп болған. Мектеп жанындағы оқу өндірістік кешенінде 9-10 сыныптағылар екі жыл ішінде жүргізуші, тракторшы, электрик мамандықтарын алып шыққан. Мектептің бүкіл оқу тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделіп, барлық 40 кабинеттің техникалық орталығы республикамызда тұңғыш рет осы мектепте жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың, диафильмдер, диопозитивтердің, кинофильмдер мен кино-фрагменттердің, магнитофон жазбаларының үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы болған. Студиядағы операторлар да, режиссерлар да 7-сыныптан жоғары оқитындар болды.

Жаңашыл педагог
Педагогикалық идеясы
Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева
1991 жылы 19 мамырда Қанипа Бітібаеваның ғылыми әдістемелік атаулы мектебі ашылып, оның жетекшілігімен ұстаздар "Әдебиетті тереңдетіп оқыту әдістемесін" жетілдіруге ат салысуда. Қ. Омарғалиқызы 70-тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы. Оның "Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы" атты оқулығында лириканы, эпикалық шығармаларды, драмалық шығармаларды жаңа технологиялармен оқыту жолдары баяндалған. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің жолдары тақырыпқа қатысты сабақ еткізудің технологиялық картасы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстар берілген. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрінің берілуі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман, жанрларын оқытудың ғылыми-теориялық негізі және сабақ үлгілері бірге ұсынылған. Сонымен қатар, "Абай жолы" эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту әдістері берілген. Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйене отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру, әдіс-тәсілдері де осы оқулықта көп жазылған. Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негізделген екі кітабы, Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz