Операция арасындағы қойма және аралық қойма туралы ақпарат


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Операция арасындағы қойма және аралық қойма

Орындаған: Омаргазина Д. М.

ХН-221

Slide 2

Қойма дегеніміз тауарларды сақтайтын коммерциялық ғимарат. Қоймалар көбінесе өндірушілер, импорттаушылар, экспорттаушылар, көтерме саудагерлер, тасымалдаушылар және кеден т. б. тарапынан қолданылады.

Олар қалалар мен ауылдардың маңындағы өнеркәсіптік зоналарда орналасқан ірі көлемді ғимараттар болып табылады. Қоймалар тікелей жүк машиналарынан, темір жолдардан, әуежайлардан, теңіз порттарынан жүктерді тиеп-түсіру үшін арнайы жобаланады. Олар көбінесе стандартты палетталарда орналастырылған жылжымалы жүктер үшін крандар мен тиеуші машиналармен жабдықталады. Қоймаланатын тауарларға кез келген шикізат, қаптау материалдары, қосымша бөлшектер, немесе ауылшаруашылық, өнеркәсіп, саудаға қатысты дайын өнімдер жатуы мүмкін.

Slide 3

Қоймалардың түрі мен қызметтері. Қоймалардың жіктелуі.

Қорлардың сақталуы арнайы құрылған орындарда болуының объективті қажеттілігі материалды ағынның қозғалысының кез келген сатысында, шикізаттың біріншілік көзінен соңғы тұтынуына дейін болады. Мұнымен қойма түрінің санының көп болуы түсіндіріледі.

Оларды логистикалық тізбектегі орны мен тауар қозғалысы үрдісініндегі маңызына байланысты келесі топтарға жіктейді:

Өндіруші-ұйым өнімінің қоймасы (қамсыздандыру сферасында) ;

Тұтынушылар өнімінің қоймасы (өндіріс сферасында) ;

Өндіруші фирмалардың қоймалары (тарату сферасында) ;

делдал ұйымдардың қоймалары.

Slide 4

Өндіруші-ұйым қоймалары шикізатты, материалды, өнірістік мақсаттағы өнімді сақтауға және өндіруші тұтынушыларды қамсыздандыруды (бірінші кезекте) жүзеге асырады.

Өндірістегі қойма технологиялық үрдіс ағымының тоқтаусыз қызмет атқаруына арналған. Бұл қоймаларда аяқталмаған өндіріс қоры, құрылғылар, құрал-саймандар және құрал-жабдықтар, т. б. сақталады. Өндіріс ұйымдарында өндіріс үрдісіндегі роліне және бағыныштылығына байланысты қоймалар қамсыздандыратын (материалдытеникалық қамсыздандыру бөліміне бағынады), өндірісті материалдармен жабдықтайтын, жинақтаушы өнімдер, сатып алатын жартылай фабрикаттар және т. б. деп жіктеледі; өндірістік (жоспар-өндірістік немесе жоспар-диспетчерлік бөлімге бағынады), өз өндірісінің жартылай фабрикаттарын және сақтауға аранлған; өзіндік өндірілген жартылай фабрикаттарды және технологияық қамсыздандыру заттарын сақтауға арналған; предназначенные для хранения полуфабрикатов собственного производства и технологической оснастки; сатуға жіберілетін материалдық құндылықтарды сақтауға арналған өтім бөлімі (өтім бөліміне бағынады) . Қызмет көрсету сферасына байланысты ұйым қоймалары жалпы зауыттық (орталық), цех бастықтарына бағынатын цех алды (орталық қойма филиалдары) және цехтік болып жіктеледі.

Өтім қоймалары өндіріс саласынан тұтынушыға тауар қозғаласының ұзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін арналған. Олардың негізгі қызметі тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз ету мен өндірістік ассортименттің құрылуына негізделген.

Slide 5

Делдал ұйым қоймалары (алдымен транспорттық) материалдық құндылық тасымалымен байланысты уақытша қоймалауға арналған. Бұған жатады: темір жол станциясының қоймалары, автотранспорт жүктік терминалы, өзен және көл порттары, әуе транспортының терминалы. По характеру выполняемых операций грузопереработки они относятся к транспортно-перевалочным. Қойманың бұл топтары қамсыздандыру немесе сол сияқты тарату логистикасында болуы мүмкін.

Барлық қоймалар қызметіне байланысты бес түрге жіктеледі:

· аралас, комбинацияланған және басқа жүк тасымалдау түрлерін жүзеге асыруда қолданылатын жүкті ауыстырып тиеуге арналған қоймалар;

· сақтау қоймалары, өндірістің дұрыс қызмет атқаруы үшін қажетті материалдардың концентрациясын және сақталуын қамтамасыз етеді;

· түзуші қоймалар (комиссионирования), тұтынушының талаптарының спецификалығына байланысты тапсырыстарды түзуге бағытталған қойма;

· сақтау қоймалары, қоймаланған заттардың тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ететін қоймалар;

· арнайы қоймалар (мысалы, кеден қоймасы, уақытша сақтау қоймасы, таралар, қайтарылған заттар және т. б. )

Slide 6

Қоймалар құрылу ерекшеліктеріне байланысты жабық, жартылай жабық (тек шатыры немесе шатыры, бір, екі немесе үш қабырғалары бар) және ашық алаңдар болып бөлінеді.

Қоймалар сақталатын материалдардың спецификасы мен номенклатурасына байланысты әмбебеп және мамандандырылған болып жіктеледі. Әмбебеп қоймаларда кең номенклатуралы материалдар сақталады. Мамандандырылған қоймалар бір текті материалдарды сақтауға арналған (мысалы, чугун қоймасы, лак бояйтын материалдар және т. б. ) .

Қоймалардың механизациялау дәрежесіне байланысты қоймалық қызмет жіктеледі: механикалық емес, механикалық, автоматтандырылған және автоматикалық.

Slide 7

ҚОЙМАЛАР ҒИМАРАТТАР МЕН ӨНЕРКӘСІПТІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ:

- ашық немесе шатырланған;

- жабық (бірқабатты немесе көпқабатты)

- сонымен қоса арнайы жабдықталған болып бөлінеді.

Қойманың территориясының алаңы:

1. жүктер орналастырылған негізгі алаң (қатарланып орналастырылған материалдардың штабелдері мен стеллаждар) ;

2. Оперативтік аудан (өткелдер, яғни проход, сортировочный және қабылдап, тармақтап таратқыш алаң, яғни өлшеу құрылғылары орналастырылған және қызмет көрсету жайлары орналастырылған) .

3. Конструктивтік алаң

Slide 8

ҚОЙМАЛАРДЫ ЖОБАЛАУДАҒЫ МАҚСАТТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ КЕЛЕСІ ЕСКЕРУЛЕР НЕГІЗІНДЕ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ :

Өнімдерді шығару үшін жүргізілетін үдерістерді (процестерді) шикізатпен басқа да материалдармен және де ол өнім түрлеріне сұраныстағы кәсіпорындарды уақтылы, сенімді түрде қамтамасыз ету.

2. Өндірістегі учаскелер, цехтар т. б. құрылымдар арасындағы матариалдар ағымдарын реттеу.

3. Қоймаларда сақталудағы заттардың есепке алу негізінде олардың ауысып тұруы жөніндегі ақпараттарды толықтай беру мүмкіншілігі.

4. Материалдардың қоймаларда жатып қалмауы, оларды керекті өндіріс бөлімдеріне тез арада жеткізу шаралары.

Slide 9 Slide 10

1. Тұтынушылардың сұранысына сәйкес қажетті ассортиментті құру. Сатып алу және өндірістік логистикада бұл қызмет әртүрлі өндіріс фазасының қажетті материалды-техникалық ресурстарын (саны және сапасы бойынша) қамтамасыз етуге бағытталған. Тарату логистикасында бұл қызметтің маңызы ерекше. Сату қоймасы тұтынушылық өндіріс ассортиментін клиенттің тапсырысына сәйкес жүзеге асуын құрайды. Қоймада қажетті ассортиментті құру тұтынушылардың тасырысын эффективті орындауға және клиентке қажетті көлемде тапсырысты орындауға мүмкіндік береді.

2. Қоймалау және сақтау. Осы функцияның орындалуы шығарылған өнімнің мезгіл арасындағы өзгешелігімен қоса өндірістік процесстің үзіліссіз жұмысы барысында артық мөлшердегі қорларымен тұтынушыны үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Реттегіш жүйе арқылы тауардың сақталуы заттардың маусымдық тұтынылуына байланысты жүргізілуі қажет.


Ұқсас жұмыстар
Операция арасындағы қойма және аралық қойма жайлы ақпарат
Операция арасындағы қойма және аралық қойма
ҚОЙМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ БАСҚАРУ
Негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі
Есеп жүргізудің жалпы қағидалары
Контроллингті қолданудағы механизмдер мен процестер
Сыртқы экономикалық қатынастар транзиті
Жалпы тауар қоймаларына қойылатын талаптар
Дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыру шарттары
Материалдар мен дайындамалардың цехтағы қоймасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz