Балаларға арналған музыкалық білім беру бағдарламасының пәндері мен мазмұны



Музыкалық білім алушылар үшін таңдау бойынша пән жеке
өткізіледі, топтық сабақтар ұжымдық музыка ойнау бойынша
жүргізіледі.
• «арнайы аспап» пәні фортепиано, скрипка, альт, виолончель
аспаптары бойынша жеті-тоғыз жыл оқыту мерзімімен, домбыра,
қобыз, гитара, баян, аккордеон, флейта, саксофон, тромбон,
кларнет, керней аспаптары бойынша бес-жеті жыл о қыту
мерзімімен музыкалық білімнің мазмұнын айқындайды.
• Аспапта ойнауға оқыту процесіндегі табиғи мүмкіндіктерді
ескере отырып, орындаушылық өнер негіздерінің білімдері мен
іскерліктерінің көлемін қамтамасыз етеді. Музыкалық-практикалы қ
қызмет дағдылары, орындаудың, ұжымдық музыка ойнаудың
техникалық дағдылары, музыкалық қабілеттері мен кәсіби
бағдарлануын дамыту қалыптасады.
• «сольфеджио» пәні музыкалық өнердің теориялық негіздерін
оқыту базасында оқушылардың музыкалық жадысын, ритмін
дамытуды, жалпы музыкалық танымын кеңейтуді анықтайды.
«Сольфеджио» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі әрбір
сыныпта аптасына 2 сағатты құрайды. Даярлық сыныптарында
аптасына 1 сағат көлемде жүргізіледі. Оқушылармен жұмыс істеу
нысаны – топтық;
• «вокал сыныбы» пәні білім алушылардың табиғи қабілетін:
музыкалық жады, музыкалық практикалық қызмет үшін қажетті
теориялық білімді, вокалдық-интонациялық дағдыларды
меңгеруін, музыкалық сауаттылықты және музыканың
қарапайым теориясын оқып үйренуін, жеке ән салу қабілетінің
дамуын қалыптастыру бойынша бес-жеті жыл оқу мерзімімен
музыкалық білім алу мазмұнын анықтайды. Мынадай 3 кезеңді
қамтиды: даярлық, негізгі, ерте кәсіби бағдарлану;
• «хормен ән айту» пәні жеті-тоғыз жыл оқу мерзімімен
вокалдық-интонациялық және вокалдық-хорда ән айту
дағдыларын қалыптастыру бойынша балаларға музыкалық білім
беру мазмұнын айқындайды.
• Жеке ән салу және хорға қатысушылардың ән салу
мәдениеті, ұжымдық музыка ойнау дағдысы, ән салу аппаратын
дайындау шеберлігі, дауыс қою, ән айту кезіндегі тыныс алу
дағдысы, вокалдық-хор айтудағы музыкалық бейімі,
сүйемелдеусіз ән айту, көп дауыста ән айту, ансамбльде ән айту
сияқты вокалдық дағдыларды, музыкалық жадыны, дикция мен
артикуляцияны, хор айту кезіндегі ырғақты, көркем шығарманы
эмоциямен және мәнерлеп орындау дағдылары қалыптасады;
• «хореография» пәні жеті-тоғыз жыл оқу мерзімі ішінде
хореографиялық өнердің мазмұнын айқындайды.
Классикалық, тарихи-тұрмыстық, халықтық-сахналық би,
қазіргі заманғы би, қазіргі заманғы бал биі, сондай-ақ
концерттік нөмірлерді қою, дауыс қою, өнер тарихының
бастапқы курсы, музыкалық сауаттылық және музыка
тыңдау, музыкалық құрал, таңдау бойынша білім мен білік
қалыптасады;
• «әлемдік музыкалық әдебиет» пәні жылдық жүктемесі
136 сағат көлеміндегі балаларға музыкалық білім берудің
мазмұнын айқындайды. Музыкалық-практикалық қызмет
және жалпы музыкалық даму үшін қажетті музыкалық-
теориялық білім деңгейін анықтайды;
• «қазақ музыкалық әдебиеті» пәні жылдық жүктеменің
102 сағат көлемінде музыкалық білімнің мазмұнын
анықтайды. Бағдарлама түрі өзгертілген, білім беру, ұзақ
мерзімді, мамандандырылған болып табылады. Музыкалы қ-
теоретикалық және зияткерлік даму, оқушылардың есту
тәжірибесінің жинақталуы қалыптасады, дүниетанымы
кеңейеді, музыкалық-практикалық қызмет және жалпы
музыкалық даму үшін тарих және музыкалық мәдениет

Ұқсас жұмыстар
Музыкалық білім беру әдістемесі: типтік бағдарлама мен оқу-әдістемелік құжаттар
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері мен ұйымдастыру принциптері
Музыкалық-педагогикалық білім беру әдіснамасының теориясы мен практикасы
Музыкалық білім беру мен оқыту әдістемесінің терминологиялық глоссарийі
Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасының ерекшеліктері, міндеттері және бағалау жүйесі
Музыкалық білім беру педагогикасының философиялық, психологиялық және әдіснамалық негіздері
Музыкалық білім беру дидактикасы: оқыту әдістері мен сабақтарды ұйымдастыру ерекшеліктері
Музыкалық білім беру педагогикасы және педагог-музыканттың әдіснамалық мәдениеті
Мультимедиалық технологиялар: қағидалар, білім беру қолданылуы және Sibelius бағдарламасының интерфейсі
Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру: психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және арнайы білім беру жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz