Программалық жабдықтарды құжаттаудың түрлері, талаптары және стандарттары


Slide 1

Орындаған: Нұржанова С.

Тексерген: Жаксыгулова Д. Д.

Slide 2

Программалық жабдықтарды құжаттау оның өмірлік циклындағы маңызды процесстердің бірі болып есептеледі. Программалық жабдықтың құжаттарына баспа түрінде немесе цифрлық түрде дайындалған программаны құрушыға арналған құжаттар, қолданушыға арналған нұсқаулықтар, анықтамалықтар, диалог түріндегі электрондық нұсқаулықтар және т. б. жатады.

Slide 3

МЕМСТ пен бекітілген программалық құжаттаудың түрлері

Slide 4

Архитектуралық - жобалаушы құжаттар, негізінен программаны құрушыларға арналған. Мысалы, архитектура - жобалаушы құжаттарда программисттер деректер құрылымының не себепті класстар түрінде анықталғанын, немесе паттерннің не үшін таңдалғанын, немесе оларды жетілдіру үшін не істеу керек екенін баяндай алады, мұндай мәселелер программалық жабдықтың техникалық құжатына да, қолданушының құжатына да кірмейді;

Slide 5

Техникалық құжаттар программада қолданылған алгоритмдерді, қолданушының интерфейстерін, программаның кодын анықтайтын техникалық сипаттағы құжаттар болып табылады. Қазіргі уақытта программалық жабдықтың техникалық құжатын жасаудың автоматтандырылған жүйелері (мысалы, Doxygen, javadoc, NDoc сияқты құжаттандыру генераторлары) қолданылып жүр;

Slide 6

Қолданушының құжаттары программалық жабдықты кәсіби қызметтерінде пайдаланатын қолданушыларға арналады. Бұл құжатта программалық жабдықты қалай пайдалану қолданушыға түсінікті түрде дәл және толық берілуі тиіс;

Slide 7

Маркетингтік құжаттар программалық жабдықты нарықта насихаттау үшін жасалады. Мұнда көпшіліктің назарын аударатын реклама түріндегі материалдар, программалық жабдықтың артықшылықтары және т. б деректер қамтылады.

Slide 8

Программалық жабдықтарды құжаттаудың ортақ жүйесін Қазақстан Республикасының деңгейінде және халықаралық деңгейде қабылданған стандарттар құрайды. Программалық жабдықтарды құжаттандыруға байланысты Қазақстан Республикасы деңгейінде СТ РК ИСО/МЭК 6592-2002 - « Ақпараттық технологиялар. Компьютерлік қолданбалы жүйелерді құжаттандыру бойынша нұсқаулық», СТ РК ГОСТ Р ИСО/МЭК ТО 16326-2006 - «Бағдарламалық инженерия. Жобаны басқару кезіндегі СТ РК 34. 019 қолдануға нұсқаулық», СТ РК ГОСТ Р ИСО/МЭК 15910-2006 (ГОСТ Р ИСО/МЭК 15910-2002, IDT) - « Ақпараттық технологиялар. Бағдарламалық құралдарды қолданушыға құжат дайындау процессі» және т. б. халықаралық деңгейдегі стандарттар қолданылып жүр.

Slide 9

http://kz3. fatwords. org/

Бөрібаев Б. «Программалау технологиясы» Алматы, «Дәуір» баспасы, 2012ж

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Программалық жабдықтарды құжаттау: түрлері, мазмұны және стандарттары
Программалық қамтамасыз етуді құжаттаудың ұғымы, түрлері және стандарттары
Стандарттау категориялары мен түрлері: ҚР мемлекеттік стандарттары, қолданылуы мен талаптары
Бағдарламалық қамтамасыз етуді құжаттау: түрлері, стандарттары және әзірлеу кезеңдері
Кино, фото және фоно құжаттаудың әдістеріне шолу
Дербес компьютердің программалық және аппараттық жабдықтары
Программалық жабдықтардың түрлері және программалау тілдерін топтаудың негіздері
Аудиттің анықтамасы, түрлері, халықаралық стандарттары және Қазақстандағы дамуы
Дербес компьютерлер және программалық жасақ: жүйелі және қолданбалы программалардың түрлері
Программалық қамтамасыз етудің даму тарихы және қазіргі заманғы программалық құралдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz