Азаматтық,қазақстандық елжандылық,этносаралық келісім туралы ақпарат




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Азаматтық,қазақстандық
елжандылық,этносаралық келісім туралы ұғым.

Орындаған:Баймұханбетова К.Е
Топ: Т-413
Жоспар:
1.Азаматтық құқық.
2.Азаматтық құқықтың
қағидалары.
3.Азаматтық құқықтың
қайнар көзі.
4.Елжандылық.
5.Этносарлық.
Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс
тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар
мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.
Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен
реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде
Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңестірілген
Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік
және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар
дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа
біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда,
мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,
құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық
қатынастар.
Азаматтық құқықтың қағидаларына:

●тараптардың теңдігі;

●шарт еркіндігі және таңдау құқығы;

●еркіндік;

●тәуелсіздік;

●меншікке қолсұқпаушылық;

●біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;

●азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;

●бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот
арқылы қорғау жатады.
Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары
басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы
мәнге ие.
Азаматтық құқықтың жүйесі

Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және
ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы
ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт,
меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен,
нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас,
жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құқық
және өсиетнама.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері

Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің
түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты
қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке
мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.
6-бапта:

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке
меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет
жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де
қызмет етуге тиіс,

Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз
құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау
кепілдіктері заңмен белгіленеді.

Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.
Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен
шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше
орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық
қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың
негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы
бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995
жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше
бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді.
Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше,
тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы
азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Елжандылық — тарихи тамыры терең
әлеуметтік, саяси, психологиялық құбылыс. Ол
ұлттардың арасындағы демократиялық
дүниетанымға, адамгершілікке, бөтенді
жатырқамайтын қазақы ұлттық менталитет
пен дәстүрге негізделген. Қазақ жерін барлық
ұлттардың шынайы Отанына айналдыру, тілін,
дінін дамытып, өркениет жолына салатын
идеология мен саясат.
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір
халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері
бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай
түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік
зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы
ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.).
Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе
ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және
т.б.).
Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына
анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы
бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе
ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас
тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін
топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін
ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты.
Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі
жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен
бірқатар зерттеушілер келісті.
Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың
пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас
тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси
кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және
шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл
атқаратыны сөзсіз.

Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып
түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады.
Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде
көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар,
тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы
топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға
болады.
Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға
негізделген адамдар тобы, яғни, әрбір жеке адам
туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени
бірегейлік. "Этникалық топ" ұғымы 1950-1960-шы жж.
пайда болды. Ол "тайпа" ұғымының орнын басты.

Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық
ғылымдарда екі негізгі мәнге ие.

●этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын
адамдар тобын жатқызу.

●этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою.
Соңғысында ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше
факторлармен байланыстырылады:

Біріншіден, ұлттық дербестікке немесе ұлттық мемлекеттілікке
үмтылатын ұлттың саяси бағдарламасына негізделген ұлтшылдыққа ие.
Ал, этникалық топтың ондай бағдарламасы жоқ;

Екіншіден, ұлтшылдық ұлтқа өз мүдделерін жалпыұлттық деңгейде
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы этникалық белгілер этникалық
топқа әлеуметтік мәдени ұйысу береді, бірақ олардың кейде өзге
топтардың немесе өз этникалық тобының мүдделеріне қайшы келетін өз
мүдделерін көрсетуіне тыйым сала алмайды;

Үшіншіден, ұлт жағдайында этникалық топтың этникалық шекарасы
саяси шекарамен, ақыр соңында ұлттық мемлекеттің географиялық
шекарасы белгіленеді;

Төртіншіден, ұлттық этникалықты жасау осы ұлттың ұлтшылдығымен,
ұлттық мемлекеттің институттарымен бақыланады;

Бесіншіден, ұлттың этникалығы этникалық құрамдас бөліктері арқылы
да, азаматтық арқылы да анықталуы мүмкін.
Назарларыңызғ
а рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Азаматтық, Қазақстандық елжандылық, этносарлық келісім туралы ұғым
Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім туралы ақпарат
Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім
Азаматтық,елжандылық,этносарал ық келісім туралы ұғым
Азаматтық,
«Азаматтық, қазақстандық
Этносаралық келісім туралы ақпарат
Азаматтық, қазақстандық, елжандылық, этносаралық келісім тұралы туралы түсінік
Елжандылық туралы ақпарат
Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
Пәндер