ҚР-дағы экономикалық өсу себептері,факторлары



Орындаған:ӨтегеноваЖ. А
Тексерген:Габдуллина. Л. Б
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ

Жоспары:
2013, 2014, 2015жылдардағы ҚРдағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне сипаттама.
ҚР-дағы экономикалық өсу себептері, факторлары.
Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары, және инфляцияға қарсы саясат.
Инфестицияның мәні, түрлері, және ҚРдағы инфестициялық саясат.

2013 жылы әлемдік экономиканың қалпына келу процесі баяу қарқынмен жүрді және тұрақсыздық байқалды. Бұл ретте әлемдік экономиканың өсуіне негізгі үлесті дамушы елдер және нарығы қалыптасу үстіндегі елдер қосты, себебі дәл осы елдер әлемдік деңгейдегі жиынтық сұраныстың негізгі катализаторы болып табылды.
Соған қарамастан дамушы елдерде өсу қарқыны аздап баяулайды деп күтіледі. Бұл сценарий орнықты ішкі сұранысты, инвестициялық белсенділікті ынталандыру, еңбек өнімділігін арттыру және жұмыссыздықты төмендету жөнінде қосымша шаралар қабылдауды талап етуі мүмкін.

2013 жылғы макроэкономикалық даму
Жалпы макроэкономикалық үрдістер
2013 жылы Қазақстанда экономиканың өсу қарқынының жылдамдағаны байқалды. 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда (алдын ала деректер бойынша) ішкі жалпы өнімнің нақты өсуі Қазақстанда 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6, 0%-ды, нақты көрсеткіш бойынша 12, 5%-ды құрады. Айтарлықтай жоғары өсу қарқыны байланыс (2012 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 14, 0%), сауда (12, 7%), ауыл шаруашылығы (10, 8%), көлік (7, 5%) сияқты салаларда байқалды.
Экономиканың тұрақты өсуі 2013 жылы жиынтық сұраныстың орнықты өсуімен байланысты болды, ол банк секторын кредиттеудің кеңеюімен де, халықтың ақшалай кірісінің ұлғаюымен де нығайды. Мәселен, жан басына шаққандағы орташа ақшалай кіріс 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда номиналдық көрсеткіш бойынша 9, 5%-ға және нақты көрсеткіш бойынша 3, 5%-ға өсті.

Елдің халықаралық резервтері 10, 5 %-ға өсті және 95, 2 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 21, 8 %-ға 70, 5 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Республикалық бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2, 1 %-ды құрады. Инфляция 4, 8 %-ды құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 1, 2 %-ға төмен. 2013 жылы сыртқы сауда айналымы 1, 1 %-ға төмендеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық Банктің алдын ала бағалауына сәйкес төлем балансының ағымдағы шотының профициті 117, 6 млн. АҚШ долларын құрады.

2013 жылғы желтоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5, 2 % деңгейінде қалыптасты. Бүкіләлемдік экономикалық форумның бағалауы бойынша макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және елде қолайлы инвестициялық климат құру, нормативтік құқықтық базаны жақсарту, бизнесті ынталандыру және дамыту шараларын қабылдау бойынша жүйелі шараларды қабылдауға бағытталған міндеттерді іске асырудың арқасында Қазақстан 2013 жылы әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді. 2013 жылы әлемдік экономика баяу қалпына келгенін, дегенмен жинақталған макроэкономикалық теңгерімсіздікке байланысты оның осалдығы жоғары күйінде сақталып отырғанын атап өткен жөн.
Ел азаматтарының әлеуметтік әл-ауқаты жақсаруда. Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2013 жылы номиналдық көрсеткіште 7, 7 %-ға, нақты көрсеткіште 3, 0 %-ға өскен. 2013 жылғы орташа айлық номиналды жалақы 108, 6 мың теңгені құрады. .

2001 - 2013 жылдар кезеңінде АЭА-да 5967 жұмыс орны құрылды, өндіріс көлемі 210, 8 млрд. теңгені құрады. 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында экономиканың нақты секторы қалыпты қарқынмен өсті. Өнеркәсіптің өсуі 1, 8%-ды құрады, тау-кен өнеркәсібі 2, 2%-ға, өңдеу өнеркәсібі 1, 8%-ға өсті.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі де өсудің елеусіз қарқынын көрсетуде (1, 4%), бірақ маусымдылықтың және қалыптасқан қолайлы климаттық жағдайларға байланысты 2013 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының НКИ 110, 5% деңгейінде бағаланады.
Ағымдағы жылы ЖІӨ нақты мәнде, бағалау бойынша, өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 6, 0% деңгейінде қалыптасады. ЖІӨ өсімінің негізгі факторлары 2013 жылы ішкі сұраныс: түпкі тұтыну және жалпы жинақтау болады. 2013 жылы түпкі тұтыну шамамен 8, 5%-ға, негізгі капиталдың жалпы жинақталуы 8, 0%-ға өседі.

Көрсеткіштер
2013 ж.
Өңдеуші өнеркәсіптегі агрохимия өндірісінің үлесі, %
0, 7%
Химия өнеркәсібіндегі агрохимия өндірісінің үлесі, %
21, 3%
Өңдеуші өнеркәсіп, млн. теңге
5 882 456
НКИ, өткен жылға %-бен
101, 6
Химия өнеркәсібі, млн. теңге
184 919
НКИ, өткен жылға %-бен
103, 3
Агрохимия өндірісі, млн. теңге
39 480
ҚҚС, млн. теңге**
23 674
ҚР-дағы еңбек өнімділігі, мың теңге/адам
15 557
ҚР-дағы еңбек өнімділігі, долл. /адам
100 993
ЭЫДҰ елдері бойынша орташа еңбек өнімділігі, долл. /адам
Жалданған жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
2 029
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны
3009
Инвестициялар, млн. теңге
729
Негізгі құралдарды жаңарту коэффиценті, %
45, 6
Жыл соңында негізгі құралдардың бастапқы құны бойынша болуы, млн. теңге
453239
Экспорт, млн. АҚШ долл.
70, 7
Импорт, млн. АҚШ долл.
255, 2

2013 жылғы есептік деректерге сәйкес ЖІӨ-нің өсуіне үй шаруашылықтарының соңғы тұтыну шығыстары өсімінің жоғары қарқыны - 11, 1% (үлесі 4, 8 п. т. ), мемлекеттік басқару органдары - 11, 4% (үлесі 0, 9 п. т. ), сондай-ақ инвестициялар - 3, 3% (үлесі 0, 8 п. т. ) болды.
Тұтынушылық белсенділіктің ұлғаюымен қатар қызметтер саласының көрсеткіштері жақсарды. Өсу саудада (14, 6%), тұру және тамақтану бойынша қызметтерде (11, 2%), ақпарат және байланыста (20, 5%), қаржылық және сақтандыру қызметінде (11, 7%), сондай-ақ әкімшілендіру және қосымша қызмет көрсету саласында (11, 8%) байқалды.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі шамалы (1, 5%) өсті, тау-кен өнеркәсібі тауарларын өндіру 2011 жылғы деңгеймен салыстырғанда бар болғаны 0, 4%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 3, 0%-ды құрады.
Тау-кен және өңдеу өнеркәсібіндегі елеусіз өсу қарқыны нәтижесінде ЖІӨ өсіміне жалпы өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 0, 5 %-ды құрады.
Тауарлар өндірісі өсуінің баяулауына қарамастан, өңдеу салаларының арасында сусындар өндірісінде (16, 2%), былғары және оған қатысты өнімдер өндірісінде (20, 8%), өзге де металл емес минералдық өнім өндірісінде (10, 7%), сондай-ақ машина жасауда (16, 5%) өсім байқалды. Бұдан басқа, қолайлы және тұрақты өсу қарқыны (5, 0%-дан кем емес) темекі, тоқыма, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар, киім, сондай-ақ фармацевтика өнімдері өндірісінде жалғасты.

ҚР бойынша, 2014 жылғы макроэкономикалық көрсеткіштер .
Өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында барынша көлемi өңдеу өнеркәсiбiне келедi - 75, 6% және электрменжабдықтау, газ беру, бу және ауа қалпына келтiру - 19, 1%. Кен өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесi облыстың жалпы өндiрiсi көлемiнде қазiргi уақытта 1, 2% құрайды.
2014 жылы облыстың өнеркәсiп саласымен өнiм өндiрiлдi, өнеркәсiп сипатында қызметтер көрсетiлдi 159, 6 млрд. теңге сомасында, нақты индекс көлемi 103, 5% құрады.
Жеңiл өнеркәсiп өндiрiсi - 3, 0 есеге өстi, былғары және оған жататын өнiмдердi өндiру - 10, 7 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндiру - 5, 0%-ға, өзге металл емес минералдық өнiмдердi өндiру - 15, 4%-ға, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын

2014 жылы 11, 8 млрд. теңгеге жалпы сыйымдылығы 279 мың тонна 7 элеватор пайдалануға берiлдi: Петропавл қаласында «ТНС-Экспорт» ЖШС сыйымдылығы 120 мың тонна, Айыртау ауданында «Баянтай» ЖШС - 24 мың тонна, Есiл ауданында «Икеа Тас Груп» ЖШС - 60 мың тонна, «Заградовское» ЖШС - 10 мың тонна, Ғ. Мүсiрепов ат. ауданда «Ринар» ЖШС - 30 мың тонна, «Амангельдиев» ЖК - 15 мың тонна, Тайынша ауданында «Қабат-Астық» ЖШС - 20 мың тонна.
2014 жылы «IҚМ етiнiң экспорттық әлеуетiн дамыту» жобасын iске асыру аясында ангус, герефорд және симментал тұқымдас импорттық iрi қара мал басы әкелiнiп, 1, 7 мың басқа арналған 10 асыл тұқымды репродуктор ұйымдастырылды.

Экономикалық өсу-адамзаттың үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үрдістердің бірі. Соның негізінде адамзаттың мәңгі проблемалары, қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі.

«Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен
шыққан - кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz