Антивирустық программалар


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тексерген: Жаксыгулова Д. Д.

Орындаған: Құсманбек Қымбат

Оқу тобы: БЛ-509

Тақырыбы:Компьютерлік вирустар. Антивирустық программалар

Slide 2 Slide 3

Компьютерлік вирус - арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа “зақымдалған” немесе “бүлінген” деп аталады.

Slide 4

Ең алғашқы вирус 1986 жылы «Brain» (қазақша “Ми”) деген атпен пайда болды. Әлемде бірінші рет 2000 жылы 5-мамырда пошталық вирус «Мен сені сүйемін!» деген аттағы файлмен таралды.

Slide 5

Вирустардың пайда болу белгілері:

Программа дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады.

Экранда бөгде символдар, хабарламалар шығады.

Компьютер баяу жұмыс істейді.

Кейбір файлдардың бұзылуы.

Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар.

Slide 6 Slide 7

Мекен ету ортасына қарай вирустар

Файлдық

Жүктейтін

Макровирустар

Slide 8

Файлдық вирустар - . com, . exe, . sys кеңейтпелеріне ие бағдарламаларға зақым келтіріп, компьютердің өшуіне дейін алып келеді. Заңсыз бағдарламаларды, әсіресе, ойындарды көшіріп алу арқылы компьютерге кіреді.

Жүктелуші вирустар - кейбір бағдарламаларды, ақпараттарды жүктегенде зақымдану пайда болады. Қорғану жолдары: 1) күмәнді сілтемелерге, жүктеу көрсетілген сілтемелерге басуға, кіруге болмайды. 2) компьютер жүктеуден зиян көрмеу үшін BIOS (Setup) қорғаныс қою керек.

Макровирустар - Word және Excel құжаттарына зиян келтіреді. Бұл вирустар макрокомандалардан (макростардан) тұрып, құжаттарға салынады және құжаттардың стандартты шаблонына зақым келтіреді. Word, Excel құжаттарды ашқанда, онда макрос бар екендігі туралы хабар келеді. Егер макростардың жүктелуіне тыйым салуды қаласаңыз, макростардың пайдалы мүмкіндіктерінен де мақрұм боласыз.

Slide 9

Аса қауіпті

Зиянды

Қауіпті

Қауіпсіз

Компьютер жұмыс жасауына әсер етпейді, бірақ өз-өзін көбейту арқылы компьютер жадындағы бос орындарды кемейтуі мүмкін

Бағдарламалар, ақпараттар жоғалуына, өзгеруіне немесе қатты дисктегі сақталған құжаттар жоқ болуына алып келеді.

Компьютер жұмысының қатып қалуына алып келеді.

Slide 10

Вирустардың пайда болу тарихы.

Алғашқы компьютер вирусының пайда болуы жөнінде пікірлер өте көп. Белгілісі мынау ғана: компьютерді алғаш ойлап тапқан Ч. Бэббидждің машинасында вирус жоқ еді, ал 1970-ші жылдардың орталарында Univax 1108 және IBM 360/370 ЭЕМ-да вирус болды. Вирустардың пайда болуының алғы шарты ретінде Джон фон Нейманның өздігінен көбеюші математикалық автоматтар туралы 1940-жылдардағы еңбектерін атауға болады. 1962 ж. америкалық компаниялар Bell Telephone Laboratories инженерлері - В. А. Высотский, Г. Д. Макилрой, Роберт Моррис - «Дарвин» ойынын жасады. Оның ішінде олар алғаш рет вирустық бағдарлама принципін пайдаланды.

Slide 11 Slide 12

Компьютерді вирус сияқты кеселден қорғауды пассивті және активті деп екіге бөлеміз.

Пассивті қорғаныс деп қарапайым ережелерді сақтауды айтамыз

Активті қорғаныс деп кәдімгі антивирустық программаларды орнатуды айтамыз

Slide 13 Slide 14

Антивирустық программалар

Slide 15

Антивирустық программа (Антивирусная программа; antivirus programm) - компьютер программаларына зақым келтіретін вирустарды табатын әрі олардың кері әсерін (залалын) жоятын программа. Егер вирус жойылмаса, онда зақымданған программа жұмыс істей алмайды, сондықтан оны өшіріп тастау керек.

Slide 16

Антивирустық программаларды қолдану ақпараттың толық қорғалуын қамтамасыз етпейді. Профилактикалық алдын алу шараларын қолдану керек:

1. резервтік көшірме жасау - ақпаратты архивтеу;

2. зақымдануы ықтимал кездейсоқ «заңды өнім болып табылмайтын» ұрлық программаларды қолданбау;

3. дискеттерден файлдарды шығарып оқымай тұрып, оларды вирусқа тексеру;

4. антивирустық программа дискетте сақталуы керек, өйткені винчестерде болса, ол да зақымдануы мүмкін;

5. компьютерді үнемі вирусқа тексеріп отыру керек!

Slide 17 Slide 18

Ревизор-программалар вирустрдан қорғайтын құралдардың ең сенімдісі. Ревизор программалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады. Ресейде Д. Мостов жасаған ADinf ревизор-программасы кең таралған. Бұл программаны барлық оқу орындарындағы компьютерлерге орнату ұсынылған. Ол тек вирустардың белсенділігін ғана емес, кейбір оқушылардың зиянды әрекеттерін де (оқушылардың тиісуіне болмайтын файлдар мен қапшықтарды жылжытуын, өшіруін, жазуын) бақылауға мүмкіндік береді.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік вирустардан қорғау туралы
Компьютерлік вирустар жайлы ақпарат
Компьютерлік вирустар - антивирустық программалар туралы ақпарат
Компьютерлік вирус
Компьютерлік вирустар туралы ақпарат
Компьютерлік және биологиялық вирустар
Компьютерлік вирустар.Антивирустық программалар
Компьютерлік вирустар және антивирустар
Архиваторлар және антивирустық бағдарламалар
Компьютерлік вирустар. Антивирустық программалар жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz