Шынының химиялық құрамы, физико-химиялық қасиеттері және өндіріс технологиялары


Slide 1 Slide 2

Шыны, әйнек - металл емес шикізатты балқытып суыту нәтижесінде алынатын, химиялық әсерге төзімді, аморфты қатты материал. Ол механикалық қасиеті жағынан морт келетін қатты затқа ұқсас, ал агрегаттық күйі сұйықтық пен кристалдың аралығында жатады.

Slide 3

.

Шынының табиғи ( вулкан атқылауынан түзілетін перлит, обсидиан) және жасанды түрлері бар. Қолданылуына қарай шыны құрылыстық шыны (терезелік шыны, шыны блоктар, т. б. ), техникалық шыны (кварц шыны, жарық-тех. шыны, шыны талшық, т. б. ), сорттық шыны, т. б. болып ажыратылады. Сонымен бірге шынының иондауыш сәуледен қорғайтын шыны, жарық өткізгіштігі өзгеріп отыратын фотохромдық шыны, ерігіш шыныдеп аталатын түрлері де бар. 75% 5і02, 24% №20 және басқа құраушылардан тұратын ерігіш шыны сумен қосылғанда сұйық шыны түзеді. Сұйық шынысиликат бояу, кеңсе желімі, т. б. дайындау үшін пайдаланылады. Шыныдан жасалған бұйым мөлдір не мөлдір емес, түссіз не боялған, ультракүлгін сәулені өткізетін не жүтатын, өр түрлі сеуле (мыс, ультракүлгін және ү-сәуле) есерінен люминес-ценцияланатын болып келеді.

Шынының физ. -хим. қасиеті оның құраушыларына тәуелді. Шыныға тән қасиет - оның мөлдірлігі (терезелік шынының мөлдірлігі 83 - 90%, оптикалық шынынікі 99, 95%) . шынының беріктігін арттыру үшін ол әр түрлі өңцеуден (физ., хим., терм. ) өткізіледі.

Slide 4

Шыны өндірісі шикізатты дайындау, шихта алу, шыны-ны балқыту (қайнату), түзілген шыны массасын суыту, шыны массасын қалыпқа салып бұйым алу, бұйымды күйдіріп өңдеу сияқты процестерді қамтиды.

Шынының басты құраушыларына белгілі бір шыны түзетін заттар (мыс, табиғи шыны үшін 8Ю2, жасанды шыны үшін Иа^СОз) жатады.

Ал өнеркәсіптік шынының басты құраушысы - кремнезем (шыны құрамында 40 - 80%-ға дейін болады) .

Slide 5

Шыныға қажетті қасиет беру үшін қосалқы құраушылар пайдаланылады. Мыс, марганец, кобальт, хром, никель қосылыстары бояғыш ретінде; церий, неодим, празеодим, күшәла, сүрме қосылыстары түссіз шыныалу әрі тотықтандырғыш ретінде пайдаланылады. шынының барлық қүраушылары балқытудан бүрын елеуіштен өткізіледі, кептіріледі, қажет болса қсатылады. Сөйтіп біртекті қнтақ түзілгенге дейін араластырылады. Шыны балқыту процесі шартты түрде: силикат түзілу, қыздыру, гомогендеу (біртекті құрылым алу) және салқындату кезеңдерінен тұрады.

Slide 6

Балқытудан кейін түзілген шынымассасы түтқыр болғанға дейін (қалыптауға мүмкіндік беретін температураға дейін) суытылады. Суытылған шынымас-сасынан белгілі бір пішіні бар бүйым алу үшін қалыптау процесі (прокаттау, престеу, престеп үрлеу, үрлеу т. б. ) жүр-гізіледі. Қалыпқа салып дайындалған бұйым терм. өңдеуден өткізіледі. Механикалық әсерге, жылуға төзімділігін т. б. қасиетін арттыру үшін шыны алдын ала шынықтырылады. Шынының көркем шыны деп аталатын түрлеріне витраж, мозаика, көркем ыдыстар, архитектуралық бұйымдар, мүсіндер, шырақ, ою-өрнекті композиция, онердің бағалы бұйымдары жатады.

Slide 7

Шыны жасау ісі б. з. б. 4-мыңжылдықта Ежелгі Мысырда, Азияда басталған. Алғашқы шыны мөлдір болмаған, оларды әшекей тастар (малахит, т. б. ) орнына пайдаланған. Түссіз мөлдір шыны дайындау және үрлеу әдісі арқылы шыныдан әр түрлі бұйымдар жасау ісінін шешілуі - шыны ондірісінде түбегейлі бетбұрыс жасады. Шыны жасау ісі саласындағы тұңғыш ғылыми еңбекке 1612 ж. Флоренцияда жарық көрген монах Антонио Неридің зерттеулері жатады.

Slide 8

1615 ж. Англияда шыныбалқыту пештерінде көмір пайдаланыла бастады. Мұның өзі шыныбалқыту пешінің температурасын арттыруға мүмкіндік берді. 17 ғ-дың басында Франциада мыс пештерде айналы шынылар алына бастады. 19 ғ-дың соңына дейін шыныжасау ісінде қол еңбегі басым болып келді. 20 ғ-дың 2-жартысынан бастап шыны өндірісі механикаландырылды және автоматтандырылды.

Slide 9

Ситалдар - ең жаңа материалдардың бірі. Ситалдар - сəйкесті химиялық құрамды шыныларды бағыттап кристалдаумен алынған жəне шынымен салыстырғанда жоғарырақ физика-техникалық қасиеттерге ие жасанды поликристалды материалдар. Шынының ситалға түрлену процесі екі сатымен өтеді. Алдымен шыныда кристалдану орталықтары түзіледі - түйнек түзілу сатысы, сосын осы орталықтарда əртүрлі өлшемді кристалдар өседі - кристалдар өсу сатысы.

Slide 10

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Лайнер А. И. и др. Производство глинозема. М., Гос. н-т изд. Лит. по черной и цветной металлургии. 1959.

2 Баран А. А., Запольский А. К. Коагулянты и флокулянты в производстве очистки воды.

3 Будников П. П. Химическая технология керамики и огнеупоров. М., 2004 4 П. ПЕремин Н. И. и др. Процессы и аппараты глиноземного производства. М., Металлургия. 1978.

4 Садыков Ж. С., Щербан С. Н. Металлургия легких металлов. Мет. руководство к лабораторным работам. Алматы, КазПТИ. 1986.

5 Позин М. Е. Технология минеральных солей. М., 1970, I часть.


Ұқсас жұмыстар
Шыны өндірісі: физико-химиялық қасиеттері, құрамы және өндеу технологиялары
Ақуыздардың құрылысы, құрамы және физико-химиялық қасиеттері
Табиғи және химиялық талшықтардың жіктелуі, қасиеттері және өндіріс технологиялары
Қан жүйесі: ішкі орта, құрамы, қызметтері және физико-химиялық қасиеттері
Болаттың химиялық құрамы, қасиеттері, өндіру технологиялары және арматуралық маркалары
Мұнайдың физика-химиялық қасиеттері, құрамы, өндіруі, өңдеу технологиялары және өнімдері
Белоктардың құрылымы, физико-химиялық қасиеттері және биологиялық қызметтері
Күкірттің құрылымы, физико-химиялық қасиеттері және қолданылуы
Балық өнімдері: ассортимент, тағамдық және физико-химиялық құрамы, өңдеу мен сақтау технологиялары
Сүттің химиялық құрамы және технологиялық қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz