Microsoft Excel және мәліметтер қорлары: электрондық кестенің негіздері мен мәліметтер модельдері


Slide 1 Slide 2

Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй ғана программа емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т. б. қамтамасыз ете алады.

Slide 3

- Файлдар -менеджері, файлдар туралы толық ақпарат береді;

- Сұхбаттық терезелер - регисторлар;

- Форматтауға арналған шарт белгілер;

- Диаграммаларға тез активтендіруге арналған Drag&Plot механизмі.

Slide 4

Негізгі ұғымдар: жатық жол, бағана, ұяшық, жұмыс парағы, ұяшық атаулары.

Жол нөмірі - электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.

Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А - Х, содан соң АА - АZ, одан кейін ВА - ВZ жәні т. с. с.

Ұяшық - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, В3 адресі В бағанасы мен нөмірі 3 жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.

Ұяшық көрсеткіші - ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.

Ағымдағы ұяшық - көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.

Slide 5

Дискіден жұмыс құжаты сақталған файлды іске қосу үшін меню қатарынан File - Open директивасын шақыру керек. Сол сияқты құрал-саймандар тақтасындағы шартбелгіні пайдалануға болады. Екі жағдайда да файлды іске қосу үшін Сұхбаттық терезе ашылады. Бұл терезеге диск және файл орналасқан директория көрсетіледі. Егер таңдау дұрыс жүргізілсе, онда сол жақты файлдар тізімі көрсетіледі, сол жерден керек файл атын таңдайсыз. Файл атын белгілегенде ол File name - жолында пайда болады, бұдан соң сұхбаттық терезені ОК - батырмасы арқылы жабылады немесе ізделінген файл атында екі рет тышқан батырмасын шерту керек.

Slide 6

Дайындалған құжатты алғашқы сақтау кезінде меню қатарынан File -Save as . . . командалар тізбегін орындайды. Бұдан кейін ашылған сұхбаттық терезеде сақталатын файлдың атын, диск және орналасатын директорияны көрсету керек. Excel программасы үнсіздікпен стандартты файл атын ұсынады- Book[ рет номері], қолданушы бұл атты кез келген атпен ауыстыруына болады.

Slide 7 Slide 8

Кез келген ақпараттық жүйенің мақсаты - нақты өмірдің объектілері туралы мәліметтерді өңдеу. Мәліметтер қоры сөзін кеңінен алғанда - бұл қандайда бір пәндік облыста шынайы өмірдің нақты объектілері туралы мәліметтер жиынтығы. Пәндік облыс деп шынайы өмірдің бір бөлігі деп түсінуге болады.

Мәліметтер қорын құрған кезде пайдаланушы ақпаратты әр түрлі белгілер бойынша сұрыптауға және белгілердің дербес құрылымын таңдауды тез жүзеге асыруға ұмтылады

Slide 9

Мәліметтер моделі - мәліметтер құрылымы мен оларды өңдеу операциялары жиынтығы.

МҚБЖ иерархиялық, тораптық немесе реляциялық модельдерді пайдалануға негізделген. Мәліметтер моделінің негізгі үш типін қарастырайық: иерархиялық, тораптық және реляциялық.

Slide 10

Иерархиялық құрылым анықталған ережелер бойынша өзара байланысқан элементтер жиынтығы.

Иерархиялық құрылымның негізгі түсініктеріне: деңгей, элемент (торап), байланыс жатады. Торап - қандайда бір объектіні суреттейтін мәліметтер атрибуттарынының жиынтығы. Иерархиялық тоғай схемасында тораптар граф төбесімен көрсетілген. Өте төменгі деңгейдегі әрбір торап одан жоғары деңгейде орналасқан бір тораппен ғана байланысқан.

Slide 11

Тораптық құрылымда осы негізгі түсініктер (деңгей, торап, байланыс) арқылы әрбір элемент кез келген басқа элементпен байланысуы мүмкін.

Slide 12

Реляциялық (ағыл. relation - қатынас) түсінігі Е. Коддтың мәліметтер қоры жүйесі облысында белгілі американдық маманның құрастыруымен байланысты.

Бұл модельдер мәліметтер құрылымының қарапайымдылығымен, пайдаланушыға ыңғайлы және мәліметтерді өңдеуге арналған реляциялық есептеулерді жүргізу мүмкіндігімен сипатталады.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Microsoft Access және Excel: мәліметтер қорының құрылымы мен электрондық кесте негіздері
Microsoft Excel-де мәліметтер базасын құру және өңдеу
Мәліметтер қорлары мен модельдері: реляциялық, иерархиялық және желілік құрылымдар
Microsoft Access пен Excel: дерекқор мен электрондық кестенің анықтамасы, нұсқалары және негізгі мүмкіндіктері
MS Excel және MS Access: Кестелік процессор мен мәліметтер қорларының негіздері
Microsoft Excel және мәліметтер қорымен жұмыс: сабақтық тапсырмалар мен формативті және жиынтық бағалау критерийлері
Microsoft Excel негіздері: электрондық кестелерге кіріспе және практикалық сабақ жоспары
Мәліметтер қорының иерархиялық, желілік және реляциялық модельдері
MS Excel және MS Access: кестелік процессор мен мәліметтер қорын басқару жүйесінің теориялық және практикалық негіздері
Excel бағдарламасында мәліметтер қорымен жұмыс: автофильтр арқылы іздеу мен сұрыптау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz