Өндірісті ұйымдастыру


Slide 1

Орындаған:Баймұханбетова А. Е

Топ: ТК-223

Тақырыбы: Өндірісті ұйымдастыру

Slide 2

Жоспар :

1. Негізгі өндірісті уақытқа қарай ұйымдастыру принциптері

2. Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері

3. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері.

4. Тасқынды өндірісті уақытқа қарай бөлу.

5. Мамандануына байланысты тасқынды желіні бөлу.

Slide 3

Негізгі өндірісті уақытқа қарай және кеңістікте ұйымдастыру белгілі бір принциптер негізінде жүзеге асады.

Уақытқа қарай негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптеріне мынандай принциптер жатады:

1. ырғақтылық

2. Бірқалыптылық

3. Пропорционалдық

4. Параллелділік

5. үздіксіздік

Slide 4

1) ырғақтылық - мұнда кәсіпорындағы жоспарлы ритммен өнім өндіруді сәйкес етіп өндірістік процесті ұйымдастырады. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың осы принципі іске асу үшін жоспарлы тапсырмаға сәйкес өнім шығару қажет. Өнім шығарудың жоспарлы тапсырмаға сәйкестілігі жұмыстың ырғақтылық деңгейімен сипатталады. Ырғақтылық коэффициенті:

t

Критм=1 - å sАі / А ; і =1, …, t

і=1

Мұндағы талдауға алынған мезгілдің ұзақтығы, күн

sАі -і тәуліктегі жоспар орындалмай қалуы, т.

А - сол мезгілдегі берілген жоспар тапсырма, т.

Slide 5

2) бірқалыптылық - бірдей уақыт аралығында бірдей партиялармен өнім шығарылатындай негізгі өндіріс процессін ұйымдастырады. Егер жұмыс осы принцип бойынша істелінсе, өнім шығару көлемінің орта шамасынан ауытқып кету болмайды. Бірқалыптылық принцип коэффициенті:

t

Кр = 1 - å çsВі ï / В ; і =1, …, t

і=1

Мұндағы

çsВіïі - тәуліктегі өнім шығару көлемінің орта шамадан ауытқып кетуі, т

В-талданатын мезгілдегі өнім шығару көлемі, т.

Slide 6

3) пропорционалдылық -өндірістік процес операциялары бойынша өнімділіктері бірдей құрал жабдықтарды қою. Егер өндіріс процесі осы прицип негізінде құрылса, онда барлық операцияларда бірдей такт болады және олар өндірістік процесс тактісіне тең болады.

Кп = Пі / М немесе Кп = Т / tі

Пі-і-ші операциядағы құрал жабдықтың өнімділігі, т сағатына

М-линияның қуаты, т сағатына

Т - процес тактісі, 1-тоннаға сағат

tі -операция тактісі, 1-тоннаға сағат.

Slide 7

4. параллелділік-еңбек заттарын өңдеудің барлық операциялары бір уақытта немесе параллелді орындалатындай етіп өндіріс процесін ұйымдастыру. Өндіріс процесінде бір еңбек затының партиясын өңдеу бойынша шектес операциялар және бірнеше жұмыс орындарында бірдей операциялар параллелді орындалады. Осы принциптің басты мақсаты өндірістік циклды қысқарту Паралеллділік толық немесе жартылай болуы мүмкін. Толық паралеллділік операциялардың орындалу уақыты толық сәйкес келеді. . Осы операциялардың біреуі қалғандарынан ұзағырақ болуы мүмкін. Сонда олардың қосарлану уақыты ең аз операцияның ұзақтығына тең. r = tм.

tм. -ең кіші такт.

Жартылай паралеллділік операциялардың орындалу уақыттары бір-бірімен дәл келуі толық емес. Сонда екі операцияның қосарлану уақыты операциялардың ұзақтықтарынан кем болады.

Кп = r / tм.

r- қосарлану уақыт ұзақтығы.

Slide 8

5) үздіксіздік - өндірістік процесс операциялары бойынша еңбек заттары өңдеу процессінің үздіксіз қозғалысы. Егер жұмысшының немесе жабдықтың жұмысында үзілістер еңбек заттарын бір операциядан екінші операцияға тасу салдарынан пайда болса, онда үздіксіздік принципі бұзылмайды. Ал егер операция арасында еңбек заттары запастары жиналып қалып, өңделмей жатса, онда принцип бұзылады.

Кн =1 - ( Тпер / Тц ),

Тпер-үзілістер уақыты, өнім бірлігіне мин немесе сек.

Тц-өндірістік цикл, өнім бірлігіне мин немесе сек.

Slide 9

Негізгі өндірісті ұйымдастыруда жеке, партиялық және тасқынды әдістер қолданылады . Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісі жеке өндірісте шығарылатын ерекше стандартты емес, қайталанбайтын өнімдерді шығарудың өндіріс процесін құру. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісінің мәні бастапқы материалдарды, жабдықты, жұмыс күшін, техникалық және экономикалық құжаттарды мұқият дайындау. Өндіріс процесін алдымен барлық құраушы бөліктерін дайындап алып, оларды дайын өнімге біріктіріп ұйымдастырады.

Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдісі өнім партиясын дайындауға өндіріс процесін құру. Еңбек заттарының барлық партиясы процесс операциялары бойынша жүйелі өңделіп, жұмыс орындарына данаға бөлінбей беріледі.

Slide 10

Ұйымдастырудың тасқынды әдісі қолданылатын өндіріс тасқынды деп аталады.

Тасқынды өндіріс уақытқа қарай үзілмелі және үздіксіз болады.

Slide 11

Үзілмелі тасқынды - еңбек заттарының операциядан операцияға жылжуы және өңделуі жартылай фабрикаттардың запаста жату уақытына тоқтайтын өндіріс. Үзілмелі тасқынды өндіріс негізіне еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі жатады. Бұл өндірісте операция және процесс тактілері бірдей болмайды, операцияларды синхронизациялағанда (бір-біріне дәл сәйкес келтіру) үзіліссіз тасқындыға айналады.

Slide 12

Үздіксіз тасқынды өндірісте операциялар арасында материалдардың, жартылай фабрикаттардың запастары болмайды. Барлық еңбек заттары операциядан операцияға үздіксіз қозғалыста немесе жұмыс орындарында өңделуде болады. Үздіксізі тасқынды өндіріс негізіне еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі жатады. Операциялар арасында материалдардың, жартылай фабрикаттардың запастары пайда болмайды. Операция тактілерінің әр түрлі болуы еңбек заттарын өңдеудің үздіксіздігін бұзбайды. Барлық операциялар басты операция тактысымен орындалады.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Бидай цехын ашу. Жаңақорған ауданын бидаймен қамтамасыз ету
Өндірісті ұйымдастыру және жобалау
ӨНДІРІСТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН
Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру
Өндіріс және оны ұйымдастыру
Өндіріс процесінің мәні және маңызы
Маркетингтің баға саясаты
САПА ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
ҚАЗАҚСТАНДА МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ДАМУЫ
Өндірістік саланы мамандандыру және кооперацияландыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz