Ауыз су. Өндірістік су


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Ауыз су. Өндірістік су.

Орындаған: Дюсембинова М. У

Топ: ХН-221

Тексерген: Тлеуғали Е. Т.

Семей, 2015

Slide 2

Жоспар

I Кіріспе

II Теориялық бөлім

2. 1 Ауыз су.

2. 2 Өндірістік су.

III Қорытынды

IV Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су - бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Көптеген су тұтыну түрлері үшін ауыз су қажет, ал оның қорлары Жер бетіндегі барлық сулардың 3 пайызын ғана құрайды. Су тұтынудың үнемі өсуі - əртүрлі аймақтарда су тапшылығын тудыратын негізгі себепке жатады. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану жəне қорғау соңғы кезде маңызды мəселеге айналды. Сумен жабдықтау көзі ретінде тұщы сулы жер үсті су қоймалары жəне жер асты сулары пайдаланылады. Жер асты су көздеріне грунт сулары, қабат аралық сулар, артезиан сулары жатады. Грунт суларының құрамы атмосфералық жауын суларына, сол қабатта сумен беттесіп жатқан топырақтың сипаттамасына, жоғарғы горизонттың санитарлық жағдайына байланысты. Артезиан суларының құрамының қалыптасуында тереңдіктегі геологиялық структура шешуші рольді атқарады. Жер асты суларының химиялық құрамы, тау жыныстарының шайылуы, еруі, сорбция, ион алмасу сияқты процестердің нəтижесінде қалыптасады. Артезиан сулары қабаттарының қорғалғандығы, су құрамының тұрақтылығын жəне микроорганизмдердің мүлдем болмауын қамтамасыз етеді

Slide 7

Табиғи сулардың сапасы əр түрлі көрсеткіштермен сипатталады, ең негізгілері - температура, ортаның реакциясы, түсі, исі, дəмі, лайлығы. Сонымен қатар, иондық құрамы, темір жəне марганец қосылыстарының болуы, қаттылығы, тотығуы, еріген газдардың болуы, фтор, йод, улы заттардың болуы, санитарлық-бактериялық жəне гидробиологиялық көрсеткіштері де маңызды. Су сапасының көрсеткіштері ГОСТ арқылы белгіленеді (регламенттеледі) .

Температура - су сапасының физикалық көрсеткіші. Жер үсті су қоймаларының температурасы жыл мезгілдеріне байланысты 0 - 300С арасында өзгеріп отырады, жер асты су көздерінің температурасы салыстырмалы тұрақты болып табылады. Ауыз судың температурасы 7 - 150С арасында болғаны дұрыс.

Ортаның реакциясы. Шаруашылық-ауыз су мақсатына қолданылатын су үшін рН = 6, 5 - 8, 5 болуы қажет. Бұл талап адамның физиологиялық мұқтаждарын қанағаттандыру үшін жəне құбырлар мен қондырғылардың материалдарының коррозиясын болдырмау үшін керек. Көптеген табиғи су көздерінің рН шамасы бұл шектен аспайды. рН шамасы ортаның активті реакциясының, немесе судағы бос сутек иондарының əсерінен болатын активті қышқылдығының өлшемі.

Судың түсі. Судағы гумин жəне фульвоқышқылдары, олардың еріген тұздары, сондай-ақ темір қосылыстары суға түс береді. Суға түс беретін қосылыстар дисперстік дəрежесі бойынша екінші жəне үшінші топқа жатады. Суға түс беретін қосылыстардың мөлшері көптеген факторларға, негізінен су көзі бассейнінде торфяниктердің болуына байланысты. Түстің дəрежесін белгілі бір заттың мг/л мөлшерімен емес, ерекше бірлікпен - градус арқылы өлшейді. Өзен суы түсінің шамасы үлкен аралықта өзгереді - 35 - 55 градус аралығында, жекелеген жағдайларда 200 градустан жəне одан да жоғары асып кетуі мүмкін.

Судың исі мен дəмі - су сапасының органолептикалық көрсеткіштері. Ұшқыш иісті заттар суға иіс береді. Табиғи судың исі мен дəмі оның құрамында табиғи заттардың болуынан, немесе ағынмен бірге ластаушы заттардың түсуінен. Табиғи иіске жер, шірік, батпақ, күкірттісутек жəне т. б. иістері жатады. Олар судағы балдырларға, актиномицеттерге жəне басқа да 21 судағы тірі организмдерге байланысты. Жасанды иістер хлор, фенол, аптека иістері болып жіктеледі. Судың дəмі тұзды, тəтті, ащы жəне қышқыл болып жіктедеді. Ерекше дəмдер де бар - сілтілік, метал жəне басқа дəмдер. Шаруашылық ауыз сумен жабдықтау көздерінің дəмі мен иісі əдетте 3 - 4 балдан аспайды.

Ауыз судың дəмі жоқ. Жер асты су көздерінің суларының дəмі, құрамындағы тұздардың концентрациясы үлкен болғандықтан, тұзды жəне ащы тұзды болуы мүмкін

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Ғимаратты және жеке объектілерді сумен қамту
Сумен жабдықтау
Халықты ауыз сумен қамтуға әсер етуші факторлар
Алматы облысы мен Алматы қаласының ауыз су мәселелері
Микробиология, вирусология жне иммунология кафедрасы
Судың ластаушы көздері
Қатынас ыдыстар
Каспий теңізіндегі мұнайды бұрғылау
Жер асты су кен орындары
Қала және ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz