Оргагизмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары 2.Кан топтарының түрлері және оның сипаттамасы



Выполнил: Бекенов М. Қ
Группа: ВС-403
Проверил:Нуркенов М. К
Ветеринарная иммунология
Тақырыбы: 1. Оргагизмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары
2. Кан топтарының түрлері және оның сипаттамасы


Организмнің арнайы қорғаныш реакиялары
Иммунитеттің арнайы факторлары: гуморальдік және жасушалық. Адам және малдың организмінде түрлі вирустар кездеседі. Соған орай организмде сол вирустарға қарсы арнайы қорғаныс механизмдері пайда болады. Сонымен, вирусқа қарсы болатын қорғаныс механизмдерін екіге бөлуге болады: Арнайы және арнайы емес
Гуморальдік факторлары - вирусқа қарсы гуморальдік факторлар В-лимфоциттерге тығыз байланысты. В-лимфоциттер өзгере келіп плазматикалық жасушаларға айналады, ал ол жасушалар вирусқа қарсы антиденелерді бөліп шығарады. Адам мен жануарлар қан сарысуында болатын арнайы антиденелер - иммунитеттің гуморальді факторы арқылы болуының көрсеткіші болып табылады. Сонымен бірге, көптеген вирустарға қарсы жергілікті иммунитет болады. Мысалы, тұмау ауруында, парагриппте және басқа тыныс жолдарының кілегейлі қабықшасының иммунитетіне байланысты болады, ал ішек ауруларында - ішектің кілегейлі қабықшасының иммунитетіне байланысты болады. Мұндай жағдайларда иммунитет ұзаққа созылмайды. Вирустардың көпшілігі антигендер болып табылады, сондықтан олар организмде өздеріне сәйкес иммунологиялық өзгерістер тұғызады, соның нәтижесінде антиденелер - арнайы иммуноглобулиндер пайда болады. Жасушада иммуноглобулиндер ДНҚ - РНҚ әсерінен пайда болады. Осы жағдайда іске асыру үшін арнайы антигеннің әсері бар, демек, антиген организмге енген соң макрофагтардың әсеріне түседі де иммуногендік түрге енеді, содан соң макрофагтар мен Т-лимфоциттер В-лимфоциттерге хабар береді, ал В-лимфоциттер плазматикалық жасушаға айналады да вирусқа қарсы тән иммуноглобулиндерді бөле бастайды. Организмде табиғи ауырған кезеде немесе еккен кезде алдымен иммуноглобулиндердің М - класы пайда болады, оларды «алғашқы» антиденелерге жатқызады. Содан соң иммуноглобулиндердің А класы пайда болады. Оларды кілегейлі қабықшаның В-лимфоциттері бөледі. Бұл антиденелер вирустарды тыныс жолдарының кілегейлі қабықшаларында жояды және жергілікті иммунитет тұғызады. Соңынан антиденелердің G - класы пайда болады. Олар вирусқа қарсы гуморалді жолы арқылы болатын арнайы иммунитеттің көрсеткіші болып табылады.

Жасушалық факторлары - вирусқа қарсы иммунитеттің жасушалық факторлары Т-лимфоциттерге, макрофагтарға байланысты болады. Т-лимфоцит жасушаға жабысқан немесе цитоплазма мембранасына енген вирус ақуыздарын таниды. Вирустардың организмге енуінің арқасында Т-лимфоциттердің өзгеруі басталады. Т-лимфоциттер бөліп шығаратын интерлейкин-2 арқылы Т-киллердің көбеюіне әсер етеді, ал Т-киллерлер арнайы рецепторлар арқылы вирус зақымдаған жасушаларды тауып, оларды өлтіреді. Сонымен қатар, лимфа түйіндегі макрофагтар вирусты тауып алып, оларды «қорытады», ол үшін лизосомальдік ферменттер қолданылады. Осындай қорытылған иммунологиялық түрде вирус антигендерін Т-, В-лимфоцитке ұсынады. Демек, макрофагтар антигендердің түрін, санын белгілейді, содан соң оларды Т-, В-лимфоциттер танып алады. Бірақ, кейбір вирустар макрофагтың ферменттеріне төзеді де, макрофагтың ішінде өсіп көбейе береді.


Организмнің арнайы емес қорғаныс факторлары
Оларда екіге бөлінеді гуморалдік арнайы емес және жасушалық арнайы емес деп екіге бөлінеді:
Гуморальдік арнайы емес фактор - ингибиторлар жатады, оның ішінде: α-ингибиторлар - біркелкі тұрақты мукопротеидтер, вирустардың қан түйіршектерін біріктіретін қасиетін жояды; β-ингибиторлар - температураға шыдамайтын липопротеидтер, көп вирустарды жоятын қасиеті бар (тұмау вирусын, арбовирустарды) ; γ- жоғары температураға шыдайтын гликопротеидтер, 100º С сақталады. Тұмау вирусынан сақтандырады.

Жасушалық арнайы емес қорғаныс факторлары - осындай негізгі факторлардың бірі - вирус енген жасушаның интерферон бөліп шығаруы. Интерферон вирусқа қарсы арналған агент емес, ол тек жасушада вирусқа қарсы жағдай жасауға көмектеседі. Негізінде, барлық вирустар интерферон пайда болуына әсер етеді. Интерферон фагоцитозды күшейтеді, жасушаның өсіп көбеюін, яғни бөлінуін тежейді. Осы қасиеті қатерлі ісіктердің жасушалырының өсірмеу үшін қолданылады.

Қан топтары - бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» - сыйлаушы), қабылдайтын адамды - реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады (10-кесте) . Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады. Жарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын толтырады. Қан құйып емдеу дәрігердің ежелгі арманы болатын. Алдымен жануар қанын адамға, кейін адам қаны адамға құйылды, бірақ бұл тәжірибелердің бәрі де сәтсіздікке ұшырады. Бір адамның қаны екінші адамға алдын ала тексермей құя салуға болмайтыны анықталды. Мұның себебін білуде мен изогемоагглютинация құбылыстарының ерекше мәні бар. 1836 жылы Губер жануарлардын бір түрінен қан алып, оны екінші түріне (қойдың қанын қоянға) құйған. Мұның нәтижесінде қоян қанындағы эритроциттер бір біріне жабысып, желімденіп қалатыны, яғни агглютинацияланатыны байқалды. Екі түрлі жануарлардың қанын араластырған кезде эритроциттерінің бір біріyе жабысып қалуы деп аталады.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz