ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҰСТАЗДАР ЖАЙЛЫ АЙТҚАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҰСТАЗДАР ЖАЙЛЫ АЙТҚАН НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

Орындаған: Орынбекова (Шақабаева А. Қ)

Slide 2

ЖОСПАР:

Ыбырай Алтынсариннің ұлағатты сөзі

К. Д. Ушинскийдің ұлағатты сөзі

Ж. Ж. Руссоның ұлағатты сөзі

В. Маяковскийдің ұлағатты сөзі

Абай Құнанбайұлыны ұлағатты сөзі

В. А. Сухомлинскийдің ұлағатты сөзі

Л. Н. Толстойдың ұлағатты сөзі

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Ыбырай Алтынсарин

Ұлағатты сөзі

Менің ой-пікірім

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі

Шыңымен де, мектептің жүрегі - мұғалім. Бұл сөзбен мен толықтай келісемін. Оқушыға білім де, тәрбие беретін де мұғалім. Жас ұрпаққа жақсылық пен ізгілік көрсетіп, оқушыларына сүйіспеншілікпен қарап, өмір жолын көрсететін бұл мұғалім.

Slide 4

К. Д. Ушинский

Ұлағатты сөзі

Менің ой-пікірім

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі

Иә, расыңда да мұғалімнің сырт келбеті қарапайым болғанымен, атқаратын қызметі өте маңызды. Мұғалім ұлы шәкірттерді тәрбиелей алады және сол шәкірттер мұғалімнің ізін қуып тарихта өшпес із қалдыра алған адамдар жайлы деректер көп.

Slide 5

Ж. Ж. Руссо

Ұлағатты сөзі

Менің ой-пікірім

Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Ұстаздың бос уақыты жоқ, себебі барлық уақыты мен күш-жігері жас ұрпақты тәрбиелеуге кетеді. Әр ұстаз үшін өз оқушысының жетістіктерін көру бұл - бақыт. Сонымен қатар жақсы ұстаз әрқашан өз шәкірттері жайлы ойланып толғанып жүреді олардың өмірі жайлы алаңдайды. Ұстаз бұл екінші ана деп айтсам қателеспеймін, өз уақытын бөлсе де, өзгенің жайын ойлайды.

Slide 6

В. Маяковский.

Ұлағатты сөзі

Менің ой-пікірім

Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек

Ұстаз болу бұл ең ауыр да, жауапты жұмыстың бірі. Маяковский айтып кеткендей, ұстаз ізденгіш болу керек, әсіресе қазіргі заманғы ұстаз жан-жақты болуы міндет, себебі қазіргі ғасыр бұл инновация ғасыры, күнделікті жаңалықтар ашылады, ал ұстаз болса осы жаңалықтың барлығын біліп, меңгеруі тиіс және осының барлығын ынтамен, қызығушылықпен атқаруы тиіс.

Slide 7

Абай Құнанбайұлы

Ұлағатты сөзі

Менің ой-пікірім

Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға

.

Ұстаз болу бұл балаға тәрбие мен білім беру. Яғни, жас ұрпақты өсіру. Ұстаз өз ісіне қаншалықты берілсе, соншалықты нәтиже алады. Ал, ұстаздың жұмыс нәтижесі бұл - оқушылардың білімі мен тәрбиесі. Менің ойымша, ұстаз болу - бұл ең маңызды жұмыс. Ұстаз еңбегі далаға шашылмас.

Slide 8

В. А. Сухомлинский

Ұлағатты сөзі

Менің ой-пікірім

Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.

Шыңымен де, мұғалім мамандығы адамды тану. Себебі, баланы кішкентай кезінен бастап, ер жеткенге дейін тәрбиелейтін де, білім беретін де ұстаз.

Ол жұмыс барысында барлық баланың мінезін, темпераментін т. б психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін біліп таниды.

Slide 9

Л. Н. Толстой

Ұлағатты сөзі

Менің ой-пікірім

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.

Иә, мен Л. Н Толстоймен толықтай келісемін. Мұғалімнің басты міндеті немесе қасиеті бұл баланы сүю. Балаға деген сүйіспеншілігі болмаса, ондай адамнаң жақсы ұстаз шықпас. Нағыз ұстаз адамгершілігі, түсінушілігі бар және балаға деген сүйіспеншілігі мол адам.

Slide 10

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

http://alashainasy. kz/okushy_portfolio/ustazdar-turalyi-kanattyi-sozder-60211/

Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd. » ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6


Ұқсас жұмыстар
Жыраулар поэзиясы жайлы
Жыраулар поэзиясы туралы ақпарат
Асан сөздерінің дені
Мұғалімнің жеке тұлғасы – оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі болып табылады
РЕСЕЙ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ҰСТАЗДАР ЖАЙЛЫ АЙТҚАН ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕРІ
Ескендір поэмасы
Аяулы жан - Анашым
Фридрих Ницше туралы қысқаша анықтама
Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрілігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Панорамалық сабақ. Сабақтың тақырыбы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz