СИ тілінің жалпы характеристикасы. Си программалау жүйесіне кіріспе



Орындаған: Нұржанова Салтанат
Сәбиева Динара
Тексерген: Жаксыгулова Д. Д.

Жалпы мәліметтер
Си программалау тілі ең алғаш Брайан Керниган және Деннис Ритчи авторлығында 70 жылдар Bell Laboratories фирмасы жәрдемінде АқШ-та жасақталды. Бұл тіл сол кезде UNIX операциялық жүйенің пайдаланушылары үшін қолайлы тіл болды.
Бұл тіл жүйелік программалық жасақ мәселелерін (трансляторларды өңдеу, операциялық жүйе, экрандық интерфейс, аспаптық құралдар т. б. ) шешуде қолданылатын тиімді универсал алгоритимдік тіл.
Си тілінде жазылған программаның архитиктуралары әр түрлі компьютерлердің бірінен бірін ауыстыруға бір операциялық системаның екінші операторлық системаға ауыстыруға жеңіл. Сонымен қатар Си тіліндегі программалардың орындалу жылдамдығы ассемблер тіліндегі программалардан кем емес. Си тілінің компиляторы қазіргі кездегі барлық операциялық жүйеде жұмыс істей береді. Unix, MSDOS, WINDOWS.
Денис Ритчи
Брайан Керниган

Си тіліндегі программаның құрылымы
Кез келген программа бір немесе бірнеше функциялардан турады. Олар программа құруға керекті негізгі модульдер болып табылады. Кез келген программаның жазылған алғашқы мәтіні бастапқы код деп аталады. Оны біріктірілген программалау ортасында теріп, сонан соң компилятор арқылы машиналық кодқа түрлендіріп орындаймыз.
Си тілінде жазылған программа препроцессор директиваларынан, глобалды (ауқымды) айнымалыларды жариялаулардан, бір немесе бірнеше функциялардан тұрады. Осы функциялардың ішінде түгелдей программаның жұмысын басқаратын бір негізгі (main) функция болады.
С тіліндегі программаның жалпы құрылымы мынадай:
<препроцессор директивалары>
<қолданушы типтерін анықтау - typedef>
<функциялар прототиптері>
<глобалды объектілерді анықтау>
<функциялар>

Сонымен Си программасы бірнеше функциялардан құралады және олардың біреуі міндетті түрде MAIN() болуы қажет.
Қарапайым программаның мысалын қарастырайық. Жалпы кез келген функция оның тақырыбы мен тұлғасынан тұрады.

Мәліметтер типтері.
Мұнда мәліметтердің бірнеше негізгі типтері қолданылады. Олар:
char - символдық, яғни таңбалық тип,
short - қысқа бүтін сан,
int - бүтін сан типі,
long - екі еселенген бүтін сан,
float - нақты (жылжымалы нүктелі) сан типі, double - екі еселенген нақты сан типі.
unsigned - таңбасыз бүтін сан.

Си программалау тілі элементтері
Компьютер пайдаланушы жазған программаның құрылымдық базасын си тілі элементтері арқылы түсінеді.
Си тілі элементі төменгі бөліктерден тұрады.
-алфавит
-константалар
-идентификаторлар
-кілтті сөздер (ключевые слова )
-түсініктер (коментарий)
abc, ABC, A128B, a128b .

Алфавит және Лексемалар
Си тілінің әліпбиі (алфавит)
С тілінде мына белгілер (символдар) жинағы қолданылады:
1) Латын әліпбиінің бас (A, B, C, ……., Y, Z) және кіші (a, b, c, ………, y, z) әріптері;
2) 0-ден 9-ға дейінгі араб цифрлары;
3) Мынадай анайы белгілер:
+ (плюс), - (минус), * (жұлдызша ), / (бөлу сызығы немесе слэш), = (тең), > (үлкен), < ( кіші), ; (нүктелі үтір ), & (амперсэнд ), [ ] (тік жақшалар), { } (фигуралық жақшалар), ( ) (қарапайым жақшалар), _ (астыңғы сызық), (пробел ), . (нүкте), , (үтір), : (қос нүкте), # (нөмір), % (пайыз), ~ (әрбір разряд бойынша терістеу), ? (сұрақ белгісі), ! ( леп белгісі), \ (кері слэш) .
Тілдің ары қарай бөлінбейтін ең қарапайым бірлігі лексем (token деп те айтады) деп аталады. Лексемнің 5 типі бар: операциялар (operator)
айыру таңбалары (separator) идентификаторлар (identifier) түйінді сөздер (keyword) константалар (constant)

Константа
Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға программа басындағы директива арқылы мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық және тіркестік (іnt, float, char, strіng) мәндерді қабылдай алады. Символдық және тіркестік (строковый - strіng) мәндер үшін орыс, қазақ әріптерін және кез келген символдарды пайдалануға болады. Олар тырнақша ішіндегі таңбалармен жазылады, мысалы: “S=“, “сумма”, “функцияның мәні”, “y=“ және т. б.
Тұрақтыларды анықтау мысалдары:

Тілдің ең негізгі түсіністерінің бірі- идентификатор. Ол объектінің атауы ретінде қолданылады. (функцияның, айнымалының, константалардың)
Идентифатор төмендегі ережеге сай таңдалуы қажет:
Олар латын әріптерінің х немесе астын сызу басталуы қажет .
Оның ішінде латын әрпі және астын сызу белгілері қолданылуы мүмкін. Бөтен таңбаларды қолдануға болмайды.
Си тілінде кіші және үлкен латын әріптері өзгеше деп саналады.
Идентификатордың ұзындығы әр программаның жүйесінде әр түрлі ANSI стандарты бойынша 32 таңбадан аспауы керек .
Объектілердің идентификаторы тілдің, түйінді сөздерінің стандартты функциядан және библиотека аттарынан өзгеше болуы қажет.
Си программалау тілінде түсініктемеге көп көңіл қойылады. Ол программаны теруді жеңілдетеді. Каментарий мына /* және / таңбалармен шектеледі.
Мысалы: X, x_2, cymka, bec, p23ps6, dt54as, ALFA, baga2, salmak, Omega2

Кілтті сөздер
Си тілінің түйінді сөздері - программада алдын ала анықталған белгілі бір мағынасы бар сөз тіркестері. Си тілінің түйінді сөздері (служебные или ключевые слова) мәліметтер типтері, операторлар мен стан-дартты функциялар атаулары, жады кластары, моди-фикаторлар (толықтырғыштар), т. с. с., олардың тіл-дің әр түрлі нұсқаларында аздап айырмашылықтары болуы мүмкін.
Қордағы (резервтегі) сөздер:
auto double int struct break else long switch register tupedef char extern return void case float unsigned default for signed union do if sizeof volatile continue enum short while, т. б.
Алғашқы төрт тип бүтін сандарды сипаттау үшін қолданылады.

Стандартты функциялар
Си тілінде математикадағы тәрізді стандартты функ-циялар бар. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде функцияның аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет. Функцияны есептеу барысында аргумент пен функция типтерінің әр уақытта сәйкес келе бермейтінін есте сақтаған жөн. Енді программаларда жиі пайдаланылатын өрнектерді мысал ретінде қарастырайық.

Берілгендер классификациясы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz