Жасуша




Презентация қосу
Жасуша

Орындаған: Аханова Балғын
Топ: БТ-407
Жасуша
ЖАСУША - ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ (ВИРУСТАРДАН БАСҚА)
ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕҢ ҚАРАПАЙЫМ БӨЛІГІ, ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН
ТІРШІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ; ЖЕКЕ ТІРШІЛІК ЕТЕ АЛАТЫН ҚАРАПАЙЫМ ТІРІ
ЖҮЙЕ. ЖАСУША ӨЗ АЛДЫНА ЖЕКЕ ОРГАНИЗМ РЕТІНДЕ (БАКТЕРИЯДА,
ҚАРАПАЙЫМДАРДА, КЕЙБІР БАЛДЫРЛАР МЕН САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДА)
НЕМЕСЕ КӨП ЖАСУШАЛЫ ЖАНУАРЛАР, ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ ТІНДЕРІ МЕН ҰЛПАЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА
КЕЗДЕСЕДІ. ТЕК ВИРУСТАРДЫҢ ТІРШІЛІГІ ЖАСУШАСЫЗ ФОРМАДА
ӨТЕДІ.
«ЖАСУША» ТЕРМИНІН ҒЫЛЫМҒА 1665 ЖЫЛЫ АҒЫЛШЫН
ЖАРАТЫЛЫСТАНУШЫСЫ Р.ГУК (1635 – 1703) ЕНГІЗГЕН. ТІРШІЛІКТІ
ЖАСУША ТҰРҒЫСЫНАН ЗЕРТТЕУ – ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗІ.
ЖАСУШАНЫҢ ДИАМЕТРІ 0,1 – 0,25 МКМ-ДЕН (КЕЙБІР БАКТЕРИЯЛАРДА)
155 ММ-ГЕ (ТҮЙЕҚҰСТЫҢ ЖҰМЫРТҚАСЫ) ДЕЙІН ЖЕТЕДІ. КӨПШІЛІК
ЭУКАРИОТТЫ ОРГАНИЗМДЕР ЖАСУШАСЫНЫҢ ДИАМЕТРІ 10 – 100 МКМ
ШАМАСЫНДА. ЖАҢА ТУҒАН ЖАС СӘБИЛЕРДЕ – 2×1012 ЖАСУША, АЛ
ЕРЕСЕК АДАМНЫҢ ОРГАНИЗМІНДЕ – 1014 ЖАСУША БОЛСА,
ОРГАНИЗМНІҢ КЕЙБІР ТІНДЕРІНДЕ ЖАСУША САНЫ ӨМІР БОЙЫНА
ТҰРАҚТЫ БОЛАДЫ. ЖАСУШАНЫҢ ТІРІ ЗАТЫ – ПРОТОПЛАЗМА. ОЛ БИОЛ.
МЕМБРАНАЛАРМЕН (ЖАРҒАҚТАРМЕН) ШЕКТЕЛГЕН
БИОПОЛИМЕРЛЕРДІҢ ТӘРТІПТЕЛГЕН ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ –
ЦИТОПЛАЗМА ЖӘНЕ ЯДРОДАН ТҰРАДЫ.
ЖАСУША ҚҰРЫЛЫСЫ
Неміс ботанигі Маттиас Шлейден және
цитолог Теодар Шванн 1839 жылы жасуша
теориясын жасады.
Ол теория бойынша барлық тірі организмдер
жасушалардан тұрады және құрылысы мен
биохимиялық қасиеттері ұқсас болады.
Жасушалар – тірі организмдердіңнегізгі
құрылымдық және функциональдық бірлігі.
Оларды көлеміне, пішініне, құрылысына
және атқаратын қызметіне қарай ажыратады.
Тірі организмдердің жасуша құрылысының
ұқсастығын ашу биология ғылымындағы ең
іргелі ашылулардың бірі болды.
ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫ
Жануар жасушасы
І. Өсімдік жасушасы.
1. Цитоплазма; 2. Вакуоль; 3. Ядро;
4. Пластидтер; 5. Қабықша.
ІІ. Жануар жасушасы. 
1. Сыртқы қабықша; 2. Цитоплазма; 3.
Ядро; 4. Митохондриялар; 5. Ядрошық;
6. Цитоплазмадағы нәруыз, көмірсу,
май тәрізді заттар.
ЯДРО ЖӘНЕ ЯДРОШЫҚ
• Ағылшын ботанигі
Роберт Броун 1831
жасуша ядросын
ашты.
• Ядро жасушада
жүретін барлық
үрдістерді басқарады
және оның тіршілігін
қамтамасыз етеді.

• Ядро қабықшадан, оның ішкі ортасын түзетін
ортадан, хроматиннен және бір немесе бірнеше
ядрошықтан тұрады.
• Ядрошық хроматин мен рибосоманың синтезін
бақылайды.
МИТОХОНДРИЯ

• Жасушада бірнеше мыңға дейін митохондриялар
болады.
• Митохондриялар жасушаның энергетикалық көзі.
• Мұнда тынысалу кезінде тотығу-тотықсыздану үрдісі
жүреді, ол жасушаны энергиямен қамтамасыз етеді.
• Митохондрия екі мембранадан тұратын қабықшамен
қапталған.
ХЛОРОПЛАСТ

• Пластидтер (хлоропласт, хромопласт,
лейкопласт) тек өсімдік жасушасында
ғана болады.
• Хлоропластарда өсімдікке жасыл түс
беретін пигмент - хлорофилл дәндері
болады.
РИБОСОМА
• Рибосомалар нәруыз
синтезінің
орталығыболып
табылады.
• Рибосомалар ядрода ,
митохондрияда,
пластидтерде және өте
көп мөлшерде
цитоплазмада болады.
• Рибосомалар жеке
немесе топпен
(полисома) орналасады.
Жеке орналасқанда
олар өзара РНҚ
жіпшелері арқылы
байланысады.
ЖАСУША
ҚАБЫҚШАСЫ

• Жасуша қабықшасы еріген заттарды
таңідап өткізетін қабілеті бар плазмалық
мембрана.
• Қабықша үш қабатты және полисахаридтер
– целлюлоза мен май заттарынан тұрады.
• Қабықшаның ішкі мембранасы
диктиосомалардың есебінен үнемі жаңарып
отырады.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
ЖАСУША ТЕОРИЯСЫ
Жасуша әлемі
Жасуша мембранасы
Жасуша қызметі мен құрылысы
Жасушаның зерттелу тарихы, жасуша теориясы
Жасуша циклі реттелуінің молекулалық механизмі
«Жасуша органоидтары»
Жасушаның молекулалық биологиясы
Жасуша ­тірі организмдер
Клетка теориясы
Пәндер