Кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы: себептері, құқықтық негіздері және алдын алу механизмдері


Slide 1

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАНКРОТҚА ҰШЫРАУЫ

Орындаған: Базарбаева А. Б.

Тексерген: Алимжанова А. М.

Топ:Эн-301

Slide 2

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда. Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына әкелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артуда.

Slide 3

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Банкроттық - кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы.

Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР “Азаматтық кодексінің” “Банкроттық туралы” заңында (21. 1. 1997) көзделген.

Slide 4

Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:

Slide 5 Slide 6

Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:

банкроттықты құқықтық реттеу;

кәсіпорынның банкроттығы жайында акті жүзеге асыруға шешім қабылдау процесте нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;

перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;

қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;

банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;

кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.

Slide 7

Қазақстан Республикасының «Банкроттық жайында» Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі келесі түрде қабылданады.

Банкроттық, борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады.

Ал еріксіз түрде, кредиторлардың немесе «Банкроттық жайында» Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Аталған мақсатқа жетуде әлемдік экономиканың жетістіктері көрсеткендей, келесі принциптерді сақтағанда ғана қол жеткізеді :

кәсіпорынның банкроттық жағдайында барлық шаруашылық субьектілері үшін өзара қарым-қатынастың коммерциялық жүйесін, құқықтары мен міндеттерін бірыңғай тұрақты және сенімді орналастыру;

борышқорға өзінің қызметін жаңадан бастау міндеттерін орындап шығуына мүмкіндік беру;

банкрот және экономикалық құлдырау кезінде қауіпсіздік шараларын ойластыру;

бизнесті қайта түлетудің жүйесін жасап шығару;

борышқор кәсіпорынға өзінің міндеттерін орындауда қаржылық реттеу тетігін ұсыну, оларды бизнесті тоқтатпай тұрып-ақ жақсарту;

адал және сенімді әріптестердің (серік) жұмыстарын ынталандыру үшін коммерциялық және құқықтық жүйелер құру;

қаржыға байланысты дауларды шешуде әдістемелік процедураны қалыптастыру;

банкротқа ұшыраған кәсіпорынды тарату кезінде банкрот жүйесіне қатысушылардың барлығының (несие беруші, қызметкерлер) мүддесін сенімді қорғау;

борышқордың активтерін әділетті түрде бөлуге жағдай жасау.

Slide 11

Қорытындылай келе кәсіпорындарды сақтап қалуға бағытталған аталған принциптері арқылы кәсіпорындар банкрот жүйесінің келесі жылдары тұрақтанып, борышқор кәсіпорын нарық талаптарына бейімделіп кетулері мүмкін.

Slide 12

НАЗАР АУДАРҒАНЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындардың банкроттығы: себептері, құқықтық реттелуі және тұрақтандыру шаралары (Қазақстан)
Коммерциялық банктің банкроттығы: себептері, салдары және алдын алу тәсілдері
Өрт қауіпсіздігінің негіздері: анықтама, себептері, алдын алу және алғашқы әрекеттер
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары: Қазақстандағы түрлері мен құқықтық сипаттамасы
Шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың және мемлекеттік кәсіпорындардың құқықтық мәртебесі мен басқару негіздері
Қоғамдық деградация: себептері, белгілері және алдын алу шаралары
Гастрит: анықтамасы, түрлері, себептері және алдын алу
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: құқықтық негіздері мен алдын алу шаралары
Педикулез: себептері, белгілері, емдеу және алдын алу
Қазақстандағы суицид: түсінігі, түрлері, себептері және алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz