Қазақтың ұлы ақыны


Slide 1 Slide 2 Slide 3 Slide 4 Slide 5

Филипп патшаның баласы

Жер жүзін жаулап алуды мақсат

еткен - жаһангер

Орамалға түйілген бас сүйек

Данышпан Аристотель

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Ескендір бейнесі қатал тойымсыз,

қанішер қолбасшы болып суреттеледі.

Ақылшысы - Аристотель

Македония шаһарынан екендігі айтылып, әкесі Филипп патша болғандығы баяндалады.

Slide 10

Поэмада Абай жауыздықты, ынсапсыздықты әшкерелей отырып, өмірдегі, жеке адамдар басындағы ондай қан құмарлық, көрсеқызарлық сияқты адамгершіліккке жат пиғыл мен жауыздық іс-әркеттерді ақылдың, білімнің, парасаттың, адамгершіліктің жеңіп шығатындығын, білек күшінен білімнің, парасат пен даналық күшінің артықшылығын көрсете білді.

Slide 11

Абайдың ақын-шәкірттері

Slide 12

Ақылбай Абайұлы

Ақылбай Абайдың

Ділдә деген бәйбішесінен

1861 жылы туған тұңғыш баласы.

Құнанбайдың кіші әйелі

Нұрғаным, өзінен бала

болмағандықтан, Ақылбайды кішкене күнінен өз бауырына басады.

Slide 13

Ақылбай өмірі Абай алдында ақын шәкірт болып, өзінің талантты інілеріне ақын аға, Ақыл аға атанып өтеді. Ақылбай аса шебер музыкант, домбыра, гармонь, скрипкаға жүйрік, мақтаулы өнерпаз болады.

Slide 14

Ақылбай сауықшыл әнші, скрипкашы болатын… Домбыраға қазақтың ескі күйлері: «Азамат қожа», «Бұлаң жігіт», «Бес төре», «Асыр қалша» деген күйлерді тартатын.

Slide 15

Ақылбайдың ақындық атын

тарихта қалдырған оның поэмалары. Ақылбайда бізге мәлім ондай поэмалар үшеу. Ол: «Дағыстан» (Кәрі Жүсіптің»), «Зұлыс», «Жаррах батыр».

Slide 16

Абай екі баласымен: Ақылбай, Турағұл Семей. 1896 жыл

Slide 17

Мағауия Абайұлы (1870-1904 ж. ж. )

Мағауия Абайұлы -

ұлы ақынның Ділдәдан туған кенже баласы.

Жасында молдадан оқығаннан кейін, Семейдегі Городское училище деген орысша мектепке оқуға түседі.

Онда екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, оқи алмай ауылға қайтады.

Slide 18

Жасы он жетіге келген, қалада оқып, орыс мектебінің тәлім-тәрбиесін көрген, зерделі, алғыр ойлы, табиғи талантты Мағауия Абайдай ұлы ұстаздың саналы шәкірті болып көп тағылым алған.

Ол өз бетімен білімін онан әрі дамытып, орыстың ұлы жазушыларының, ғалымдарының еңбектерін

зер сала оқиды.

1889 жылы Түмен қаласындағы реальное училищесін бітірген соң, Петербургте оқып жүрген Әбдірахманның да Мағауияға

көрсеткен көмегі көп еді.

Slide 19

Мағауия әдебиет тарихында абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды.

Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары: «Еңлік-Кебек», «Абылай» және «Медғат-Қасым».

Өз махаббаты үшін күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды. «Еңлік-Кебек», «Абылай» поэмалары қолжазба күйінде қалып, оқушыларға таралмаған.

Slide 20

«Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы қазақтан жырақ, алыс елдерден,

яғни Африка өмірінен алынған.

Сол елді мекендеген адам қауымын реалистік шындық тұрғысынан көрсетеді.

Осылайша поэзияның үлкен үлгісін шебер танытқан Мағауия осындай романтикалық поэманы

қазақ әдебиетіне кіргізді.

Сол кездегі өнерлі жастар осы поэманы

жаттап алып, әнге қосты.

Slide 21

Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев (1875-1934 ж. ж. )

Тұрағұл - Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған баласы. Ақын, аудармашы. Жасында ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан.

Кейіннен өзі ізденіп орысша, арабша білімін жетілдірген. Ауылында болыс болған.

1917-1920 жылдары Семей өңіріндегі алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі

жауапты қызметтер атқарған.

Slide 22

Тұрағұл ақын болумен қатар, домбыра, скрипкада шебер ойнаған. Оның қызы, әнші Мәкен әкесінен үйренген Абайдың 17 әнін нотаға жаздырған.

Ол А. М. Горькийдің «Челкаш» әңгімесін тұңғыш рет қазақ тіліне аударып бастырды.

А. Неверовтың «Мен өмірге жерікпін» (1927), Д. Лондонның «Балалық туралы ертегі» (1927) және «Балалы әйел нені білу керек» (1927) деген ғылыми-медициналық кітапшаны аударып,

бастырып шығарған.

Slide 23

Сонымен бірге, Семейде Алашорда үні болған «Сарыарқа» газетінде Алаш атты әскерінің алғашқы жеңістері туралы: 1918 жылы Алтай губерниясы бағытында бльшевиктерді өкшелей қуған Алаш әскерінің жеңіспен оралғаны, бұл әскерге Тұрағұл Абайұлы, Биахмет Сәрсенұлы, Қаражан Үкібаев тағы басқалары

қатысқанын айтады.

Slide 24

Көкбай Жанатайұлы (1861-1925)

Көкбай - Абайдың ең талантты ақын шәкірттерінің бірі.

Ол Абаймен 1880 жылдардан бастап,

жиырма бес жыл жолдас, дос болған адам.

Slide 25

Көкбай Жанатайұлы 1861 жылы, қазіргі Семей облысы,

Абай ауданында туған.

Тобықты ішінде Көкше руынан.

Көкбайдың үшінші атасы - Есбай, Көкше ішіндегі жуан ата саналады. Есбайдың бес баласы: Сарымсақ, Сапақ, Жамантай, Көбентай, Бәйтен. Бұлардың бесеуі де, шетінен ділмар, шешен әрі пысық болып, «Есбайдың бес жүйрігі» атанған.

Сапақтың баласы - Қаратай шешен, Құнанбаймен тізелес, Көкшенің ру басы адамы.

Жамантайдың баласы - Жанатай. Жанатайдан - Көкбай. Жанатай да сөзге шешен, орта дәулетті, пысық адам болады.

Ел басқару ісіне араласпайды. Қаратай сияқты Көкшенің ру басылары Құнанбаймен бірде дос, бірде жау болып жүрсе де, Жанатай Құнанбаймен тату болып, оған арқа сүйеп, өмір бойы одан қол үзбеген деседі.

Slide 26

Әріп Көкбайдан екі-үш жыл бұрын, Семей қаласындағы үш кластық орыс I училищесіне түсіп, оқып жүрген.

Жазғы демалыс айларында, Әріп нағашыларының ауылында да болып, Көкбаймен әңгіме-дүкен құрып, талай-талай сыр шертіскен.

Қаланың тұрмыс-салтын, орысша оқудың қажеттігін, Әріптен естіп, біліп, әбден қанған Көкбай, орыс мектебіне түсіп оқуға бел байлайды.

Slide 27

Көкбай Абайдың өле-өлгенше айырылмас адал досы, ақын шәкірті болды.

«Сол кезде Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз.

Сол талантын бағалап, Абай бұны өзі жазып жүрген алғашқы өлеңдеріне ие қып шығарды», - дейді Мұхтар Әуезов.

Slide 28

Көкбай уақиғалы үлкен шығармалар жазған,

кең құлашты - эпик ақын.

Басқа ақын шәкірттеріне тақырып бергендей, Абай, 1886 жылдар шамасында, Көкбайға да

тарихтық үлкен бір тақырып берген.

Бұл жөнінде М. Әуезов: «Онысы - Абылай мен содан бергі замандар турасындағы тарихтық тартыстар жөніндегі тақырып болады. Көкбай сол Абай берген деректер бойынша, ұзақ шығарма жазады. Бұнда Абылай заманын айтып кеп, содан Қасымға, Есенкелді, Саржанға ауысады», - дейді.

Көкбай поэмасын «Сабалақ» деп атаған.

Көкбай «Сабалақ» поэмасынан басқа «Қандыжап», «Құлынды» атты дастандар жазған.

Slide 29

Әсет Найманбайұлы (1867-1923)

Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8-ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы)

1867 жылы туған.

Руы Арғын, оның ішінде Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын

аз атадан.

Slide 30

Әсет - әнші, сазгер. Әсет - нәзік сезімді, ұшқыр қиялды лирик ақын; ол тілге бай, алғыр ойлы, бөгелмей жүйткитін айтыс өнерінің де ерен жүйрігі; ол алысқа алқынбай сілтейтін жүйрік, бай оқиғалы поэма, дастандар жазған ақын.

Әсеттің атақты «Қызыл табан - ағаш ат» поэмасы Шығыс ертегі әңгімелерінің әсерімен жазылған, «Мың бір түн» сияқты өз уақытына жазылған екі жастың арасындағы махаббатқа құрылған ғылыми-фантастикалық поэма.

«Салиха-Сәмен» поэмасы да бас бостандығы үшін, махаббат үшін, кұрбан болған жандар туралы.

Олар өз заманының қатал заңының құрбандары.

Осындай тамаша туындылары бар, айтыскер ақын, жан-жақты Әсетті нағыз сегіз қырлы өнерпаз дейміз.

Slide 31

Мұқа Әділханұлы

Мұқа - Абайдың сегіз қырлы өнерпаз, талантты шәкірттерінің бірі.

Ол - асқан домбырашы, шебер скрипкашы

әрі әнші, әрі ақын.

Мұқаның өнерін Абай калай бағалап, оған қалай қамқорлық еткенін Мұхтар Әуезов

былайша сипаттайды:

«Абай жалғыз өсиетін қанағат қылмай, жастардың сезім тәрбиесін толықтырмақ болып, көбіне музыка үйретпекші болады. Сол мақсатпен Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашыны қолында ұстайды».

Slide 32

1909 жылы Семейде "Народный дом" деп аталатын орында қазақ, татар өнерпаздары домбырашы, скрипкашы, әнші-күйшілердің жарысы болғанда, оған Абай шәкірттері


Ұқсас жұмыстар
"Тіл шебері" сайысы
Абай Құнанбайұлына 175 жыл
XIX ғасырдағы және XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ақындары
Махамбет Өтемісұлы және Исатай Тайманұлының өмірбаяны
Өлеңнің тақырыбы
Ағартушылар философиясы
Махамбеттің балалық шағы
Қазақ мәдениетіне қосқан үлесі
Жылқының әні
Тапқыр болсаң,озып көр. 4 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz