Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалдық шоу(Физика)

Құмаш Нұрғалиев атындағы № 43 қазақ орта мектеп-гимназиясы

“Миллион кімге бұйырады ” атты интеллектуалдық шоу (Физика)
Орындағандар: физика пәні мұғалімі Молдақанов Е. С. информатика пәні мұғалімі Абсеитова Г.Ж.

Өскемен қаласы, 2006 жыл

Ойынның шарты: 1. Барлығы 9 сұрақ: 3-ші, 6-шы, 9-шы сұрақтар күймейді; 2. Ойын барысында пайдалануға болатын үш жеңілдік бар: а) залдағы көрермендердің көмегі; б) екі дұрыс емес жауап алынады; в) Оқулықтарды 30 секунд пайдалану. 3. Мүмкіндіктерді кез-келген ретте пайдалануға болады; 4. Ойыншы кез-келген уақытта ойынды тоқтатып, ұтысын алуына болады; 5. Бірде-бір мүмкіндікті пайдаланбай жеңген оқушыға “5” деген баға қойылады.

Ойынға қатысушылар:
11 “А” сыныбынан: Алимханов Бауыржан Демесинова Эльвира Жумаканова Эльвира 11 “Б” сыныбынан: Кайранова Амангуль Крыкбаева Рамиля Нуриманов Дидар 11 “В” сыныбынан: Ахметкалиева Лаура Касенова Асель Тлеуханова Гульнур

Мына жылдамдықтарды ең кішісінен бастап орналастыр
А. 10 м/с С. 18 км/сағ В. 0,9 км/мин D. 1200 м/мин

Дұрыс жауабы:
С. 18 км/сағ А. 10 м/с В. 0,9 км/мин D. 1200 м/мин

1. Заттың ұсақ бөлшегі:
А. молекула С. диффузия В. атом D. дене

2. Физика ........ туралы ғылым
А. табиғат С. зат В. техника D. космонавтика

3. Ток күшінің өлшем бірлігі
А. Ампер С. Кулон В. Вольт D. Джоуль

4. Қандай энергия өмір сүрмейді
А. жылулық С. электрлік В. атомдық D. техникалық

5. Францияда Пулье заңы деп кімнің заңын оқиды
А. Кулон С. Ом В. Джоуль D. Ленц

6. Ток күшін басқаратын құрал
А. амперметр С. реостат В. вольтметр D. гальванометр

7. Жерден нені көтеру мүмкін емес
А. аяғыңды С. үйді В. көлеңкені D. жүкті

8. Спидометр нені өлшейтін құрал
А. ауаның көлемін С. қозғалыс жылдамдығын В. жұлдыз жарықтығын D. үдеуді

9. “Ракета” қай елдің сөзінен алынған
А. орыс С. грек В. неміс D. ағылшын

Мына ғаламшарларды күнге жақынынан бастап орналастыр
А. Шолпан С. Есекқырған В. Нептун D. Қоңырқай

Дұрыс жауабы:
А. Шолпан С. Есекқырған D. Қоңырқай В. Нептун

1. Темір бұл .......
А. зат С. нәрсе В. дене D. термин

2. 1961 жылы 12-сәуірде не болды
А. Бірінші космонавт туды С. ЖЖС ұшырылды В. Адам космосқа ұшты D. аң космосқа ұшырылды

3. Кернеудің өлшем бірлігі
А. Ампер С. Кулон В. Вольт D. Джоуль

4. Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеген кім
А. Колумб С. Поло В. Магелан D. Беринг

5. 39 жасында академик атанған, бұл атақты алуына магнит және электр бойынша еңбектері ешқандай рөл атқармаған ғалым
А. Ленц С. Ампер В. Джоуль D. Кулон

6. Қоздыру лампасын кім ойлап тапқан
А. Джоуль С. Лодыгин В. Ленц D. Ватт

7. Жұтылу жарықтың қай заңына бағынады
А. сыну С. түзу бойымен таралу В. шағылу D. көлеңке

8. Алыстан көрушілерге қандай линза керек
А. ойыс С. дөңес-ойыс В. дөңес D. жазық-дөңес

9. “Гипотеза (болжам)” қай елдің сөзінен алынған
А. латын С. орыс В. грек D. француз

Бала бидің шешуін ретімен орналастыр: Жерден ауыр дегенім – Судан терең дегенім – Оттан ыстық дегенім – Көктен биік дегенім –
А. Тәкаппардың көңілі С. Оқу-ғылым В. Ақыл-білім D. Адамның өмірі

Дұрыс жауабы:
В. Ақыл-білім С. Оқу-ғылым D. Адамның өмірі А. Тәкаппардың көңілі

1.Кімнің күші кері итеруші деп аталады
А. Ньютон С. Фарадей В. Архимед D. Галилей

3. Кедергінің өлшем бірлігі
А. Ампер С. Ом В. Вольт D. Джоуль

2. “Алтын ереже” физиканың қай бөлігінде
А. электр С. механика В. оптика D. молекулалық физика

3. Кедергінің өлшем бірлігі
А. Ампер С. Ом В. Вольт D. Джоуль

4. Өткізгіштерді қалай қосқанда кернеу тұрақты
А. дұрыс С. параллель В. дұрыс емес D. тізбектей

5. Мамандығы бойынша сыра қайнатушы, токтың жылулық әсерін зерттеген тамаша экспериментатор ғалым:
А. Ленц С. Ампер В. Джоуль D. Кулон

6. Инерция заңын ашқан кім
А. Ньютон С. Галилей В. Архимед D. Паскаль

7. Темірқазық деп қай жұлдызды атайды
А. үлкен аю С. полярлық жұлдыз В. кіші аю D. күн

8. Қай линза сәулелерді жинайды
А. жазық С. дөңес В. ойыс D. жазық-ойыс

9. “Орбита” қай елдің сөзінен алынған
А. латын С. неміс В. грек D. орыс

Мектепте физика пәнін оқыту бағдарламасының бөлімдерінің реті
А. молекулалық физика С. ядролық физика В. механика D. электр бөлімі

Дұрыс жауабы:
В. механика А. молекулалық физика D. электр бөлімі С. ядролық физика

1.Шайнек қандай ыдысқа жатады
А. үлкен С. қатынас В. кіші D. көрікті

2. Сұйықтың қысымын өлшейтін құрал
А. барометр С. амперметр В. манометр D. термометр

3. Элементтің кіші бөлшегі
А. молекула С. атом В. зат D. дене

4. Қай бірлік SJ жүйесінде емес
А. грамм С. секунд В. метр D. ватт

5. Ол өте аңғал болған. Ол бірде “жұмыртқа қайнатып жатырмын” деп ойлап, қолына жұмыртқа ұстап тұрған. Ол кім
А. Джоуль С. Ампер В. Кулон D. Ватт

6. Өткізгіштерді қалай қосқанда ток күші тұрақты болады
А. параллель С. жалпы В. тізбектей D. электрлік

7. Тастардың “патшасы” қай зат
А. алмаз С. графит В. ас тұзы D. тас

8. 1785 жылы электростатиканың негізгі заңдарын ашқан, оған иірілмелі таразыны пайдаланған ғалым
А. Ампер С. Кулон В. Ленц D. Джоуль

9. “Электрон” грек тілінде қандай мағына береді
А. эбонит С. янтарь В. электр D. заряд

Мына массаларды атауларына сәйкес орналастыр: 1 ширек шай, 1 әшімөңке шай, 1 таймөңке шай, 1 қайнатым шай
А. 25 г С. 12,5 г В. 125 г D. 250 г

Дұрыс жауабы:
D. 250 г В. 125 г А. 25 г С. 12,5 г

1. Тохтар Әубәкіров кім
А. ғалым С. косманавт В. физик D. бизнесмен

2. Физикда қай күш жоқ
А. ауырлық С. серпінділік В. дене салмағы D. деформация

3. Периодтың өлшем бірлігі
А. герц С. метр В. секунд D. Ньютон метр

4. Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді
А. манометр С. термометр В. барометр D. психрометр

5. Өзінің зерттеулерін электр саласында жүргізген, өнертапқыштық таланты зор болған орыс ғалымы
А. Ампер С. Кулон В. Ленц D. Джоуль

6. Мына түстердің қайсысы спектрде жоқ
А. Көк С. ақ В. сары D. қызыл

7. Ең ежелгі овсерватория қай елде
А. Қытай С. Өзбекстан В. Ресей D. Англия

8. Токтың жылулық әсерін зерттеген, тамаша экспериментатор ғалым
А. Ом С. Ампер В. Попов D. Джоуль

9. Мұзды қалай қойғанда шай тез суиды
А. астына С. үстіне В. ішіне D. бетіне


Пән: Физика


Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь