Іс жүргізу құқығы: Қазақстанның сот жүйесі, прокуратурасы және адвокатура мен нотариаттың құқықтары мен міндеттері


Slide 1

ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

Slide 2

Ж О С П А Р:

Іс жүргізу нормалары

Қазақстан Республикасының сот жүйесі

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорлары туралы түсінік

Адвакатураның және нотариустың негізгі міндеттері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Іс жүргізу нормалары қылмыс және басқа да құқық бұзушылық жасалған, ездерінің құқықтары мен міндеттері туралы түсіністікке келе алмай сотқа жүгінетін сияқты қатынастардың барысыңда туындайтын, арнайы құзыретті органдар іске асыратын құқық қолдану түрпішінде көрінетін құқық қорғау үрдісін реттейді.

Slide 4

Құқық қорғау органдарының қызметтеріне:

1) конституциялық бақылау;

2) әділ соттылык;

3) соттардын ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

4) прокурорлық қадағалау;

5) қылмысты анықтау және тергеу;

6) заң көмегі және қылмыстық іс бойынша Қорғау сияқты іс-әрекеттер жатады)

Slide 5

Құқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды орын алатын

мемлекеттік органдардың бірі соттар. Сот әділеттілігін іске

асыра отырып соттар, жаза тағайындау, жазадан босату

т. б. сияқты шешімдер қабылдай отырып, құқықты

қолданып, өзінің биліктік құзыретін жүзеге асырып, жеке

және занды тұлғалардын құқықтары мен міндеттерін

анықтай отырып, олардын мүдделерін, әділ, заң арқылы

қорғауға тиіс орган. Адамдар қажет болғанда әділдік үшін

сот төрелігіне жүгінеді.

Slide 6 Slide 7

Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар,

сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен

қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа

заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі. Сот

төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше

өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң

актілерін шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге

органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот

билігі қызметтерін иеленуге құқығы жоқ.

Slide 8 Slide 9

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге

асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын,

бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға,

Республика Конституциясының, заңдарының, әзге де

нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық

шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Slide 10 Slide 11

Сот билігі азаматтық, қылмыстық және занда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Slide 12

Сот жүйес: Қазақстан Республикасының сот жүйесін

еліміздің Жоғарғы Соты мен жергілікті соттар

құрайды. Қандай да болмасын атаумен арнаулы және

төтенше соттар құруға жол берілмейді. Жергілікті

соттарға мыналар жатады: 1) облыстық және оларға

теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық

соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық

соттары, мамаңдандырылған сот - Казақстан

Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар) ;

2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық,

ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның

әскери соты және басқалар) . Республикада заңға сәйкес

мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік,

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа)

соттар құрылуы мүмкін.

Slide 13

Прокуратура - Республика аумағында зандардың,

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының

және өзге нормативтік құқықтық актілердің дәл және

бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің,

анықтама мен тергеудін, әкімшілік және атқарушылық

істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды

жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының

Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган.

Прокуратура кез келген зандылық бұзушылықты анықтау

және жою жөніңде шаралар қолданады, Республиканың

Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін зандар

мен өзге де құқықтық ақтілерге наразылық жасайды,

сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ занда

белгіленген жағдайларда тәртіп пен шекте қылмыстық

қудалауды жүзеге асырады.

Slide 14

Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру,

оның қызметінің тәртібі және прокурорлардың өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Конституциясымен,

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995

жылғы 21 желтоқсандағы заңымен, заң актілерімен,

Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық

шарттармен сондай-ақ Республика Бас Прокурорының

бұйрықтарымен айқындалады.

Slide 15

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын

органдар мен мекемелердің бір тұтас орталықтандырылған

жүйесін құрайды.

Slide 16

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын Парламент

Сенатының келісімімен Республика Президенті бес жыл

мерзімге қызметке тағайындайды және қызметтен

босатады. Республика Бас Прокурорының бірінші

орынбасары мен орынбасарларын Бас Прокурордың

ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке

тағайындайды және қызметтен босатады.

Slide 17 Slide 18 Slide 19

Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ Занда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және занды тұлғалардың құқықтары мен занды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.

Slide 20

Нотариустың құқықтары:

1) өзіне жүгінген жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сәйкес осы Занда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;

2) мәмілелердің, өтініштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға;

3) құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге;

4) нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша консультациялар беруге;


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен құқық қорғау органдары: прокуратура, адвокатура және нотариаттың құрылымы мен қызметі
Қазақстан Республикасындағы адвокатура: ұйымдастырылуы, қағидалары және адвокаттық қызметтің құқықтары мен міндеттері
Азаматтық іс жүргізу құқығы: курс бағдарламасы мен оқу мақсаттары
Қазақстан Республикасындағы салық құқығы: ұғымы, жүйесі, элементтері және салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері
Неке және отбасы құқығы: бала мен ата-ананың құқықтары мен міндеттері
Адвокатура: рөлі, міндеттері және қазіргі заманғы маңызы
Құқық қорғау органдары, сот жүйесі және нотариат: құрылымы, қызметі мен міндеттері
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері және сот психологиясындағы сараптамалық әдістер
Атқарушылық іс жүргізуге қатысатын тұлғалар мен объектілер: құқықтық мәртебе, құқықтары мен міндеттері
Азаматтық іс жүргізу: ұғымы, сатылары, пәні мен құқықтық бастаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz