ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ


Slide 1

ҚЫЛМЫСТЫҚ

ҚҰҚЫҚ

Slide 2

Ж О С П А Р:

Қылмыс ұғымы

Қылмыстық құқықтың қағидаттары

Қылмыс санаттары

Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар

Жазаның түрлері

Қорытынды

Slide 3

Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен

қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін,

қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік

пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың

жиынтығы.

Slide 4

«Мемлекеттің, жеке және занды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құкықтың пәні болып табылады. Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке тұлғалар мен мемлекеттің құзыретті органдары (тергеу, прокуратура, сот т. б. ) жатады.

Slide 5

Қылмыстық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі белімнен тұрады. Жалпы бөлімде ерекше бөлімнің баптарын дұрыс түсініп, қолданудың жалпы ережелері мен институттары, тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселелер, қылмыстық заңнаманың міндеті, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері, қылмыстық заңның әрекеттік шегі, қылмыстың, жазаның жалпы ұғымы, жаза тағайындау, жаза мен қылмыстық жауапкершіліктен босату тәртібі жайындағы мәселелер көрсетіледі. Ерекше бөлімде қылмыс және оның белгілері деп саналатын әрекеттерді көрсететін нормалардың жиынтығы шоғырланған.

Slide 6

Қылмыстық құқықтың міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құкықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

Slide 7 Slide 8

Қылмыстық құқықтың үш міндеті: 1. Қорғау - қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана отырып қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау міндеті. Ол үшін қылмыстық заң қылмыстық әрекеттердің шеңберін, түрін және оған қолданылатын жазаның мөлшерін анықтайды.

Slide 9

2. Алдын-алу (профилактика) міндеті қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолдарын қарастыру немесе қылмыс жасаған тұлғаның қайта қылмыс жасамауының алдын алу. Бұл мақсаттар әр түрлі қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану арқылы іске асырылады.

Slide 10

Тәрбиелік міндетті қылмыстық құкықтың барлық институттары мен нормалары атқарады (жаза, қажетті қорғаныс, мәжбүрлі қажеттілік т. б. ) Қылмыстық құқықтың қағидаттары деп мемлекеттің қылмыстық құқық саласындағы саясатының, қылмыс пен күресудің іс жүзіндегі құралдарының мазмұнының негізіне қойылған тіректі мұраттар мен бастамаларды айтамыз. Сондай қағидаттардын бірі заңдылық қағидаты. Оның мәні қылмыстық әрекет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек. Әрекет не әрекетсіздік қоғамға қаншама қауіпті болса да, егер оларда қылмыстың құрамы болмаса тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке жасанды түрде тартуға болмайды.

Slide 11

Азаматтардың заң және сот алдында теңдігі қағидаты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 14-бабында көрсетілгендей, қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей. Тек қылмыстық әрекеті не әрекетсіздігі үшін кінәлі болған тұлғаны ғана қылмыстық жауапқа тарту қағидаты. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабыңда арнайы кезделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады.

Slide 12

Негізгі қағидаттардың бірі әділеттілік қағидаты. Оның мәні соттар жасалған қылмыстың қоғамдық кауіптілігін, сотталушының жеке басының, оның қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлығы ерекшеліктерін, қылмысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды, отбасы жағдайларын ескере отырып жаза тағайындаулары қажет. Қылмыстық құқықтың тағы бір қағидаты ол ізгіліктік қағидат. Ізгілік адамды адам, кісі, тұлға ретінде тану, оның ар-ожданын, намысын, қадір-қасиетін, бақытқа, жақсылыққа, өркениетке ұмтылуын сыйлау, мойындау. Сондықтан, жаза тағайындау барысында ізгілік қағидатына сүйене отырып жасалған қылмысқа тиісті жазадан жұмсақтау жаза тағайындау,

Slide 13

Қылмыстық құқықтың деректік көздеріне әр түрлі қылмыстық заңнамалар жатады. Солардың ішіңде ерекше орын алатын қылмыстық заң қылмыстық заң жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының нормативті актісі. Қылмыстық заңнама мемлекеттік биліктің құзыретті органдары қабылдайтын қылмыстық-құкықтық актілердің жиынтығы.

Slide 14 Slide 15

Қылмыстың құрамы

Қылмыстың құрамы дегеніміз, әркеттің қылмыс ретінде қоғамға қауіптілігін сипаттайтын обьекті және субьективтік белгілердің жиынтығы. Қылмыс құрамы - заңдық ұғым, ал қылмыс - адам әрекетінің бір түрі.

Қылмыс құрамы тек бір ғана қылмыста (яғни, Иванның Сидордың мүлкін ұрлағанында) емес, барлық қылмыста (барлық ұрлықтарда) ұшырасатын белгілердің жиынтығын құрайды.

Slide 16

Қылмыс құрамын сипаттайтын төрт белгі бар.

1. Қылмыстық обьектілер қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар

2. Қылмыстық обьективті жағына іс-әркеттің өзінің сипаты, оның зардаптары: қылмыспен келген зиян және қылмыстық сыртқы жағын сипаттайтын басқа да белгілер (орны, уақыты, әдіс құралы)

3. Қылмыстың субьективтік жағы - қылмыс жасаумен тікелей байланысты тұлғаның психикалық әрекеті, ол қылмыскердің өресі мен ерік - жігерін, жасау себебін білдіреді, заңдық белгісі кінә, салдар және мақсат болып табылады.

4. Қылмыс субьектісі. Белгілі бір жасқа келген, өз іс-әрекеттеріне жауап беретін және оған басшылық жасай алатын нақты тұлға болуы мүмкін.

Slide 17 Slide 18 Slide 19

Іс-әрекеттің қылмыс екенін жаятын мән - жайлар

Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке ба-сын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табыпмайды.

Slide 20

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру. Қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.

Slide 21

Аса қажеттілік. Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқыктары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.

Slide 22

Орыңды тәуекел ету. Қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды. Егер аталған мақсатқа тәуекелмен байланыссыз іс-әрекетпен (әрекетсіздікпен) қол жеткізілмейтін болса және тәуекелге жол берген адам Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуін болғызбау үшін жеткілікті шаралар қолданса, тәуекел орынды деп танылады. Егер тәуекел ету адамдардың өміріне немесе денсаулығына көрінеу қатер төндіруге, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзеліске немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар
Сотқа дейінгі тергеп - тексерудің басталуы
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Сыбайлас қатысудың белгілері
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың ОБЪЕКТИВТІК белгілері
Қылмыстық құқық бұзушылықтар
Қылмыстық құқық бұзушылы объективті жағы
Экономикалық қылмыстарды тергеудің жалпы шарттары мен негіздері
АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАГЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz