Абай Құнанбаевтың поэзиясы мен Қара сөздері: өлең құрылымы, философиялық және педагогикалық көзқарастары


Slide 1

Абай Құнанбаев

Slide 2

Қазақтың данышпан ақыны Абай 1845 жылы Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы, Шығыс тауының жайлауында дүниеге келген.

Абай адамзат мәдениетіне үлкен үлес қосқан әлемге ортақ тұлғалардың бірі болып саналады. Ол орыс және батыс әдебиетін де зерделей білді.

Slide 3

Қарқаралыда аға сұлтан Құнанбай мырза салдырған мешіт ғимаратының Қазан төңкерісі кезіндегі және одан жетпіс жыл өткеннен кейінгі көрінісі

1. 1. ХІХ ғасырдағы өлең құрылымы және сөз ұнасымы. Абай поэзиясы - өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейкесті, ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия. Оның өлеңдерінде, қарасөздерінде қазақ өмірінің көркемдеп бейнеленген телегей теңіз шындығы бар. Абай шығармаларының қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өрісі аса биік, мүлде жаңа ой-пікір көркем сезім әлемін ашқаны даусыз.

Абай және Абай дәуіріндегі қазақ өлеңі.

Slide 4

Абай мұрасы

Қазақ халқының зерделі ойы мен қоғам өмірінің шын мәніндегі

энциклопедиясы - ұлы Абай мұрасына жүгіну, Абайды тану- бұл үлкен мәселе. Өзі мына пәни дүниеден көшкеннен кейінгі тарихи аласапыран жылдарда халық бастан кешкен алмағайып кезеңдер ақын мұрасына да бірде сәуле, бірде көлеңке түсіріп сан құбылды. Жиырмасыншы жылдардың орта кезінен бастап отыз жетінің ойранына дейінгі аралықтағы сталиндік саясаттың азат ой, ұлттық мүддені қыспаққа алып, алаштың аяулы азаматтарын құрбан қылған шағында Абай атына шабуыл жасалып, мұрасы елеусіз қалып, әділетсіз қараланады.

Slide 5

Ақын шығармасының бір бөлігі қара сөздері

Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі-қара сөздері. Абайдың қара сөздері-ұлы ақын сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан.

Slide 6

А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ

АҒАРТУШЫЛЫҚ ОЙ-ПІКІРІ

Өсер ұрпақ, келер дәурен, туар тарих қауымына ақын арнап кеткен мұңды сырлы бір сәлем, наз сәлем осы еді. Шөл ғасырлардың қу медиен құла түзінен болар заманға, жақын заманға қарай жалғыз аяқ жол тартқан ақын ол еді. Сахараны басқан қара түн қақ жарып, жалғыз қолда жалынды жарық шырақ ұстап халқына өріс ашып, бет нұсқап «таңың сонау белден атады, күнің осынау жақтан шығады» деп кеткен ақын да сол еді. Рас қытымыр заманы мен надан қауымға ол ақын жұмбақ еді.


Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің философиялық және ағартушылық мәні
Абай Құнанбайұлының саяси көзқарастары: Қара сөздерінің идеялық мазмұнына талдау
Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасын зерттеу
Ашық сабақ: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбаевтың Отыз бірінші қара сөзі бойынша тыңдау, мағынаны түсіну және есте сақтау дағдыларын дамыту сабағы
Абай Құнанбаевтың бастауыш сыныптағы орны: шығармаларды оқытудың тәрбиелік-әдістемелік негіздері
Абай Құнанбаевтың өмірбаяны және шығармашылығы
Клод Адриан Гельвеций (1715-1771): өмірбаяны, философиялық көзқарастары мен педагогикалық мұрасы
Абай Құнанбаевтың ағартушылық және тәрбиелік идеялары: теориялық талдау және орта мектепте қолдану әдістемесі
Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылығы және тәрбиелік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz