Қара топырақтар
Презентация қосу
Қара топырақтар
Қара топыраққа сипаттама
Қара топырақты далалардың топырақтары желге
жақсы қағылып, күнге жақсы жылынады, бірақ
жаңбырсыз жазғы айларда су жеткіліксіз болады.
Сондықтан өсімдіктер мен жануарлардың
қалдықтары баяу шіриді. Қарақоңыр, суда аз еритін
қарашірік (гумин және ульмин заттары) көп болады.
Ол топырақтағы кальций және темірмен
қосылып,топырақта бекітіле береді. Топырақта
қарашірік мол жиналып,ол анағұрлым қалың қабат
құрайды. Қарашірік көп болғандықтан топырақ қара
түске боялады, сондықтанда оны қара топырақ деп
атаймыз.
Қара топырақтағы қарашірік
мөлшері
Түрлі аудандардың қара топырақтарында
қарашірік мөлшері де түрліше болады.
Мысалы, орман алқабына шектес оңтүстік
қара топырақтарда топырақтың әрбір 100
бөлімінде тек 4-6 бөлім ғана қарашірік болса,
Уфа маңында топырақтың әрбір 100
бөлімінде 13-16 бөлімге дейін қарашірік
болады. Топырақ қабаты тереңделген сайын,
оның қарашірігі де соғұрлым аз болады,
топырақтың қара бояуы біртіндеп азая келе,
аналық жыныстың сарғылт түсіне ауысады.
Қара топырақтың сіңіру қабілеті
Қара топырақтың сіңіру қабілеті басқа
барлық топырақтардың сіңіру қабілеттілігінен
артық. Қара топырақтың қарашіріктік
горизонтының сіңіру қабілеті күлгіндеу
топырақтардың сондай горизонтымен
салыстырып қарағанда 5-10 есе артық.
Кальциймен бірге топырақтың сіңіру
комплексіне кальцийден анағұрлым аз
мөлшерде магнийде енеді. Сіңірілген кальций
мен магнийдің мөлшері топырақ салмағының
1%-не дейін және одан көбірек болады.
Қара топырақтың
структурасы
Қара топырақтың жоғарғы горизонтынан бір кесек
алып оны қолмен үгіп қарайтын болсақ, ол домала қ,
шамалы бұрыштаныңқырап келген,үлкендігі
қарақұмық дәніндей,не шамалы үлкенірек
бөлімдерге бөлінеді. Мұндай структура түйіршікті
структура деп аталады.Топырақтың қарашірік ж әне
известьпен желімделген структуралық жеке
бөлшектері өте қуысты және суға берік болады: олар
суды оңай және тез сіңіреді, бірақ суда оңайлы қпен
жібімейді.Бұл бөлшектердің ішінде тіпті мейлінше
дымқыл болғанның өзінде де ауа болады.
Топырақтың төменгі қабаттарына барған сайын
структуралық бөлшектердің көлемі бірте-бірте ұлғая
келе,олар кесекке,одан кейін тоң кесекке айналады.
Қара топырақтың қабаттарына
сипаттама
Қара топырақтың жоғарғы қабаты қара немесе
шамалы ғана ашықтау келген қарақоңыр түске
боялған.Қарашіріктің көпшілік бөлімі осы қабатта
жиналған. Бұл қабаттың жоғарғы бөлімі түйіршіктер
мен құрткесектерге бөлінеді, төмен қарай олардың
көлемі үлкейе береді. Екінші қабат жоғарғы қабатқа
қарағанда ашығырақ, бірақ екеуінің анық шекарасын
ажырату қиын. Бұл горизонтта қарашірік аздау. Оның
құбалау түсі анық көрінеді,ал төмен қарай онан да
анық бола береді. Бұл ірілеу кесектерге бөлінеді.Бұл
қабаттың қалыңдығы 30 см. Төмен қарай ол
біртіндеп ашық бола келе теңбіл не тілімше түрінде
сарғылт не сарғыш-саздақ қабатпен,яғни үшінші
қабатпен араласады.Мұнда жоғарғы қабаттардан
шайылып келген тұздардың,көбінесе көмірқышқыл
известің бір бөлігі шөгіп отырады.
Қара топырақтың гумус қабаты неғұрлым
жұқа,гумусы аз болса, оның табиғи құнарлығы да аз
болады. Мұндай қара топырақтар қара топырақ
аймағының ең оңтүстік нағыз құрғақ аудандарында
кездеседі. Бұл топырақтар қара топырақ аймағының
оңтүстік бөлімдерінде тарағандықтан, оларды
оңтүстік қара топырағы деп, ал олардың гумус
қабатының қалыңдығы шамалы ғана болғандықтан
жұқа қара топырағы деп атайды. Жұқа қара
топырақтарда қарашірік көп емес – 4-6 пайыз
шамасында, сондықтан олардың түсі күңгірт-
қоңырлау, ал төменгі қабаттары сарғылттау болады.
Олар жауын-шашын суларына аз шайылады.
Қышқылдан бетіне жақын қабаттарынан,кейде тіпті
беткі қабаттарынан бастап-ақ қайнайды. Қара
топырақтың бетінен бастап қайнауы оның түрлі
қабаттарының жертесерлердің әрекетінен
алмасуы,немесе беткі қарашіріктік қабатын су шайып
кеткен жағдайларда байқалады.
Қорытынды
Қара топырақ өсімдіктер үшін өте маңызды
топырақ болып табылады. Дәнді-
дақылдардың,көптеген
көкөністердің,шөптесін өсімдіктердің, орман
өсімдіктерінің барлығы осы қара топырақта
өседі. Өйткені, қара топырақтың құрамында
қарашірінді болады,ол топырақтың
құнарлылығын арттырады.Сондықтан да
қара топырақ адамзат үшін,жалпы тіршілік
үшін үлкен маңызға ие.
Назар аударып
тыңдағандарыңызға рахмет!
Орындаған : Қабылбекова Азима
ГЕК 2-курс
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz