Ата-анаға құрмет: өлеңдер мен тәрбиелік ойлар


Slide 1

Лебаева Мөлдір Өмірзаққызы

ТЭФ, Кәсіптік оқыту

1 - курс студенті

Ата - ананың қара шаңырағы

Slide 2

Ата - анама

Әкелген бұл өмірге ата - анам,

Қамқор боп әрқашанда арқау болған.

Аялап ақ сүтімен өсірген балапаның,

Міне қазір ер жетті, қамқор саған.

Кішкентайда қылықтары балдай еді,

Енді міне өсіп балаң таудай болды!

Елікті еркелігі қалды артта,

Өрмелеп өрге қарай талпынуда,

Талпынып жетсе егер сол арманға,

Қол ұшын береді әлі талай жанға.

Қанша жаман болса дағы баласы,

Ата - анасын қалдырмайды еш қайда!

Slide 3

Отбасы - табиғаттың

асыл қазынасының бірі!!!

Slide 4

Ата - ананы құрметтеу

Ей, перзентім, ата - ананы құрметтеудің қажет екенін ақыл - ой, парасат тұрғысынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата - ана ғой. Не үшін ата - анамды құрмет жасаймын деп ойыңа алма. Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі . . .

Егер әрбір перзент ақылды және дана болса, ол ата - ананың мейір - махаббатын құрметтеуден бас тартпайды . . . Ата -ананың міндеті - тәрбиелеу және жақсылыққа үйрету.

Ей, перзентім, ата - анаңды ешқашан ренжітуші болма . . . Олардың көңіл - күйіне қаяу салып, қапаландырмағын . . .

Сен ата - анаңнын қарызын ақтау ісіне дін деңгейінен қарамасаң да, адамгершілік, ақыл - ой парасат биігінен қарағын.

Slide 5

Әке туралы жыр

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем - дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңмен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.

Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

Slide 6

Ана туралы жыр Солғанша гүлім күзде тоңып, «Ана!» деп ән слам. Жүрейін мейлі жүзге толып, Бөбекпін мен саған. Қайырмасы: Мама, мама, мама, Мәңгі дос сен ғана, Абзал ана, ана, Көңілің - кең дала. Данасың сен, Дарасың сен. Мақтанатын, Махаббатың.

Slide 7

Мейірімді

Кешірімді

Жанашыр

Ақылшы

Дос

Қамқоршы

Ата - ана

Slide 8

Ата - анаңды

әрқашанда

құрметте !!!

Slide 9

Ұлағатты сөздер

Еңбектегі теңдік ерлі - зайыптылардың рухани жақындығына қолайлы жағдайлар туғызады. Н. Г. Чернышевский

Көршілеріңе күлкі болмау үшін, бәрін де жақсылап ойластырып алып үйлен. Гесиод

Неке адам баласының қажетті жалғастығын қамтамасыз етеді. Лукиан

Теңсіз неке - алдын -ала егілген бақытсыздық дәні. А. Герцен

Slide 10

Ата - анама

мың алғыс !!!


Ұқсас жұмыстар
Ата-анаға құрмет: ұлттық тәрбиелік құндылықтар мен сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған тәрбиелік сағат: ата-анаға құрмет пен отбасылық тәрбиені қалыптастыру
Ата-анаға құрметке тәрбиелеудің педагогикалық мәні
Анаға деген құрмет: Жан ана әңгімесі және сабақ материалы
Отбасы тәрбиесінде ата-ананың тәрбиелік ықпалын күшейту: ата-аналарға арналған тренинг
Отбасы - бала тәрбиесінің алғашқы бесігі: ата-ананың рөлі мен тәрбиелік әдістер
Ата-ана мен қарттарды құрметтеу: тәрбиелік және әлеуметтік мәні
Тілге құрмет - елге құрмет: коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған сайыс сабақ
Қыз бала мен анаға арналған тәрбиелік-танымдық бағдарлама: қолөнер, тіл өнері, сұлулық және аспаздық
Жеті саны мен жеті ата: мәдени-тарихи және тілдік-тәрбиелік сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz