ТАУЛЫ АЙМАҚТАҒЫ ТОПЫРАҚ




Презентация қосу
ТАУЛЫ АЙМАҚТАҒЫ
ТОПЫРАҚ
Қазақстан территориясындағы жазық
жерлер көлемі таулы алқаптармен
салыстырғанда өте көп. Дегенмен
республикамыздың шығысы мен отүстік
шығысында біраз жерлерді таулар алып
жатыр.Олар: Алтай таулары, Жоңғар және
Іле Алатаулары, Қырғыз Алатауы, Оғам,
Қазығұрт пен Қаратау.
Таулы алқаптардың етегінде ені әр жерде
әр түрлі болып, батыстан шығысқа қарай
созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы
белдеуі орын алды. Жазықтағы шөлді дала
зонашасына қарағанда бқл аймақтың тау
етектерінд жатқандықтан, табиғи жағдайы
өзгеше келеді. Бұл белдеу таулы белдеулік
зоналығының ең төменгі сатысы.
Тау етегі шөлді далалы белдеуінен биігірек
алқапта аласа таулы дала белдеуі
басталады. Бұл аймақта таулардың
топырақ климат жағдайларына тигізетін
әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері
500-800 мм жетеді. Мұндай мөлшердегі
ылғал терістік жақтың жазық жерлеріндегі
ешбір аймағында кездеспейді. Топырақтары
да құнарлы, негізіне таудың қара қоңыр
топырағымен қара топырақ, ал Батыс Тянь
Шаньда таудың қоңыр топырақтары.
Орташа таулы, шалғынды орманды белдеуі
таулы далалы белдеуінен жоғары алқапта
жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал мөлшері
жылына 850-900 мм дейін жетеді.
Шалғынды шөптер аса биік болып өседі.
Топырағы аса құнарлы қара топырақ пен
күңгірт қара түсті орман топырағы. Таудың
қара топырағындағы қара шірінді мөлшері
10-12% жетеді. Жер бетінің бедеріне,
аймақтың суқтығына байланыстыегістік
жері өте аз. Жері жазы жайлау мен
шаындыққа қолайлы.
Биік таулы шалғынды және шалғынды
далалы белдеу биіік таулы аймақтарда орын
алады. Бқл аймақтың ауа райы орта таулы
амақтардан суықтау. Ауадан түсетін ылғал
мөлшері орта таулы аймақтан аздау.
Топырақтары биік таулы альпілік және
субьальпілік шалғынды, шалғынды далалы
топырақтар.
Таудан алыс жерледе топырақтың ашық
сұр түсті зонашасы жатады, одан кейінгі
кәдімгі сұр түсті топырақ, ал тауға ең
жақын аймақта күңгірт сұр түсті жіне ашық
қара қоңыр топырақтар зонашасы
кездеседі.

Ұқсас жұмыстар
Топырақтың түрлері
Қазақстанның топырақ типтері
ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Топырақ
Қара топырақты зона
Солтүстік Американың жер бедері
Таулы алқаптың топырақтары
Алматы облысы Көксу ауданы Үйгентас ЖШС топырақтары және оларды ауылшаруашылығында пайдалану
Биік таулы
ӘЛЕМНІҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫ
Пәндер