Балалардағы жүйке жүйесінің ерекшеліктері



С. Ж Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Кафедра : Анатомия
Балалардағы жүйке жүйесінің ерекшеліктері.
Орындаған:Танатарова А. К.
Тексерген: Н. С.

Жоспар:
I. Кіріспе
Нерв жүйесінің дамуы.
II. Негізгі бөлім:
Жаңа туған нәрестенің нерв жүйесінің ерекшеліктері.
Бас сүйегі мен мидың даму ақаулары.
III. Қорытынды

Баланың өмірі, өсуі мен дамуы оның жарық дүниеге келген күннен басталмайды, ұрықтана бастаған кезінен басталады. Орталық нерв жүйесінің дұрыс қалыптасуы және оның одан кейінгі әректтері негізінен көптеген әсерлерге, соны ң ішінде ұрықты ң даму жағдайына байланысты.
Эмбрион мен ұрық миының дамуын әдетте үш кезеңге бөледі:
Ұрықтық кезеңнің бірінші триместірі- нерв жүйесінің алғашқы белгілері 3-ші аптада пайда болады. Алғашқыда ол пластинка сияқты болып ұрықтың арқа жағында орналасады. Жиектері қосылғаннан кейін пластинка нерв түтігіне айналады, оның алдыңғы жағы бірінен соң бірі үшке бөлінеді. Олар ми көпіршіктері деп аталады. Одан кейін алдыңғы және артқы көпіршіктер ортасынан бөлінеді де, бес ми көпіршіктері пайда болады. Алдыңғы ми көпіршігі мен ми жарты шарларында, 2-ші көпіршік арлық мида, 3-ші көпіршік-орталық мида, 4-ші көпіршік-Варолиев көпірінде және мишықта, 5-ші сопақша мида орналасады.

4 апталык жуктилик

Ұрықтың нерв жүйесі тез өседі. Екінші айдың басында ми мен жұлынның барлық бөліктері қалыптасып үлгереді. Мидың жарты шарларының құрлысы өте тез өсіп жетіледі. Қатпарлары пайда болып, қыртыс қабаттары жекелене бастайды. Көру бұдыры мен капсула бөлінеді, мишық қалыптасып, қан тамырлары жетіле бастайды.
Ұрықтық кезеңнің екінші триместрі-бұл кезеңде құрылымдар өте тез өсіп морфологиялық жетіледі. Алтыншы айда ұрықтың миының сыртқы көрінісі ересек адамның миына ұқсас болып келеді. Бұл сатының ерекшелігі ішкі қуыстары мен мидың сыртқы қабаттарының арасында байланыс пайда болады. Вестибульярлық аппаратының құрылыстық және әрекеттік жетілуі, пирамидалық жолдардың миелинизациялау процессі басталады.
Ұрықтық кезеңнің үшінші триместрі- мидың бүкіл бөліктері өсіп, мидың жарты шарларының қатпарлары мен сайлары тереңденіп, күрделенеді. Ми қабатында клеткалық жіктелу басталады, пирамидалық жолдардың миеленизациясының алғашқы белгілері пайда болады. Ми қанмен қоректенуге көшеді.

Мидың тез өсуіне байланысты қалыптасуының қауіпті кезеңдері болады:Ұрықтанудың 7-8 күні, 3-13 аптада мүшенің толық жүйе түрінде қалыптасуы және 18-22 аптада мидың биоэлектрлік жұмысы мен бейнелістік реакцияларында саралы өзгерістер жүреді. Осы кезеңдерде қатаерлі фокторлардың әсер етуіорталық нерв жүйесінің ауытқуларына әкеліп соқтыруы мүмкін. Нерв жүйесінің кейбір бөліктері туған күнен бастап жетілген болып келеді, ол ересек адамның жүйке жұйесіне ұқсауы мүмкін және керісінше миды ң кейбір құрылымдары тек қана туғаннан кейін жедел дамиды.

Жаңа туған нәрестенің миы үлкен, аумақты болып келеді. Салалары мен қатпарлары ірі болады, бірақ аласа және тайыз болып келеді. Ұсақ қатпарлар негізінен сәби туғаннан кейін пайда болады. Маңдайлық бөлігінің көлемі үлкен кісінікімен салыстырғанда көп кіші, ал желкелік бөлігі керісінше үлкен. Мишық әлсіз дамыған жұқа болады, жарты мидың көлемі кішкентай және жоғарғы қатпарлары да сондай болып келеді. Бүйір қарыншалары өте үлкен, кең болады.
Жаңа туған нәрестенің миының сұр заты ақ заттан нашар бөлінген, яғни нерв клеткалары негізінен ақ затта орналасады. Жасқа байланысты орналасу топографиясы, түрі, салалардың, қатпарлардың саны мен көлемі өзгереді. Әсіресе, бұл процестер алғашқы бірінші жылда қарқынды жүреді. Сонымен, мидың жарты шарларының аумағы 10-11 жасқа келгенде 1, 2 есе, сайлардың ұзындығы 2есе, қабық көлемі 3, 5 есе үлкейеді екен.

Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым нерв жүйесінің өсу қарқыны тез жүреді. Әсіресе, бірінші үш айда өте тез өседі. Нерв клеткаларының жіктелуі 3 жасқа дейін жүреді, ал мидың қабығ ы 8 жаста құрлысы бойынша ересек адамның ми қабығына ұқсас болады.
Миеленизациялану процессі ұрықтық кезеңнің 4-ші айында басталғанымен бір қалыпты жүрмейді. Төменгі жолдардың миеленизациялануы тек 6-шы айда басталса, ал пирамидалық жолдардың миелин талшықтары 9-шы айда пайда болады. Өте тез миелинизациялану туғаннан кейінгі 1 жылдың аяғы мен 2 жылдың басында, бала жүре бастаған кезде жүреді. Негізінен миеленизациялану процессі 3-5 жаста тоқтайды. Бірақ одан кейін де, мидың кейбір талшықтары миелин қабатына оралмай қалуы мүмкін. Яғни, ересек кезде ғана толық миелинизация тоқтайды екен. Мыалы:тангенциялды жолдардың миелинизациясы 30-40 жаста тоқтайды. Миеленизациялау процесі аяқталмай қалса, қозу жылдамдығының нерв талшықтары арқылы өтуі баяулайды.

Ми қабықтары пайда болған кезде ми қарынша-ларда қалыптаса бастайды. Оң және сол мидың жарты шарларында I және IIқарыншалар анық-талады. (Бүйірлі сопақша мида III қарынша) . Орталық мидағы қуыстар каналға, Uжүргізгішке (сильвив) айналады.
Нерв жүйесінің даму барысында мидың құрамында да әжептәуір өзгерістер болады. Судың мөлшері азайып, белок, нуклейн қышқылы, липо-протейдтер ми құрамында көбейеді. Липо-протейдтердің көбеюі тек мидың ақ затында байқалады. Ол онда жүріп жатқан миеленизац-ияланудың 50% құрайды. Бірінші жылы мидың ақ затында липидтің жалпы мөлшері 3 есе, церебре-зидтер 10 есе артады. Ал, лецетиннің мөлшері негізінен өзгермейді. Баланың өсуі барысында ми тканінде белоктың жиналу процесі одан әрі жүре береді.

Балалардың жасына байланысты мидың химиялық құрамы(Салмағының пайызы есебінен) (А. В. Мазурин, И. М. Варонцов 1985)
Құрамы
Ұрық
Емшек жасындағы балалар
IIIай
VII ай
I ай
3 ай
8 ай
Ересек адамдар
Су
Құрғақ қалдық
Майлар
Фосфотидтер
Сульфатидтер
Церебразидтер
Холестерин
Белоктар
91. 93
8. 09
1. 78
1. 04
0. 16
0
0. 58
3. 77
90. 56
9. 44
2. 48
1. 24
0. 27
0. 015
0. 97
3. 98
88. 09
11. 91
3. 71
1. 91
0. 25
0. 02
1. 53
4. 57
87. 03
12. 97
4. 24
1. 74
0. 5
0. 3
1. 7
5. 29
85. 81
14. 19
6. 07
3. 17
0. 5
0. 49
0. 91
6. 09
77. 32
22. 68
12. 44
5. 68
1. 84
1. 29
3. 63
8. 03

Ұрықтық кезеңнің 1-2 айында ми қарынша-ларының қуысында маңызды құрылымдар -тамыр өрімдері пайда болады. Тамыр өрімдері белгілі бір ретте қалыптасады.
Эмбрионның ұрықтық кезеңінде 1-ші айда, әуелі III- IV, содан соң бүйірлі қарыншаларда өрімдер пайда болады. Олардың негізгі әрекеті жұлын сұйығын (ликвор) өндіру. Бұл алғашқы күндердің өзінде жетіліп келе жатқан мидың қуыстарын толтырып тұрады.
5 айға дейін мидың бүкіл қуыстары тұйық жүйе түрінде болады да, «физиологиялық гидроцефалияның» пайда болуына әсерін тигізеді. Тек 5-6 айда 3-ші тесік (Мажанды және Лушки) пайда болғаннан кейін ликвор мидың сыртқы бетіне тарала бастайды.

Мидың үш қабығы болады:қатты, торлы және жұмсақ. Жаңа туған сәбиде мидың қатты қабығы жұқа, бассүйек негіздерінің сүйектеріне жабысқан болып келеді. Ересек адамдармен салыстырғанда көктамыр қуыстары жұқа қабатты және жіңішкелеу. Жұмсақ және торлықабаттары өте жұқа, субдуралды, суборохнойдалды кеңістіктер кішкене болады.
Жұлын бойында екі жуандау жері болады-біреуі мойын, екіншісі бел бөлігінде. Осы жерлерден көптеген қуатты түбірлер шығады. Олар қол мен аяқтың шеттік нервтерін құрайды. Жұлында ми сияқты 3 қабықпен оралған. Ұрықтың 4-ші айлығында жұлынның әрбір сегменті алдыңғы және артқы түбірлер жұбымен аттас омыртқаның тұсына сәйкес келеді, ал жұлын жұлын каналында орналасады. Оның түбірлері омыртқалар арасында тесіктен түбірлер түзеп шығады. Ұрықтың, ал кейін баланың өсуіне байланысты, жұлын каналы жұлынға қарағанда тезірек өседі. Сонымен қатар, жұлын сегменттері мен омыртқалардың қалпы әжептәуір өзгерістерге ұшырайды. Жаңа туған сәбидің жұлыны III бел омыртқаның төменгі жиегіне жетеді, ал ересек кісінікі- II бел омыртқаның жоғарғы жиегінің тұсында орналасады. Түбірлер тесіктерден шыққандықтан, осыған сәйкес түбірлердің бөлінген жері мен омыртқа каналынан шығатын жерге дейігі жолы ұзарады.

Балалардың жұлынының салмағы мен ұзындығы (А. В. Мазурин, И. М. Воронсов)
Жасы
Ер балалар
Қыз балалар
Жасы
Ер балалар
Қыз балалар
Ұзындығы см
Салмағы г
Ұзындығы см
Салмағы г
Ұзындығы см
Салмағы г
Ұзындығы см
Салмағы г
Жаңа туылғандар
14
-
14
-
3 жасар
21, 2
13, 0
20, 9
13, 6
1 айлық
15
3, 9
14, 2
3, 8
5 жасар
24, 9
15, 7
22, 9
14, 8
2-3 айлық
16, 5
5, 0
16, 0
4, 6
7 жасар
27, 9
19, 8
24, 7
18, 2
4-6 айлық
17, 2
7, 1
16, 9
6, 1
Ересек адамдар
45
26-28
42-43
26-28
7-10 айлық
18, 4
8, 2
17, 5
7, 5
11-15 айлық
19, 9
10, 7
18, 0
-

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz