Сырым Датұлы Басқарған кіші жүздегі көтеріліс


Slide 1

Сырым Датұлы Басқарған кіші жүздегі көтеріліс.

Slide 2

Сырым Датұлы көтерілісі патша үкіметіне қарсылығы.

Сырым Датұлы басқарған көтеріліс патша үкіметіне қарсы бағынышталған ең алғашқы көтерілімізді ең алғақы көтеріліміздің бірі еді. Осы көтерілістің әралуан шығу себептері бар. Соларға тоқтала кетейік.

Бірінші себебі : көтерілістің негізгі себебі жер мәселесі еді.

Патша үкіметінің отаршылары Кіші жүз жеріне бірнеше қорғандар салған еді. сол қорғандар арқылы олар құнарлы жерлерді иелене бастады .

Негізінде мал шаруашылығымен айналысатың қазақтар бірте-бірте өз жерлерінен айырыла бастады. Жер қазақ халқы үшін ең бір басты, үлкен мәселе болды.

Slide 3

Екінші себебіне тоқтала кетсек -қазақ халқы өз жерінде еркін жүре алмады, бірте-бірте бас бостандығынан айырыла бастады. Кейбір феодалдар патша үкіметінің жарлықтарына бас ұрып, өз халқының мүддесін ойлаудан аулақтана түсті.

Үшінші бір себебі-Кіші жүздің солтүстігінде орналасқан ондаған қамау-қоршалаудан әлсін-әлсін жасаған қазақ-орыс шабуылдары қазақ халқының ауылдарын талап, маза бермеді. Содан соң жалпы Қазақстан бойынша Қазақстаның солтүстік жерлері патша үкіметінің қолына көше бастады.

Төртінші себебі ең негізгі еді. Кіші жүз ханы Нұралы билер жиналысын өткізбей, барлық мәселелерді өзі шешуге тырысты. Әсіресе Орал қазақтарының әскербасшысы атынан Чагановтың қазақтарға деген өктемдігі шегіне жетті.

Slide 4

Кіші жүз халқының арасындағы толқулар.

Осындай себептерге байланысты Кіші жүз халқы арасында толқулар бола бастады. 1783 жылы патша үкіметтінің отарлық саясатына қарсы ұлт-азаттық көтеріліс Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан старшина, халық арасына беделі мол, соғыс тәсілін жете меңгерген, өзінің ертлігімен, батылдығымен көзге түсті, халықтың ой-арманын білдіре алатың Сырым Датұлының сарбаздары онша көп еді, бірақ көп кешікпей Кіші жүздің әр руынан көптеген қол келіп қосылды.

Олар мыналар:

Көтібар сұлтан.

Бекет батыр.

Жоламан Тіленшіұлы басқарған сарбаздар еді.

Slide 5

Жалпы көтерілісшілер саны 6 мың адамға жетті. Көтерілісшілердің бар арманы ірі жау бекіністерін құрту болаттың. Алайды шабуыл жасалар күнді Нұралы хан патша үкіметіне хабарлап қойған еді. Сөйтіп 500 адамдық қазақ жасақтары Сахорное, Илецкое қамалдарына шабуыл жасаған болатын. Жаудың күні бұрын әзірленуіне байланысты көтерілісшілері қамалдарды ала алмады. Осы сәтсіз шабуылдан кейін Сырым Датұлы ірі шабуыл ұйымдастырмай, партизандық соғыс әдісіне көше бастады. Сырым Датұлының партизандық соғысы Нұралы ханды аса қорқытты. 1786 жылы Нұралы хан қолынан ешқандай іс келмейтін, қауқары жоқ дәрменсіз ханға айналды. Қолынан ешқандай іс келмейтін, дәрменсіз ханды екінші Екатерина арнайы жарлықпен ханның тағынан тайдырды.

Slide 6

Сырым Датұлының көтерілісшілерге қайта қосылуы.

Сырым Датұлы көтерілісшілерге қайта қосылып, халық қозғалысын басқаруға кірісті. Сырым Датұлы генерал -губернатор Петлинге жазаған өз хатында патша үкіметінің халықты алдап-арбау арқылы басқаруға кіріскенін атап көрсетті.

‘Біз башқұрттар, ноғайлар сияқты патша үкіметіне үндемей бағына алмаймыз, сондықтан да патша үкіметінің қазазақтарға деген саясатына барынша қарсы күресеміз’, -деп жазды.

Slide 7

Сырымның 1792 жылы Илецк қорғаның жаулап ала алмауы.

Сырым Датұлы, 1792 жылы күз айында көтерілісшілер тобы Илецк қорғаның жаулап алуға тырысты. Алдын ала Илецк қорғанындағы қазақ -орыстар дайындалып отырғандықтан 29 қыркүйек 1792 жылы Сырым Датұлы, басқарған көтерілісшілердің мыңға жуық адамдары Илецк қорғанына шабуыл жасағанымен, қорғанды басып ала алмады. Осы бір сәтсіз шабуылдан кейін көтерілісшілер көтеріліс жасаудың әдістерін өзгертуге мәжбүр болды. Сырым Датұлы бастаған көтерілісшілер керек кезінде жеңіл жасақтарға бөлініп көтеріліске қарсы шықан, патша үкіметінің малайына айналған сұлтандар мен билердің, өз халқының мүддесін сатқан старшиналарды, хан тұқымының ауылдарын шабуға кірісті.

Slide 8

Көтерілісшілердің күрес әдетіне өзгертуі, олардың партизандық қозғалысқа бой ұрғандарын көреміз. 1794 жылы жаз айында Ералы хан дүние салды. Патша үкіметі Ералы ханның өлімінен соң ұзақ уақыт келесі хан тағайындауға асықпады.

1794 жылдан 1796 жылға дейін Кіші жүзде хандық билік өкімет болмай, ел билігі старшиналар мен билер қолына көшті. Тек 1796 жылы қазан айында жекелеген аз топ билердің ұйғаруымен Кіші жүз ханы болып Нұралы ханның ұлы Есім сайлаған еді. Жаңа сайланған хан Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалысты толық басып тастауға барлық күш-жігерін пайдаланды.

Есім хан көтерілісшілердің бірқатар басшыларын тұтқындап та үлгерді. Алайда осы жағдай халық қозғалысын тоқтата алмады. 1795 жылдан 1796 жылдары қыс айларында Кіші жүзде халық үшін стихиялық үлкен апат ‘Жұт ’ басталды. Осы жұт нәтижесінде жүздеген ауыл адамдарының көптеген малының қырылуына әкеліп соқты.

Slide 9

Сол кездегі іс-қағаздарын жүргізуші Т. Фатухлин ауылдарды аралап келіп, былай деп жазған еді: ‘Кейбір шаруалар жұттың әсерінен аисыз қалды, кейбіреулері бір қойсыз, түйесіз қалды, кейбір кедейлердің ақырғы қолдағы малдары қырылды, осының әсерінен жаз балалар өлімі күннен-күнге ауылдарда көбейді. ’ Қарапайым халық басына түскен қайғы-қасіреттің негізгі себепшісі хан түсінді.

Сондықтан 26-27 наурыз күндері көптеген жасақтарының бірі хан ордасына шабуыл жасап, ханның ауылын ойрандап, Есім ханды өлтіріп тыңды. Ханның туысқандары қашуға мәжбүр болды. Ханның өлтірілуін ести сала, патша үкіметі Олар қазақ-орстарының атаманы Дансковқа көтерілісшілерді жазалап, хан туыстарың қорғауды бұйырды. Кіші жүздің -Есімнің көтерілісшілер қолынан қаза табуы патриархалдық феодалдық билеуші топты қатты қорқытты.

Slide 10

Сондықтан Кіші жүздің билеуші ірі феодалдары патша үкіметімен ымырыға келуге әзір екендігін, егер патша үкіметі жаңадан хан тағайынданса, сол ханды хан деп тануға әзір екендігін білдірді. Кіші жүздің көптеген ірі руларынын старшиналары атаман Дансков және Бөкей сұлтан көтерілісшілерге қарсы жазалау экспедициясын ұйымдастырғанда оған белсене қатысты.

1796 жылы желтоқсан айына патша үкіметі Орын бор губерниясы қалпына келтірүге жарлық берді. Осыдан кейін әскери губернаторы болып барон Игельстром қайтадан тағайындалды. Әскери губернаторға Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыстарда басу тапсырылды. Патша үкіметі халықтың көңілін табу үшін хан кеңесін ұйымдастырды.

Slide 11

Хан кеңесінің мүшелеріне алты старшина және патша үкіметінің басқару аппаратының төрағасы Лизатий Құсайынов кірді. Кіші жүзде хандық кенестің құрылуы қарапайым халықты алдау мақсатында патша үкіметінің түлкібұлан саясаты еді.

Хан кенесіне 1797 жылы тамыз айында мың жасағы бар Сырым Датұлы келді. Хан кеңесінің осы бір мәжілісінде халықтың ауыр жағдайын ескере келіп, Сырым Датұлы өзінің көтерілісін тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл көтеріліс алдына қойған жекелеген мақсатың орындады.

1802 жылы Хиуа хандықтарына барып келе жатқан Сырым Датұлы -қазаға ұшырады. Сырым Датұлы қасиетті адам. Оның моласына қонған адам дертті болса, ол тез жазылып кеткендігін ел аузынан естуге болады.

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Исатай мен Махамбет басқарған көтерілістің басталу себептері.

Еділ өзенінің төменгі Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ ру-тайпалары мекендеген болатын. Оны қазақтар Қалмақ қыры деп атады. 1771 жылы бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі Қазақстан жері арқылы өздерінің туып-өскен отаны - Жоңғарияға барып қосылды. Ал, екінші бөлігі батысқа қарай ығысып, Дон даласына көшіп кетті. Осы босап қалған жерге 1801 жылдан бастап, патша өкіметінің рұқсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған бес мың қазақ шаруашылықтары қоныс аударды. Мұның өзі Ішкі /Бөкей/ орданың құрылуына бастапқы негіз болды.

Патша үкіметінің жергілікті феодалдар мен шонжарларға сүйене отырып, барынша күш сала жүргізген саясаты орталық езгінің күшеюіне, қазақ бұқарасының наразылығына әкелді.

Slide 15

Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс помещиктері ең құнарлы жерлерді өздеріне алып алған-ды. Кедей шаруаларға құнарсыз жерлер тиді. Бір ғана Жәңгір хан 400 мың десятина жерді өз иелігіне қаратты. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов сияқтылар орасан көп жерлерге иелік етіп, оған қоса жерді пайдаланғаны үшін шаруаларға салық салды, елдің қанын сүліктей сорды.

Көтерілістің басында Беріш руынан шыққан белгілі батырлар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы тұрды. Исатай 1791 жылы туған. Оның жігіт болып қалыптасуына нағашысы Жабай Бегалин зор ықпал жасады. 1808 жылы Исатайдың руы Ішкі Ордаға көшті. Исатай Тайманұлының ең жақын серігі - ақын Махамбет Өтемісұлы (1803-1846 жж. ) . Оны анасы Қосуан тәрбиелеген. Ол татар және орыс тілдерін білген, Хиуада болған, Орынборда тұрған. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф В. И. Дальмен таныс болған Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген оқымысты-саяхатшы Г. С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасаған.

Slide 16 Slide 17

1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшин етіп тағайындайды. 1814 жылдың аяғында оны Орынбор Бекара комиссиясы бекітіп, уақытша жарлықпен оған мөр тапсырады. Бірақ 1817 жылы Исатай старшин Өтеміс Құлманиязовты тонады деген жаламен қамауға алынып, абақтыға отырғызылады. Одан 20 мың сом кепі беріп, босап шыққан Исатай 1818 жылы старшин ретінде Бөкей ордасы өкілдерінің Ұялыдағы съезіне қатысады. 1823 жылы Исатайды сұлтан Шығай Нұралиев қамауға алады, оған кісі өлтірді деген айып тағады. Атырау бекінісінен келген Дон қазақтарының конвойы Орынборға әкетеді. Жол бойында Исатай конвойдан қашып шығып, елге оралады. Бірақ, осыдан кейін де Жәңгір ханның Исатайдың соңына түсуі тоқтамады. Өйткені Исатай батыр халықтың мүддесін қорғап, қарапайым шаруалардың жерсіздігі мен байлардың озбырлығына душар болуына байланысты әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресті одан әрі жалғастырды.

Slide 18

Бұл күрестің күшеюіне, әсіресе, 1833 жылы Жәңгір хан өз қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлы Каспий теңізі өңірінде көшіп жүрген қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы себепші болды. Қарауылқожаның қазақ шаруаларына рақымсыздығы, шектен шыққан бассыздығы, Жәңгір және оны қоршаған феодалдық күштердің халық мүддесімен санаспауы, таптар арасындағы әлеуметтік тартысты жылдан-жылға шиеленістірді. Қарауылқожаның үстінен түскен бұқара халықтың шағымдарына Жәңгір хан мән бермей, жауып тастап отырды. Бұған қоса Ішкі Ордамен іргелес орыс бекіністерінің салына бастауы, патша шенеуніктері мен помещиктері озбырлығы халықтың наразылығын күшейтті. Қазақ шаруаларының екі жақтан бірдей қанауға түсуі халықты тек өз феодалдарына ғана қарсы емес, сонымен қатар Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы шығуына итермеледі. Сөйтіп, қозғалыстың басты мақсаты - хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын біршама жақсарту патша өкіметінің отарлау саясатын тоқтату еді.

Slide 19

Көтерілістің барысы және оның жеңіліспен аяқталуы

Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі өзінің дамуында басты үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдарға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңі ретінде сипатталады. Екінші кезең - көтерісшілердің ханға қарсы /1837 жылдың бас кезі/ аттануынан бастап, олардың жеңіліске ұшырауына - 1837 жылғы қараша айының орта шеңіне дейінгі кезеңі. Үшінші кезең - Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтуінен /1837 жылғы желтоқсан/ жаңа ұрысқа күш жинаудан Ақбұлақ-Қиыл өзені маңындағы ұрыста біржолата жеңілуге дейінгі /1838 жылғы шілде айының орта кезі/ уақытты қамтиды.

Slide 20

1836 жылы ақпанда халықтың хан сұлтандарға қарсы наразылығы күшейіп, ашықтан-ашық шайқасқа қарай бет алды. Бұдан шошынған Жәңгір хан қозғалысты бастап, дем беруші Беріш руының қоныстарына бірнеше қожа мен старшин жіберіп, көтерілісті тоқтатуды талап етті. Исатайға жазған хатында хан түлкі бұлаңға салып, “дос едік қой, патшаға адалдыққа ант беріп едің ғой, бүлікті тоқтат, хан сарайына кел, татуласайық, әйтпесе іс насырға шабады” - дейді. Сонымен қатар ханның жандайшабы Қарауылқожа 1836 жылғы наурыздың 24-не қарай 800 адамдық қол жинайды да, жайлауға көшіп кеткен Исатай ауылын шаппақ болады. Бұл кезде хан Исатайға екі адам елші жіберіп, дереу келсін деп бұйырады. Бұған Исатай Қарауылқожа жасақтарын таратса ғана барамын деп шарт қояды. Хан осы шартқа көнгенсіп айлаға көшеді. Оған сенген Исатайдың аңқау ауылы бұрынғы қонысына көшіп келе жатқанда, 1836 жылдың 4-сәуірінде Қарауылқожа мен старшин Дүйсенбай бастаған отряд алдынан шығады.

Slide 21

Мұны көрген Исатай көшті тоқтатып, қорғанысқа дайындалады. Алайда, Қарауылқожаның шабуылға шығуға батылы жетпей кейін қайтады. Өйткені ол да, Жәңгір де жеңіліп қаламыз ба деп қорыққан. Ондай жағдайда халықтың рухы өсетінін және орыс әкімшілігіне хан билігінің масқара болатынын олар жақсы түсінген-ді. Қарауылқожа Исатай ауылын шаппаса да алты күн қоршауда ұстап тұрды. Бұлай созыла берсе кісілер де, мал да аштыққа ұшырайтынын сезген Исатай тәуекелге бел буды. Ол 200 жігітті бастап, Қарауылқожаның Қиялыдағы тұрағына жақындап келді. Бәрі де екі жақтың көз алдында бетпе-бет тұрысты. Әбден ашынған екі жүз сарбазды жеңе алмасын білген Қарауылқожа қулықпен уақыт оздырып, ханға ақыл сұрап кісі жібереді. Исатай ханның жауабын күтпейтінін айтты да, түнделетіп сарбаздармен ауылына қайтып кетті. Көтерісшілердің батылдығы мен бірлігі Қарауылқожаны састырды.

Slide 22

1836 жылы мамыр айында оқиғаның барысы күрт өзгерді. Бұл кезде Күшік Жапаров деген шалды біреу өлтіреді. Тергеу ұзаққа созылса да, қылмыскер табылмайды. Жәңгір мен оның жандайшаптары мұны өз мақсатына пайдаланып қалуға тырысып, бұл қылмысты Исатай мен Махам- бет жасады деп жала жабады. Орыстың қылмыс кодексі бойынша кісі өлтіруші қатаң жазаға тартылатын. Тергеу кезінде Исатай да, Махамбет те бұл істі мойындарына алмады.

Жазға қарай Исатайдың ауылына хан, сұлтандардың озбырлығына, әділетсіздігіне шыдамай нарызы болғандар ағылып келіп жатты. 1836 жылдың қазан айының аяғында Исатайдың туы астына қосымша 20 ауыл көшіп келді. Олар әр түрлі рулардан еді. Бәрі Исатай мен Махамбеттен әділеттік іздеді. Енді одан әрі төзуге болмайтын еді. Исатай хан ордасына барамын деп шешті.

Slide 23

Бұл сапарда Исатай жалғыз болған жоқ. Оның қасына Махамбет, Иса, Тінәлі, Есмағамбет, Рахмет, Құба, Амаштай, хатшы ретінде Исатайдың ұлы Жақия ерді. Жол бойы оларға ханға барып ру басшыларына шағым айтқысы келген көп кісілер қосылып, жүз қаралы адам жиналды.

Исатайдың келе жатқанын естіген хан оның алдынан бірнеше старшин жіберді. Бұлар Исатай тобымен хан ордасынан 100 щақырым жердегі Толыбай құмында кездесті. Хан Исатайға кері қайтсын деген екен. Жаналыұлы деген сұлтаннан Исатай қолхат алып тұрып, көптің көзінше халықтың ханға қоятын талабын бажайлап айтып берді. Бұл талаптарды ханның орындамайтынын білген Исатай, оның қаншалықты қаныпезер екеніне жұрттың көзін жеткізіп, ханға деген сенімін сейілткісі келген.

Жәңгір хан Орынбор бекара комиссиясына Исатай мен Махамбетті әскер күшімен ұстап алып кісен салып, жер аудару керек деп қайта-қайта талап қойды. Исатай мен Махамбеттің халық мұңын жоқтаушы ретінде абырой-беделі аспандап, даңқы қазақ даласына кеңінен тарады.

Slide 24

Жәңгірдің маңындағылар Исатай, Махамбетті қудалаумен тынбай, оған арыз айта барғандардың малдарын тартып алып, күзгі шөбін өртеп, оларды қыспаққа алды. 1836 жылы қазан айында Қыпшақ руының мың үйі, 200 адамы, көптеген малы мен шөбі өртеніп кетті. Қарауылқожаның сөзін сөйлейтін старшындар патшаға Исатайдың үстінен арыз жазып, осы пәленің бәріне кінәлі Исатай Тайманов деп көрсетті.

Ордадағы оқиғалар 1836 жылдың аяғында Петербург сарайына әбден белгілі болды. Астрахань губернаторының граф Чернышевқа хабарынан көтерілістің үдеп бара жатқанына наразылық білдірген І Николай патша “бүліктің” басшыларын қатаң жазалауды талап етті. Орынбор генерал-губернаторы В. А. Перовский көтерілісті басу үшін подполковник Гекенің басқаруымен әскери күш бөлді. Оған Жайық қазақ-орыс атаманы Покатиловпен және Жәңгірмен бірігіп көтерілісті жаншуды тапсырды.

Slide 25

Исатайдың басына мазасыз күндер туды. Хан жағындағылар халықты талап, талайларды жазықсыз таяққа жықты. Жапа шеккендер әділдік іздеп Исатайға келді. 1836 жылғы қарашада Жапаровтың өлімі жөніндегі іс қайта қозғалды. Старшина Сиротин, депутат Чукшин дегендер жауап алғанда, Исатай: “Менің Қарауылқожаның озбырлығын тоқтатуға әрекеттенгенім, старшындардың қарапайым халықты зәбірлеуіне қарсы болғаным рас. Бірақ сексендегі шалды өлтіруге ешбір қатысым жоқ”, - деп мәлімдеді.

Қазақ жігіттерінің күшімен Исатай, Махамбеттер 1837 жылы қазан айында ханның қайын атасы Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Малдарын алып, өздерін қашуға мәжбүр етеді. Ханның кеңесшісі, Ордадағы ең бай феодалдардың бірі - Балқы ауылының талануы көтерісшілердің қатарының өсуіне әсер етті. Сол жылғы қараша айында Исатай мен Махамбет хан ордасын шабуға бел буып, өз шоғырымен Ордаға аттанды. Исатайдың екі мыңнан астам сарбаздары хан сарайын қоршауға алған кезде ханның әскер күші аз болды.

Slide 26

Оны халық жасақтары бір ұмтылғанда-ақ жайпап кететін еді. Исатай кешірім сұрап, бәйек болған хан сөзіне алданып бірнеше күнді боса өткізді. Сол екі арада ханға Орынбордан әскер күші көмекке келіп жетті. Исатай ханнан Балқы би мен Қарауылқожа сұлтанды төңірегінен аластауды, билікті ру старшындарына беруді талап етті. Бұған хан көнбеді, өйткені ол осы тұста келіп үлгерген подполковник Геке бастаған казак-орыс шоғырларымен Исатайға қарсы тұра алатын халге жетті. 700 казак-орыс, екі зеңбірек, ханның 400 сарбазы Исатайларға тегеурінді қарсылық көрсетті. 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас басталғанда көтерілісшілер казак-орыстарды біраз ығыстырды. Арғымақ атпен алмас қылышын кезек сілтеп жау ордасына кірген Исатай олардың көбін жайпап тастады. Сол кезде Геке зеңбірекпен атыңдар деп бұйырды. Сөйтіп, шайқастың барысында аласапыран басталды.

Slide 27

Зеңбіректердің гүрсілдеген қорқынышты үні, снарядтардың Исатай жасақтарының арасында жиілеп жарылуы көтерілісшілердің жеңілуіне тікелей себепші болды. Алпыс жігіттен айырылған, мықты қаруланған жазалаушылардың күшіне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Күші басым жаудың қолына түспес үшін Исатай аз ғана топ жігіттерімен шегінуге мәжбүр болды.

Көтерілістің жеңілуіне өздерінің ұсақ мүдделерін көздеп қатысқан старшындар мен билердің сатқындығы да әсер етті. Олар Гекенің үндеуіне сеніп, көтерілісшілер қатарын шайқас алдында тастап кетті. Исатай тобының Тастөбе түбіндегі жеңілісі көтерілістің кейінгі барысына да кері ықпалын тигізді. Көтерілісшілер қатары азайып, Исатайдың төңірегінде бар болғаны ондаған өзіне берілген серіктері ғана қалды. Олар көптеген мал. -мүлкінен айырылды. Бұл сәтсіздік шаруалар қозғалысын қожыратып қана қоймай, үлкен қасіретке душар етті.

Slide 28

Жәңгір хан Исатайды ұстап берген кісіге 500 сом күміс ақша беремін деп жариялады. Көтеріліс шағын-шағын топтарға бөлініп тарап кетті. Исатай мен Махамбет қуғыннан құтылу үшін, Жайықтың арғы жағына өтудің амалын қарастырды. 1837 жылғы желтоқсан айында Исатайдың тобы Жайықтан өтіп, Сарторғай, Қарақұм, Тайсойған мекендері, Ойылдың сағасын басып өтті. Жазалаушы жасақтан араларын қашықтату үшін, Сағызға қарай тартты. Жазалаушылардың қуғыншылығы он сегіз күнге созылды. 1838 жылдың қаңтарында Исатай Тайманов өзінің жасағымен Үлкен Борсық құмындағы шекті руының қоныстарына келіп тоқтады. Оған Жайықтан бұрынырақ өткен Науша тобы, Алаша руының атаманы Сарыбөбек қосылды.

Көктем шығысымен жер-жерде қазақтардың қозғалысы қайтадан қанат жайды.

Slide 29
Ұқсас жұмыстар
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
Көтерілістің басталу
СЫРЫМ ДАТҰЛЫ КӨТЕРІЛІСІ
Датұлы бастаған көтеріліс
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы ақпарат
Сырым Датұлы бастаған көтерілістің себептері
Бастапқы сөйлемнің мысалы
Кіші жүздегі көтерілістің басталу себептері және оның барысы
XVIII-XIX ғ. ұлт-азаттық көтерілістер
Өтемісұлы бастаған көтеріліс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz