Ғабит Мүсірепов (1902-1985): өмірбаяны және әдеби-шығармашылық қызметі


Slide 1

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ (1902-1985)

Slide 2

Өмірбаяны

Қазақ әдебиетінің кеңестік дәуірдегі көрнекті қайраткерлерінің бірі - көркемсөз зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.

Ол алғаш өз ауылында ескіше оқып, хат таныған. 14 жасында (1916 жылы) Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне окуға түседі, бұл мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебінде оқьш, жеті жылдық мектептің көлемінде білім алады. 1923-26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында бір жыл ғана оқиды. Содан кейін кеңестік дәуірдегі баспасөз, халық ағарту, көркем өнер мекемелерінде әр түрлі жауапты қызметтерді атқарады.

Slide 3

Ғ. Мүсірепов қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай еңбек еткен академик-классик жазушы болды. Оның осы еңбектері жоғары бағаланып, бірнеше орден, медальдармен марапатталды. Алты мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне, 1958 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. 1974 жылы Ғ. Мүсіреповке кеңес әдебиетін өркендетуде сіңірген еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы берілді.

Ғ. Мүсіреповтің әңгімелері. Жазушының 1930 жылдардың бас кезіндегі көбірек көңіл бөлген тақырыбы - ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесі болды. Оның осы тақырыпқа арнап жазған тұңғыш шығармасы «Қос шалқар» (1929) әңгімесі еді.

Slide 4

Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегі жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінен басталады. Оның жазушылық еңбегіне үлгі болған Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқты орыс классиктері болды. Әсіресе оның шығармашылық еңбегіне ерекше әсер еткен Гоголь, Чехов, Горький сияқты әңгіме, очерк, хикаят, роман жазушы сатириктер еді.

Жазушының шығармашылық жолы

Slide 5

Қазақтың көрнекті жазушысы

Ғ. Мүсірепов шығармаларында кеңестік эксперименттердің екпіні дәстүрлі мәдени-рухани үрдістерді табиғи желісінен айырып, халықтың жанына, сезімі мен жүрегіне ауыр жара салған тұстарын назарынан тыс қалдырмаған. Мүсірепов туындыларында ұлтымыздың тағдырына ізін қалдырып, санасына таңба салған тарихи өзгерістер зерделенген. Оның әр шығармасы тарихи негізде жазылып, отан тарихының қилы кезеңдерінің әдебиеттегі көріністеріне айналды.


Ұқсас жұмыстар
Ғабит Мүсірепов: өмірбаяны, шығармашылығы және қоғамдық қызметі
2011 жылғы қазақ әдебиеті сабағы: Жамбыл Жабаев пен Ғабит Мүсірепов
Қазақ халық музыкасы мен опера: Қыз Жібек операсы және оның авторлары Евгений Брусиловский пен Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсіреповтің туғанына 110 жыл: көркем сөз шебері және әдеби мұрасы
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының тарихы
Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны және әдеби-саяси қызметі
Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры: тарихы және репертуары (1944-1996)
Сәкен Сейфуллин: өмірбаяны, әдеби мұрасы және саяси-қоғамдық қызметі
Ғабит Мүсіреповтің 110 жылдығы: өмірі, шығармашылығы және қоғамдық мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz